2022 жылы біз белсенді демалыстың жаңа тәжірибесін –ел қалалары бойынша экскурсиялық кәсіподақ турларын ұйымдастыруды енгіздік.
Тек Түркістан қаласына көліктің авиациялық түрімен ғана Жергілікті кәсіподақтың 100-ден астам мүшесі жеңілдікті жолдамамен бара алды.
Және айта кететін жайт, кәсіподақ мүшелеріне бұл тәжірибе ұнады, өйткені бұл тамаша демалуға және бір уақытта максималды жаңа әсерлер, білімдер, эмоциялар алуға мүмкіндік береді
Ағымдағы жылда да бұл тәжірибе жалғасады.
Экскурсиялық турларды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелер бойынша облыстың білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ аппаратына 8 (7142) 544492 телефоны бойынша хабарласуға болады.