Қостанай облысының кәсіподақ ұйымдарында болған жазатайым оқиғалар туралы қысқаша ақпарат
Еңбек қатынастарындағы тұрақтылық қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға да байланысты.
Жалпы алғанда Қостанай облысы бойынша 2020 жылы зардап шеккендер саны 140 адамды құрайды. Өкінішке орай бұл сан 26 адамға көбейіп отыр (2019-114 адам).
соның ішінде:
- қайтыс болған 11 адам (2019-13 адам);
- ауыр зақымдалумен 34 адам (2019-42 адам).
2021 жылы – 11 адам, соның ішінде: 2– ауыр зақымдалумен, 1-орташа, 8
жеңіл.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін ұйымдарда 42 адам зардап шекті, соның ішінде: 4– қайтыс болған, 8 –ауыр зардап шеккендер.
Салалық және жергілікті кәсіподақ бойынша бөліну жағдайы келесідей:
«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ҚОФ – 17 адам
«Қазпрофметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық ұйымы» филиалы – 9 адам.
«Локальный профессиональный союз работников предприятий жизнеобеспечения Костанайской области» ҚБ – 7 адам.
«Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ – 4 адам.
«Ақпарат, коммуникациялар және байланыс жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «пошта байланысы жұмыскерлерінің Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымы» филиалы –2 адам.
«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ «Қостанай облыстық ұйымы» филиалы –3 адам.
Қызметкерлердің еңбекті қорғау жүйесін басқаруға қатысуының пәрменді тетігі оларды құру және қызметі, Қазақстан республикасының Еңбек кодексінің 203 бабымен реттелетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестері болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес шешімімен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар бекітіледі. Өкілеттігі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес шешімімен анықталады.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі (ҚР ЕК 1 б. 1т. 1т.);
Қазіргі уақытта Қостанай облысында 793 өндірістік кеңес пен 1029 техникалық инспекторлар және 1264 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлары жұмыс істейді, олар 2020 жылы 6558 тексеру жүргізді, 12 457 бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 360 бұзушылық жойылды.
Ағымдағы жылы облыстың кәсіподақ ұйымдарының жоспарларына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған, олар оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, еңбек күндері, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурстар және басқа да іс-шаралар.
Жұмысшыларға еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың негiзгi талаптарын жеткiзу мақсатында облыстық салалық және жергiлiктi кәсiптiк одақтармен еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың мәселелері жөнінде құқытық жалпы бiлiм беру еңбектi қорғау мәселелерi бойынша белсендi жұмыс жүргiзілуде.
Мысалы, өткен жылы облыстың 576 кәсіпорнынан 13 мыңнан астам адам қамтылды, осы жылы 93 кәсіпорнынан 3 мыңнан астам адам қамтылды. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде азаматтардың еңбек заңнамасының барлық бұзушылықтары туралы хабарлама беруі үшін «Жедел желі» құрылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Кәсіподақ орталығында «Қоғамдық қабылдау бөлмесі» жұмыс істейді, онда кәсіподақ мүшелері еңбек заңнамасы саласындағы барлық бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
Жыл сайын 28 сәуірде Қостанай облысының кәсіподақ орталығы мен салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымы дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған акциялар өткізеді.
Назарларыңызға рахмет!