Бекітемін
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
төрағасы
_________________В. Цымбалюк
«___»_______________2020 ж.
«Еңбек адамы» акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже Еңбек күнін мерекелеу аясында «Еңбек адамы» акциясын өткізу мақсатында дайындалды.
- Осы ереже «Еңбек адамы» акциясына (бұдан әрі-Акция) қатысушылар категориясының мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен өткізу мерзімдерін анықтайды.
- Акция ұйымдастырушысы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ болып табылады.
- Мақсаты мен міндеттері
- Мақсаты мен міндеттері: техникалық персоналдар, бухгалтерлер, аспаздар, кітапханашылар, жұмыскерлер қатарынан білім саласындағы қызметкерлерді материалдық қолдау және құрметтеу.
- Акция қатысушылары
- Техникалық персоналдар, бухгалтерлер, аспаздар, кітапханашылар, жұмыскерлер қатарынан білім саласындағы қызметкерлер.
- Акцияны өткізу тәртібі
- Акция 2020 жылғы қыркүйек айында өткізіледі.
- Қызметкерлер тізімін жинау
- Акция қатысушыларының тізімін бекіту
- Акция қатысушылары «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ грамотасымен марапатталады және 25 000 теңге мөлшерде сыйақы беріледі.
- Акция бойынша қорытындылар БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.