Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді алтын қолдар мен нағыз шеберлікті, адал еңбек және кәсібі мен іске берілгендікті дәріптейтін Еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Білім беру саласының ерекшелігі-әртүрлі мамандық иелерінің басын біріктіруінде.
Білім беру ұйымдарында мұғалімдермен қатар, аспазшылар және медицина қызметкерлері, бухгалтерлер және кітапханашылар, хатшылар мен зертханашылар, шаруашылық меңгерушілері және жүргізушілер, вахташылар мен қоймашылар, кір жуатын машиналардың жұмысшылары және операторлары, кеңсе жинаушылары және басқа да жұмысшылар иық тіресе жұмыс істейді.
Бүгінгі күні мен, күнделікті тынымсыз және өте қажырлы еңбегінің арқасында білім беру ұйымдарымыз таза, жайлы болған, дәмді және пайдалы тамақпен қамтамасыз етілген, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасаған сала қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Сіздердің әрқайсыларыңыздың білім беру саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз өте маңызды және сөзсіз мойындауға лайық!
Адал және ерен еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз үшін үлен рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа еңбек жетістіктері, ал отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!
Құрметпен
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалбюк