«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор»

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары

ызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

кәсіподақ комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 6 хаттамасымен бекітілген

 

«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

 

Жалпы ережесі

  1. Осы ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары арасында (бұдан әрі – Техникалық инспектор) «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағын иелену үшін «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атты облыстық конкурстың (бұдан әрі-Конкурс) өткізу тәртібі мен шарттарын  белгілейді.
  2. Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-«Кәсіподақ»)

 

 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Конкурсты өткізу мақсаты:

– Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың

тиімділігін арттыру (бұдан әрі-ЕҚжЕҚ);

  • жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің,

Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңының және  басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес  қауіпсіз еңбек жағдайларында қызметкерлердің заңды құқығы мен мүдделерін сақтау;

  • өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды азайту;
  • Техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру;
  • Конкурс міндеттері:
  • кәсіподақтың үздік Техникалық инспекторын анықтау;
  • ЕҚжЕҚ мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының орны және рөлін арттыру;
  • Кәсіподақтың үздік техникалық инспекторларының жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату;
  • білім және ғылым ұйымдары басшыларының ЕҚжЕҚ жағдайына және жазатайым оқиғаның алдын алуға назарын күшейту;
  • ЕҚжәнеҚ нормалары мен ережелерінің бұзылуын уақтылы анықтау және жою;
  • Техникалық инспекторлардың қызметін моральдық және материалдық ынталандыру.

 

 

 

Конкурс қатысушылары

 

  1. Конкурсқа өз жұмысында жақсы көрсеткіштерге ие болған, Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысуға құқылы.
  2. Конкурс мына топтар бойынша өткізіледі:

1 топ – мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары;

2 топ –  техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындарының техникалық инспекторлары.

 

Конкурстың өткізу шарттары мен тәртібі

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ 3 адамнан тұратын Конкурстық комиссия құрады.
  2. Конкурс комиссиясына жалпы басқару, Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, Конкурсқа қатысу үшін Техникалық инспектордың құжаттарын қабылдау (бұдан әрі-Құжаттар) және қарастыру, жеңімпаздарды анықтау, сондай-ақ Конкурсты өткізуге байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  3. Конкурсқа қатысу үшін Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары осы Ереждегі қосымшаларға сәйкес барлық қажетті құжаттарды 1 сәуірге дейін lprofedu@mail.ru электрондық поштасы арқылы Конкурс комиссиясына жібереді.

Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген құжаттар қарастырылмайды.

  1. Әр топтан бір техникалық инспектордан ұсынылуы мүмкін
  2. Техникалық инспекторлардың жұмыс көрсеткіштері жергілікті актілердің (бұйрықтар, шешімдер, хаттамалар, журналдар мен газеттерден мақалалар және басқалар) көшірмелерімен (үзінді көшірмелері), фотосуреттермен расталады және баллдық жүйемен бағаланады.

 

Қорытындылау 

 

  1. Конкурс қортындысы ұсынылған құжаттар негізінде (2021 жыл) есепті кезеңнің нәтижесі бойынша жүргізіледі.
  2. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін негізгі критерийлер Техникалық инспектордың жұмыс көрсеткіштері бойынша жалпы ұпайлар саны болып табылады.
  3. Конкурс қорытындысы бойынша әр топтан сәйкесінше І, ІІ, ІІІ орындар және «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағын беру арқылы үш жеңімпаз анықталады.
  4. Конкурс жеңімпаздары Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Кәсіподақ грамотасымен және сыйақымен марапатталады, сыйақы мөлшері алған орынға байланысты Кәсіподақпен анықталатын.
  5. Конкурс қорытындысы 20 сәуірден кешіктірілмей бекітіледі және Кәсіподақтың ресми сайтында жарияланады.
  6. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау Кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың Облыстық семинарында салтанатты түрде жүргізіледі.
  7. Техникалық инспекторлардың құжаттары олардың келісімі бойынша ЕҚжЕҚ бойынша Республикалық конкурсқа қатысу үшін жіберілуі мүмкін.