Бүгін, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атты облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды.
Өйткені, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыруда техникалық инспекторларға үлкен жүк және жауапкершілік жүктеледі.
Байқауға Рудный, Қостанай, Арқалық қалаларынан, Әулиекөл, Алтынсарин, Б. Майлин, Қарасу, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен облыстық ұйымдардан 28 техникалық инспектор қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды.
3 орын – Александр Пфлуг, Б. Майлин ауданы білім беру бөлімінің Б. Майлин атындағы мектебі
2 орын – Дәметкен Капенова, Қостанай педагогикалық колледжі
1 орын және «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағын Федоров ауданы білім беру бөлімінің Баннов мектебінің қызметкері Галина Степаненко жеңіп алды.
Жеңімпаздар грамоталармен және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды!
Шын жүректен құттықтаймын!
Мұндай инспекторлармен еңбекті қорғаудың сапасы жоғары екені сөзсіз!