Қоғамдық негізде жұмыс істейтін бастауыш кәсіподақ төрағалары күн сайын кәсіподақтың көптеген түрлі мәселелерін шешуі қажет.
Әсіресе, кәсіподақ саласында алғашқы қадамдар жасап жатқан жас кәсіподақ көшбасшылары үшін өте қиын. Кәсіподақ комитетінің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу және қызметінің басымдылығын айқындау, баяндамаларды және ұжымдық шарттың жобасын дайындау сияқты көптеген сұрақтар туындайды.
Жергілікті кәсіподақ ұжымы дайындаған қазақ және орыс тілдеріндегі 17 кезеңдік «Кәсіподақ алгоритмдері» жинағы, жаңадан бастаған кәсіподақ көшбасшыларына және тәжірибесі бар кәсіподақ басшыларының жұмысына жақсы көмек болатынына сенімдіміз.
Жинақ сәйкесінше ISBN нөмірі беріле отырып ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелген.
Облыстың білім беру ұйымдарының әрбір бастауыш кәсіподақ төрағасы жинақ даналарын тегін алды және де көптеген жағымды пікірлерге сүйене қарасақ, ол өзінің құндылығымен жоғары бағаланғандай!