«Кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебі»

«Кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебі» конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебі» конкурсын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).

2.Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ).

  1. Конкурстың мақсаты, міндеттері мен қатысушылары
  2. Конкурстың мақсаты кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебін анықтау, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ оқуын ұйымдастыруды жетілдіру, оқу тиімділігін, кәсіподақ белсенділерінің және кәсіподақ ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
  3. Конкурс міндеттері:

– Кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыру және оның қызметін насихаттау;

– кәсіподақтық оқытудың озық тәжірибесін жинақтау, тарату және көтермелеу.

  1. Конкурсқа қатысушылар – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымының филиалы.
  2. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
  3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық ету, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау жөніндегі функциялар, сондай-ақ конкурсты өткізуге байланысты өзге де функциялар жүктеледі.
  4. Конкурсқа қатысу үшін Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес өтінімді толтыру қажет
  5. Конкурсқа өтінімдер мен материалдар конкурстық жылдың 20 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) электрондық нұсқада қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын сілтемелер қолжетімді және тіркелусіз жұмыс істейтін, Конкурсқа қатысушылардың Байланыс ақпараты – өзекті болуы тиіс.

4.Өтінімдер мен конкурс материалдарын жіберу үшін электрондық мекенжайы: lprofedu@mail.ru

  1. Конкурстық материалдардың авторлық құқықтарының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты болады.

 

  1. Бағалау критерийлері
  2. Конкурстық материалдар 1-қосымшада «Жұмыс көрсеткіштері» нысаны бойынша ұсынылады.
  3. Материалдарға «жұмыс көрсеткіштері» нысанында көрсетілмеген мәліметтер болуы мүмкін ілеспе хат қоса беріледі.
  4. Қорытындылау
  5. Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы 07 қазанға дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын айқындайды
  6. Байқау қорытындысы 2022 жылдың 10 қазаны – ҚР Кәсіптік одақтар күні жарияланады.
  7. Конкурс жеңімпаздары Кәсіподақ грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

№1қосымша

Жұмыс көрсеткіштері ________________________________

1* Кәсіподақ мүшелерінің саны  
2* Босатылған кәсіподақ мүшелерінің саны  
3* Босатылмаған кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің саны  
4* Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны  
5 Интернат аккаунты, оның мекенжайы, оқу парақшасы бар ма  

*1-4 көрсеткіштері статистикалық есептің негізінде көрсетіледі

6 Кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту нысаны Жалпы оқытылды Оның ішінде жастар (35 жасқа дейін)
6.1. Тұрақты жұмыс істейтін семинарлар    
6.2. Тақырыптық семинар    
6.3. Біліктілікті арттыру    
6.4. Барлық бағдарламалар бойынша оқытылды    

 

7 Жастар кеңестері мен комиссиялардың мүшелерін оқыту (адам)  
8 Кәсіподақтың қатардағы мүшелерін оқыту (адам)  
  – оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастар  
  – оқыту нысанын көрсету

Семинарлар, тренингтер, пікірталастар

 
9 Кәсіподақтың қандай білім беру мекемелерінде оқу өтті:

– филиал

– облыстық ұйым

– ҚРКФ

 
10 Сайланбалы органдар отырысында кәсіподақтық білім беру проблемалары бойынша мәселелер қаралды  
11 3 жылда жастар форумдары, конференциялар, слеттер өткізілді  
12 Форумдар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар өткізілді  
  -қатысушылар саны  
13 Арнайы басылымдардың болуы (хабаршылар, газеттер…), таралымы  
14 Интернет-ресурстың, әлеуметтік желілердегі парақшалардың болуы және жұмыс істеу сапасы Қолданыстағы аккаунт сілтемесін көрсету
15 Кәсіподақ білім беру оқытушыларының еңбегін жыл бойына моральдық және материалдық ынталандыру:

Грамоталармен марапатталды, алғыс жарияланды (адам)

 
  -сыйақыланды (адам)  
16 Кадрлар мен белсенділерді оқытуға жұмсалған меншікті қаржы қаражатының үлесі (%- бен)  
  Тартылған қаражат көлемі (% және мың теңге)  
  – оның ішінде әлеуметтік әріптестік шеңберінде бөлінгендері  

 

Филиал төрағасы (төрайымы):