«Кәсіподақ -денсаулық сақтау аумағы»

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары

қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

кәсіподақ комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 6 хаттамасымен бекітілген

 

«Кәсіподақ -денсаулық сақтау аумағы»

бейнеролик байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Кәсіподақ -денсаулық сақтау аумағы» бейнеролик байқауын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Байқау).
  3. Байқау ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі- Кәсіподақ).
  4. Байқаудың мақсаты, міндеттері, қатысушылары
  5. Байқау кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру мақсатында өткізіледі.
  6. Конкурс міндеттері:

– денсаулық сақтау, дене шынықтыру және денсаулық бастамаларын іске асыру, еңбек ұжымында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірлестіктің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының озық қолданыстағы тәжірибесін анықтау;

– салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі кәсіподақ жұмысының озық тәжірибесін тарату;

– кәсіподақ ортасында рекреациялық жұмыстың озық тәжірибесін қорытындылау, қолдау және ынталандыру.

  1. Байқау қатысушылары – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдары.
  2. Байқауды өткізу шарттары мен өткізу тәртібі
  3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, Байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Байқауды өткізуге байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  4. Байқауға қатысу үшін Кәсіподақ еңбек ұжымында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру жөніндегі кәсіподақ жұмысының жүйесін көрсететін бейнероликті lprofedu@mail.ru электрондық поштасына «бейнеролик байқау» деген белгісімен, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының атауын көрсете отырып, қысқаша ілеспе ақпаратты ұйымы 2022 жылғы 01 мамырдан бастап 01 қыркүйекке дейін жібереді.
  5. Әр филиалдан байқауға әр номинация бойынша 1 бейнеролик жіберіледі.
  6. Материал мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін
  7. Бейне ролик ұзақтығы –60 секундқа дейін.
  8. Ұсынылған бейнероликтер Кәсіподақтың ресми аккаунтында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #жергілікті білім кәсіподағы, #кәсіподақ_денсаулық сақтау_аумағы хэштегімен орналастырылады.
  9. Байқауға қатысушысы Байқау материалдарының авторлық құқықтарының сақталуна жауапты.
  10. Байқауға материалдарды ұсына отырып, авторлар Байқауды ұйымдастырушыға байқау материалдарын коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) пайдалану құқығын автоматты түрде береді.

 

  1. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері
  2. Еңбек ұжымында салауатты өмiр салтын насихаттау бойынша бiрлестiктiң бастауыш кәсiподақ ұйымдарының iске асырылған жұмыс тәжірибелердің өзектілігі, жүйелілігі, әртүрлiлiгi және тиiмдiлiгi.
  3. Байқау материалдарының толықтығы, сапасы және ақпараттық байлығы.
  4. Қорытындылау
  5. Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы 15 кыркүйекке дейін мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және Байқау жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» марапатының иегерлерін   айқындайды.
  6. 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін Ұйымдастыру комитеті Кәсіподақтың ресми аккаунтында Instagram әлеуметтік желісінде «Көрермендер көзайымы сыйлығы» марапатына үміткерлердің бейнероликтерін орналастырады.
  7. Номинацияның жеңімпазы Instagram әлеуметтік желісіндегі Кәсіподақтың ресми аккаунтына жазылушылардың дауыс беруі арқылы анықталады.
  8. Байқау қорытындылары 2022 жылғы 01 қазанға дейін жарияланады.
  9. Байқау жеңімпаздары (I, II, III сыйлықтар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының жеңімпазы Кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.