Кәсіподақ күн тәртібінің өзекті мәселелері қаралды

▪️ Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының кеңейтілген отырысы аясында Алқаның 2024 жылғы қаулыларының, кәсіподақ бюджеті сметасының орындалуы және 2024 жылғы қаржылық есепті бекітудің және т. б. жоспарлы мәселелері қаралды.
▪️Сондай-ақ, Алқа мен жергілікті білім беру кәсіподағының бақылау-тексеру комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
▪️Сонымен қатар, кеңейтілген Алқа отырысында «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясының басымдықтары қисынында құрылған біздің кәсіподақ бірлестігіміздің жаңа қаржылық саясаты бекітілді.