Кәсіподақ мүшелерін құқықтық қолдау

Әлеуметтік әріптестік міндеттемелерін орындау аясында біздің кәсіподақ бірлестігі жүйелі негізде қызметкерлер-кәсіподақ мүшелерін құқықтық қолдауды іске асыруда.

Осы мақсатта білім берудің Жергілікті кәсіподақ құрылымында екінші жыл заң клиникасы жұмыс істейді, оған біздің кәсіподақ бірлестігінің әрбір мүшесі жүгініп, жедел және сауатты құқықтық қолдау ала алады.

2021 жылы Жергілікті кәсіподаққа тек Instagram Direct арқылы 1200-ден астам, ал түрлі байланыс арналары арқылы 3000-ға жуық сұрақ келіп түсті.

Құрметті біздің кәсіподақ бірлестігінің мүшелері, егер сіздерге заңгерлік кеңес қажет болса, сұрақтарыңызды мына мекен-жайларға жолдауларыңызға болады:

 

lprofedu@mail.ru

profcoyuz_obrazovanie (Instagram Direct)

lprofedu.kz (рубрика «вопрос-ответ»).