Кәсіподақ мүшелерінен жиі қойылатын сұрақтар

Кәсіподақ мүшелерінен жиі қойылатын сұрақтар

(2020 ж. тамыздан 2021 жылғы ақпанға дейін)

 

  1. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлемі

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 1 бабына сәйкес бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы. Бос тұрып қалудың мынадай түлері бар:

  • жұмыскердің кінәсінен жол берілген (бос тұрып қалу уақытына ақы төленбе – ҚР

ЕК 112 б 2 т.);

  • жұмыс берушнің кінәсінен жол берілген (жұмыскердің орташа жалақысының

кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді ҚР ЕК 112 б. 1 т.).

  • еңбек шарты тараптарына байланысты емес себептер бойынша туындаған бос

тұрып қалу. ҚР ЕК 112 б. 1 т. сәйкес жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленеді.

Бұл ретте,  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы»  және «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  арасындағы 2021-2023 жылдарға жасасқан әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 6.22 т. жұмыстың жұмысшы кінәсынан болмай тоқтап тұрған күндері үшін қызметкерлерге, көтермелер, қосымша және үстеме ақыларсыз ағымдағы жалақы мөлшерінде ақы төленеді. Осы келісімнің негізгі ережелері оларды Кәсіподақтың құрамында енетін ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлер арасында жасалатын ұжымдық шарттарға енгізу үшін міндетті  негіз болып табылады (Келісімнің 1.8. т.).

Магистр дәрежесіне қосымша ақы төлеу бойынша

Бүгінгі күні екі заңнамалық актіні іске асыру проблемасы бар: «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, оған сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы  заңмен белгіленген және сәйкес қаржы жылының 1 қаңтарына дейін әрекет ететін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді, және заңнан туындаған акт «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, оған сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғана және негізгі жұмыс орны бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Жергілікті кәсіподақ «Депутаттық сауал» акциясы аясында 2021 жылғы 4 ақпанда «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша талаптар жинағын жіберді, оның ішінде:

-білім беру саласының басқа қызметкерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу бойынша: басшыларға, басшылардың орынбасарларына, тәрбиешілерге, әдіскерлерге, педагог-психологтарға және т. б;

«Көркем еңбек»  пәні бойынша сағат бөлу:

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісім туралы 2.14. т сәйкес

Қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде «Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ өткізген кезде оқушылардың санына қарамастан сыныпты топтарға бөлуге рұқсат етіледі, тек келесі пәндерден басқа:

  • қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
  • орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
  • шетел тілі;
  • информатика;
  • дене тәрбиесі.

Оқу жылы ішінде еңбек шартын елеулі өзгертуге тек ерекше, яғни тараптардың қалауынан тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына  (бұдан әрі-Бұйрық)  (4 тармақ) сәйкес  педагогтердің оқу жүктемесі жылына бір рет жартыжылдық бойынша  бөлек ұйым басшысымен бөлінеді, қажет болған жағдайда екінші жарты жылдықтың басында түзетіледі.

Қолданылу мерзімі 2021 жылғы қаңтардан басталған келісімге және қағидаларға сүйене отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары мұғалімдердің «Көркем еңбек»пәні бойынша жүктемесіне түзетулер енгізуі тиіс.

  1. Мұғалімдердің, оқытушылардың оқу жүктесемін, жұмыс уақытын, соның ішінде каникул уақыты, сондай-ақ күнделікті жұмыс күнін бөлу бойынша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына   (бұдан әрі Қағида) мұғалімдердің (оқытушылардың) оқу жүктемесі оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне, нормативтік апталық оқу жүктемесіне қарай бөлінеді.  Педагогикалық оқу жүктемесін  бөлу құқығы білім беру ұйымының бірінші басшысына беріледі, бұл ретте, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қб арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің  (бұдан әрі-Келісім) 2.2. тармағымен төменде көрсетілген жұмыс берушінің акті бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданады деп анықталған:

1) Ішкі еңбек тәртібі ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) демалыс кестелері;

4) педагогтардың оқу жүктемесі;

5) педагогикалық қызметкерлердің қолданыстағы біліктілік санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестатциясын тағайындау туралы шешім;

6) біліктілік санатын төмендету туралы шешім;

7) еңбек қорғау бойынша нұсқаулық;

8) еңбек жағдайларының өзгертуі туралы бұйрықтар;

9) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

10) штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

11) көтермелеулер мен тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

12) сыйақы беру, материалдық көмек туралы бұйрықтар;

13) айырықша жағдайларда қызметкердің келісімінсіз демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тарту туралы бұйрықтар;

14) жұмыскерді жұмыстан шеттету бойынша бұйрықтары.

 

Қызметкерлер үшін жұмыс уақыты жұмыс берушінің ұжымдық, еңбек шарттарына, актісіне сәйкес белгіленеді.  Педагогтердің жұмыс уақыты оларға  белгіленген апталық оқу жүктемесі, сабақ кестесіне байланысты белгінеледі.

Қызметкерлер үшін жұмыс уақыты ұжымдық, еңбек шартына, жұмыс берушінің актісіне сәйкес белгіленеді. Педагогтердің жұмыс уақыты оларға белгіленген апталық оқу жүктемесіне, оқу сабақтарының кестесіне байланысты белгіленеді.

Басшы оқытушыға (мұғалімге) апталық жүктемені, мысалы, аптасына 20 сағат (бес күндік жұмыс кезінде – күніне 4 сағат) мөлшерінде белгілеп, жұмыс орнында аптасына 40 сағат (күніне 8 сағат) болу талабын белгілейтін жағдайлар орын алады, бұл ретте төлем 20 сағат үшін белгіленген. Бұл жағдайлар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы келеді (103-бап), оған сәйкес жалақы қызметкерге жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі жұмыс берушінің құжаттарында ескерілген, нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

Келісімнің 5.1.10 тармағына сәйкес күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті демалыспен сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты педагогтердің және және өзге қызметкерлері үшін, қоса атқару шартымен жұмыс атқаратын қызметкерлер үшін  де жұмыс уақыты болып табылады.

Осы кезеңдерде жұмыс беруші педагогтерді каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шегінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмысқа тартады. Демалыстағы жұмыс кестесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісім бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

Мұғалімнің күнделікті оқу жүктемесі оқу сабақтарының реттілігін көрсететін және жылдық күнтізбелік оқу жұмысының кестесімен реттелетін типтік оқу жоспарына негізделген сабақ кестесімен анықталады  («Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының  (бұдан әрі-Қағида) 28,34 — тармақтары.

 

  1. Бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын

демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шығуы.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 87 б. 5 т. сәйкес жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

  • Жалақы сақталмайтын демалыс;
  • Оқу демалысы;
  • Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;
  • бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс, ол жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және баланың туу туралы куәлігі немесе баланың туу фактісін растайтын басқа да құжат ұсыныла отырып беріледі.

Жұмыскер бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанға дейін толық немесе бөліп пайдалана алады (ҚР ЕК 100 б.).

Осы баптың 4 тармағында бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті делінген.

 

  1. Мұғалімдердің материалдық жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы  Еңбек кодексiнiң 123-бабының 7-тармағына сәйкес  қызметкерлерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн толық жеке материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалуы мүмкін лауазымдар тiзбесi, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгi шарт жұмыс берушiнiң актiсiмен бекітіледі.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 6.21-тармағына сәйкес мүліктер мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттар жасалуы мүмкін жұмыстар мен лауазымдар тізбесіне төмендегі қызметкерлер жатады:

– білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;

– шаруашылық меңгерушісі;

-кассир;

-экспедитор;

-қойма меңгерушісі;

– қоймашы;

– аға шебері;

– кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);

– медбике

– кастелянша;

– жатақхана меңгерушісі;

– бас аспазшы;

– комендант;

– жүргізуші.

Яғни,  мұғалім  материалдық жауапты тұлға болып табылмайды.

 

  1. Мұғалімнің екі білім деңгейі (орта және жоғары) болған жағдайда еңбекақы қалай төленеді?

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығына сәйкес мұғалімге қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша педагогикалық білім.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193  қаулысына сәйкес қызметкердің лауазымдық жалақысы білім деңгейі (жоғары немесе орта) және жұмыс тәжірибесі негізінде белгіленеді.   Осы қаулыда өзге талаптар көзделмеген.

Мысалы: қызметкер бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады («Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша орта деңгейлі дипломы бар), сондай-ақ «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары деңгейлі дипломы бар. Жоғары білім деңгейі бойынша еңбекақы алуға үміткер.

Мұғалімнің екі дипломы бар: орта және жоғары деңгейі білімі болғандықтан, еңбекақы білім деңгейін растайтын, өзі ұсынған құжаттардың бірі бойынша төленуі тиіс.

Бұл ретте, егер бастауыш сынып мұғалімі орта білім деңгейі бойынша бірінші санатқа ие болса, онда оның лауазымдық жалақысы санатсыз жоғары білім деңгейіне қарағанда жоғары болады.

 

Буын, саты Қалаларда еңбек өтілі/ коэффициенттері

 

0-1 1-2 2-3 3-5 5-7 7-10 10-13 13-16 16-20 20-25 25-тен жоғары
В 4-2 (Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты) 3,73 3,79 3,85 3,92 3,97 4,04 4,10 4,17 4,25 4,32 4,39

 

В 3-4 (Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ) 3,52 3,58 3,64 3,71 3,78 3,85 3,94 4,0 4,06 4,12 4,19
                       

 

Сондай-ақ, осы мысалда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сүйене отырып, жоғары білім деңгейдегі дипломы бар мұғалімге оның атқаратын лауазымы (бастауыш сынып мұғалімі) бойынша біліктілік санаты берілмейтініне назар аударамыз. Осыған сүйене отырып, мұғалім лауазымдық жалақыны анықтау үшін оған қандай құжатты ұсынған дұрыс екенін өзі шешуі керек.

  1. Қызметкерлерді еңбек шартында, лауазымдық міндеттерінде көзделмеген жұмыстарды орындауға тарту бойынша (үйлерді аралау, кешкі уақыттағы рейдтер бойынша мәліметтер ұсыну);

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Ресрубликасы  білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі бекітілді:

  1. Орта білім беру ұйымдарының барлық пәндер педагогтері үшін
  • Орта білім беру ұйымдары үшін 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы,
  • Орта білім беру ұйымдары үшін 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы,
  • Орта білім беру ұйымдары үшін мектепалды сыныптардың журналы;
  • Орта білім беру ұйымдары үшін факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы,
  • Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған күнтізбелік-тақырыптық жосапар
  • Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары.
  • Жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер
  • Тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары
  1. Орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшісінің функцияларын орындайтын педагог үшін:
  • Тәрбие жұмысы жоспары;
  • Орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы;
  • Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс-қағазы
  • Орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгірімі табелі
  • Орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгірімі табелі
  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының барлық пәндер оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері үшін:
  • Оқу жұмыс бағдарламасы
  • Педагогтің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  • Педагогтің сабақ жоспары
  • Теориялық оқытуды есепке алу журналы
  • Жеке сабақтарды есепке алу журналы
  • Өндірістік оқуды есепке алу журналы

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сынып жетекшісінің функцияларын орындайтын педагогтер үшін:
  • Тәрбие жұмысының жоспары

Осы бұйрықта үйлерді аралау бойынша құжаттама жүргізу қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6 бабына сәйкес

педагогтер кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

  • Бұл ретте, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің (бұдан әрі-Келісім) 5.1.9. т. сәйкес Қызметкерлерді еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтармен көзделмеген жұмыстарға тартуға тек жұмысшының жазбаша келісімі  бойынша Жұмыс берушінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығымен көзделген тәртіп бойынша қосымша төлем жасау арқылы жол беріледі.
  1. Үй -жайларын тазалаушыға қосымша ақы және демалыс күндері бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193  қаулысына сәйкес үй-жайларын жинаушыға қосымша ақы (үстемеақы) түрлері:

  • дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын қызметтік үй-жайларды жинаған кезде – БЛA-дан 20 % (базалық лауазымдықа ақы =17697 теңге ) – бүгінгі күні ақшалай -3539 теңгені құрайды.
  • Дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде – БЛA-дан 30 % (базалық лауазымдықа ақы =17697 теңге ) – бүгінгі күні ақшалай -5309 теңгені құрайды.
  • Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы – лауазымдық ақыдан 10%.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім

және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкесүй-жайларын жинаушылардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы  – 30 күнтізбелік күн (ҚР Еңбек кодексі  бойынша үй-жайларын жинаушылардың демалыс мөлшері 24 күнтізбелік күн  болуы керек екеніне назар аударамыз ). Сондай-ақ, үй-жайларын жинаушыға Келісімде  қауіпті жұмыстарды атқарғаны үшін 6 күн қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қарастырылған. Сонда, барлығы еңбек демалысы -36 күн.

  1. Өндірістік оқуды ұйымдастырғаны үшін өндірістік оқу шеберлеріне қосымша ақы бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28 б. сәйкес лауазымдық ақы мөлшері,  қосымша төлем мен  үстемеақылардың барлық түрлеріне қатысты  еңбек төлемдерінің шарттары, соның ішінде өндірістік оқуды ұйымдастыру бойынша да  қосымша ақы еңбек шартында көрсетілуі тиіс. Нақты жүктемеге қарасты, базалық лауазымдық ақыдан 100% мөлшерінде өндірістік оқуды ұйымдастыруға қосымша ақы  есептеледі («Мемлекеттік ұйымдар педагогтерін жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі бұйрығының 38 тармағы – бұдан әрі Қағида). Осы қағадаларға сәйкес жүктемені бөлу құқығы колледж басшысына жүктелген.

Бұл ретте, еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, еңбек жағдайларының өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті (ҚР ЕК 46 б.).

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімде еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарламаны кемінде бір ай бұрын хабардар ету белгіленген.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Еңбек шартына өзгерістер енгізуді тараптар жазбаша нысанда жүзеге асырады (ҚР ЕК-нің 33-бабының 2-тармағы) және оған тараптар қол қояды (ҚР ЕК-нің 33-бабының 1-тармағы).

  1. Қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды жүргізу кезінде педагогтардың жалақысын есептеу бойынша

(мысалы, білім алушылардың «кезекші» сынып және қашықтықтан оқыту сыныбында оқуы).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығымен (46 т.) сәйкес қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды жүргізу кезінде педагогтардың жалақысын есептеу күндізгі оқу кезіндегідей жүргізіледі. Атап айтқанда: жалақы ұйымның бірінші басшысы бөлетін және аптасына нормативтік жүктемені ескере отырып айқындалатын оқу жүктемесіне сүйене отырып, қызметкердің біліктілігіне, өтіліне және санатының болуына байланысты есептеледі

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103 б. 1 т. сәйкес қызметкерге жалақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақытына төленеді. Яғни, егер қызметкер (мұғалім, оқытушы) екі сыныпта (топта) жұмыс істесе: «кезекші сынып (топ)» және қашықтықтан оқытылатын сынып (топ) болса, онда мұндай қызметкерге ақы төлеу әрбір сыныпқа (топқа) нақты жұмсалған уақыттан жүргізілуі тиіс.

  1. Қашықтық жұмыс кезінде қызметкерге өтемақы тағайындау бойынша
    • «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мен «Қостанай облыс білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 (қосымша келісім) және 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісміге  (5.7 тармақ) сәйкес Тараптар білім беру ұйымындағы тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істеу барысында жұмыс берушінің орналасқан жерінен тыс жерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы пайдалануға болатындығын анықтады.  Келісімнің осы тармағына және ҚР Еңбек кодексінің 138 бабына сәйкес жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеген жағдайда қызметкерге шығыстарды мына жағдайда көтереді:

1)            Жұмыс беруші қызметкерді байланыс құралдарымен (байланыс құралдарымен) қамтамасыз етуде  оларды орнату мен қызмет шығындарын көтереді. Мәселен, мұндай шығындар – қызметкер  үшін интернет трафикті сатып алу жәнеай сайын трафик төлемін жүргізу.2)            Қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда-жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.               Мұндай өтемақыға мысал ретінде, жылдамдық пен көлемінің айырмашылығы болуа алады. Мысалы, мұғалімнің үйінде барлық сабақтарды өткізуге трафик көлемі жеткіліксіз, бұл жағдайда жұмыс беруші тарифтің үлкен көлемін орнату үшін баға айырмашылығын төлейді.

  • Тараптардың келісімі бойынша қашықтағы жұмыскерге жұмыс беруші үшін

жұмысты орындаумен байланысты басқа шығындар (электр энергиясы, су және басқа шығындар) өтелуі мүмкін.

Электр энергиясын есептеу кезінде компьютерлік техниканың техникалық паспортынан сағатына энергияны тұтыну мөлшерін, мұғалімнің сабақ өткізуге жұмсаған уақытын, 1 киловатт-сағатына құнын ескеру қажет.

  1. Қызметкерлермен (жас маман) еңбек шартын сынақ мерзімінде бұзу бойынша

               Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 37 б сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

Бұл ретте,  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021 -2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жұмысқа орналасу кезінде сынақ мерзімі жас мамандар мен мүгедек адамдарға белгіленбейді (2.4. т). Келісімнің 1.8 тармағына сәйкес

Еңбек және ұжымдық шарттардың талаптары қызметкерлердің Келісіммен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс.

Яғни, жұмыс берушінің жас маманға сынақ мерзімін белгілеу құқығы жоқ.

  1. Жоғары оқудан кейінгі білім алатын қызметкерлерге оқу демалысын беру бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 87 б. 5 т. сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыстың мынадай түрлері беріледі:

  • Жалақы сақталмайтын демалыс
  • Оқу демалысы
  • жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;
  • бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс;

 

Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі (ҚР ЕК 98 б. 1 т.).

Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, оқу шартында айқындалады (ҚР ЕК 98 б. 2 т.).

  • «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021 -2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 3.10. т сәйкес Жұмыс беруші орта кәсіби білімі бар, сәйкес мамандығы мен атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары кәсіби білім алушы қызметкерлерге біліктілікті арттыру тәртібімен оқу демалыстарын төлеу туралы міндеттемені өзіне алады.

Яғни, қызметкер жоғары білімнен кейінгі білімді еңбек демалысы шегінде, немесе ақысыз еңбек демалысы шегінде алады.

 

  1. Қызметкерлерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарламалар бермеу бойынша

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»  ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімінің 6.12. тармағына сәйкес жұмыс берушілер әр ай сайын еңбек ақы төлеу күні жұмысшыларға жазбаша түрде еңбек ақы туралы, оның барлық құраушы бөлшектері көрсетілген, оның ішінде ұсталған сомалар, кәсіподақ жарналары мен зейнетақы жинақтаушы қорға аударылған зейнетақы жарналары, қолға берілетін жалпы сома көрмсетілген мәлімет беріп отыруға міндеттенеді. Осы талап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113 б қарастырылған (бұдан әрі ҚР ЕК) .

  1. Бухгалтер, кітапханашы, медицина қызметкерлеріне жалақыны көбейту туралы

 

Жергілікті кәсіподақ  «Депутаттық сауал» акциясы бойынша 2021 жылғы 4 ақпанда

«Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша, оның ішінде:

1). Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша: әдіскер, кітапханашы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, аккомпаниатор, концертмейстер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, аудармашы, экономист, заңгер

 

2). Білім беру ұйымдарының үлгілік штаттарын өзгерту бойынша, атап айтқанда: білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер лауазымын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде заңгер лауазымын қарастыру.

 

3). Мектепке дейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында тәлімгерлік еткені үшін қосымша ақы төлеу бойынша талап-тілектер  жинағы жіберді.