«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
кәсіподақ комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6 хаттамасымен бекітілген
«Кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсы» байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже «Кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсы» (бұдан әрі – Конкурс) байқауын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
- Байқауды ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
- Байқау мақсаттары, міндеттері, қатысушылары
- Байқаудың мақсаты ақпараттық ресурстарды құру бойынша, кәсіподақтың үздік тәжірибесін анықтау, қызметкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ қызметін насихаттау болып табылады.
- Байқау міндеттері:
– Кәсіподақ филиалдары және мүшелік ұйымдарының кәсіподақ қызметін жан-жақты және объективті жариялауға уәждемесін арттыру;
– Кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыру және оның қызметін насихаттау;
– кәсіподақ мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік желілерде жариялау бойынша кәсіподақ жұмысының озық тәжірибесін жинақтау, тарату және көтермелеу.
- Байқауға қатысушылар – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары.
- Байқауды өткізу шарттары және тәртібі
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Байқауға қатысу үшін Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес өтінімді толтыру қажет.
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер байқау жылының 1 қазанына дейін (қоса алғанда) электрондық нұсқада қабылданады. Байқауға ұсынылатын сілтемелер жұмыс істеуі және тіркелмей қол жетімді болуы тиіс, Байқауға қатысушылардың байланыс ақпараты өзекті болуы тиіс.
- Өтінімді жіберуге арналған электрондық мекенжай:lprofedu@mail.ru
- Байқауға қатысушы байқау материалдарына авторлық құқықтың сақталуына жауапты болады.
- Бағалау критерийлері
– мазмұны (әр түрлі бағыттарда кәсіподақ қызметін қамтитын түрлі айдарлардың, ресми құжаттардың, жаңалықтардың, заң консультацияларының болуы);
– аудиторияның сұранысы (қатысу, жазылушылар саны, пікірлердің, репосттардың, рейтингтердің немесе комментарийлердің едәуір санының болуы);
-жарияланым қызметінің тұрақтылығы;
– дизайнның өзіндік ерекшелігі (заманауилығы).
- Қорытындылау
1, Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы 7 қазанға дейін мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және байқау жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар) екі номинация бойынша анықтайды:
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ филиалдары арасындағы үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы»;
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы».
- Байқау қорытындылары Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні – 2022 жылғы 10 қазанда жарияланады.
- Байқау жеңімпаздары Кәсіподақ грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы» байқауын өткізу туралы ережеге қосымша
|
Байқауға қатысуға өтінім
Кәсіподақ филиалының/бастауыш ұйымының атауы: ____________________________________________________________________
Кәсіподақ аккаунтына гиперссілтеме (тікелей сілтеме):
____________________________________________________________________
Аккаунтты жүргізу тұжырымдамасы (қысқаша):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Электрондық мекен-жай: ___________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________
Күні