«Келісу комиссиясы.
Еңбек дауларын шешу тәртібі» курсы
Курс «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастамасы бойынша өткізіледі, себебі ҚР 2020 жылғы 04 мамырдағы еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты келісу комиссиясының мүшелерін оқыту өзекті мәселе болды. ТК мүшелері ҚР еңбек заңнамасын қолдану бойынша, еңбек дауларында бәтуаластыққа қол жеткізу келіссөздер жүргізу дағдысын дамыту бойынша оқудан өтуге міндетті.
Бүгінгі күні біздің ұйымда 700 БКҰ бұл келісу комиссиясының 4200 мүшесі. Келісу комиссяисының барлық мүшелері оқуды тегін түрде өтуін жоспарлап отырмыз. Семинар лекторлары республикалық деңгейде курстан өткен және сертификатталған.
Семинардың мақсаты мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі;
- келісу комиссиясының жұмыс принциптері және өкілеттіктерін білуі
- келіссөздер жүргізу дағдылары, еңбек дауларын жанжалсыз еңбек дауларын шеше білуі ;
Курстардың бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:
- Онлайын сабақ– Zoom конференция – 5 сағат (2.04 и 08.04)
- Өздігінен дайындалу – 9 сағат
- Практикалық сабақтар, тестілеу, сертификаттар табыстау – 6 сағат
(кесте бойынша 12 сәуірден 23 сәуірге дейін).
Өздігінен оқу үшін қажетті материалдар https://lprofedu.kz. сайтында орналастырылатын болады
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Еңбек кодексі іске қосылды. Оның қабылданумен, соның ішінде, қызметкерлермен жеке еңбек дауларын қарау және шешу тәртібі өзгертілді. Енді сотқа бармас бұрын жұмыс беруші мен қызметкер өздерінің жеке еңбек дауларын арнайы органда-келісу комиссиясында қарастыру керек.
Қысқаша тарихи анықтама
Келісу комиссиясы институты Қазақстан Республикасы үшiн жаңа болып табылмайды. Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы кодексiнде (2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған) еңбек дауын қарау жөнiндегi комиссия жұмыс iстедi, оның мiндетi кәсіпорындарда, мекемлерде және ұйымдарда бір жағынан жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы, екінші жағынан әкімшілік арасында туындаған еңбек дауларын қарастыру кірді. Бұр органның кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда болуы сол уақытта міндетті болды, ал қызметкерлердің мүддесін кәсіподақтар қорғағанын атап өткен жөн.
Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы кодексiнің орнына келген Еңбек туралы заңына сәйкес еңбек даулары тараптар келісімі бойынша (келісу комиссиясында) немесе сотта қарастырылған. Осылайша, келісу комиссиясының қызметі еңбек дауын қараудың балама және міндетті емес нұсқасы болды.
2007 жылғы еңбек кодексі сол тәртіпті сақтады: еңбек даулары не келісім комиссиясында, не қызметкердің немесе жұмыс берушінің таңдауы бойынша сотта балама түрде шешілуі мүмкін болды. Іс жүзінде бұл институттың Қазақстанда пайдаланылмауына алып келді, өйткені қызметкерлер даулы мәселе бойынша сотқа тікелей баруды жөн көреді.
Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек заңнамасы өз бастамасына қайтып оралатын сияқты, себебі соңғы бірнеше жылда кәсіподақ органдары мен ұйымдарының жұмысы ұлғайды, ал келісу комиссиясының институты еңбек дауларын шешу үшін тағы да міндетті болды.
Келісу комиссиясы туралы жалпы ереже
Келiу комиссиясы – мақсаты қызметкерлер мен жұмыс берушiлер арасындағы жеке еңбек дауларын шешу болып табылатын тұрақты жұмыс iстейтiн орган. Ұйымда, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнде жұмыс берушi мен қызметкерлер өкiлдерiнiң тең санынан тепе-теңдiк негiзде келісу комиссиясы құрылады. (өтініштерді талдау).
Келісу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдіктерінің тепе-тең негізде құрылады. (Өтінішрерді талдау)
Жалпы ереже бойынша яғни 2016 жылы 1 қаңтарда, қолданысқа енгізілген жаңа Еңбек кодексінен кейін пайда болған барлық жеке еңбек даулары келісу комиссиясына қарастыруға жатады (яғни нақты жұмыс беруші мен қызметкер арасында даулар).
Келісу комиссиясын құру және оның жұмыс iстеу тәртiбi жұмыс берушi мен қызметкерлердiң өкiлдерi арасындағы жазбаша келiсiмде немесе ұжымдық шартта белгiленедi. Біздің білім беру ұйымымызда Облыстық деңгейде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісімінде №1 қосымшада жазбаша келісімге қол қойылды. Ұжымдық шарттарда бастауыш кәсіподақ ұйымдары деңгейінде.
Келісімге 1 қосымша
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын
орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіне ие әрбір білім беру ұйымында, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде құрылады және кәсіподақ комитеті мен ұйымның әкімшілігі өкілдерінің тең санынан құрылады, қызметкер саны он бес адамнан аспайтын ұйымды қоспағанда. Әр тарап өкілдерінің саны еңбек ұжымының санына сәйкес белгіленеді. Келісу комиссиясы мүшелерінің нақты сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шарттың шартымен белгіленеді. Комиссия құрамының мейлінші тиімді ара-қатынасын жасақтау мақсатында келесі сандық құрам ұсынылады:
– қызметкерлер саны 50-ге дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан екі өкілден;
– – қызметкерлер саны 50-ден 150 дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан үш өкілден;
– қызметкерлер саны 150-ден аса еңбек ұжымдарында – әр тараптан төрт өкілден;
- Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен бөлінеді.
Келісу комиссиясының құрамы және ол туралы Ереже қызметкерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге орналастырылады.
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдерімен әкімшілік аумақтық бірліктер бойынша – аудан, қала, облыс деңгейінде құрылуы мүмкін. Олар нақты мекемеде (ұйымда) құрылған келісу комиссиялары құрылатын негізде жасақталады және жұмыс атқарады.
- Барлық санаттағы жеке еңбек даулары, еңдек дауы тарапының өтініші бойынша, білім беру ұйымында құрылған келісу комиссиясында, сондай-ақ білім бөлімінің (білім басқармасы) деңгейінде құрылған келісу комиссияларында да қаралуы мүмкін. Еңбек дауы тараптарының тиісті деңгейдегі комиссияны таңдау бойынша пікірлері сәйкес келмеген жағдайда, басымдық қызметкердің таңдауына беріледі.
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы 3 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет ету мерзіміне құрылады. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.
- Келісу комиссиясының әрбір отырысында төраға мен хатшының міндеттерін кәсіподақ комитетінің өкілі мен жұмыс берушінің өкілі кезектесіп атқарады. Бір отырыстағы төраға мен хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері атқара алмайды.
Комиссияның әрбір отырысында тараптармен келесі отырыстың төрағасы мен хатшысы тағайындалып, оларға отырысқа дайындық пен шақыру жүктеледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу, істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды.
- Келісу комиссиясының іс жүргізуі жалпы іс жүргізуден бөлек істер номенклатурасының ерекше бөлімінде жүргізіледі.
- Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер
- Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылады. Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті.
- Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты, соның ішінде:
1) еңбекке ақы төлеу; оның ішінде бос тұрып қалу, лауазымдарды біріктіру, болмаған жұмысшыны уақытша ауыстыру, қоса атқарылатын жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндері, мәжбүрлі түрде жұмыстан қалу жағдайында немесе заңсыз ауысуға байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақы айырмашылығы жағдайында;
2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;
3) қолданыстағы еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы алу құқығы және мөлшері
4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;
5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;
6) еңбек, оқу демалыстарын беру;
7) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану;
8) тәртіптік жаза қолдану;
9) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе;
10) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту;
11) келтірілген материалдық шығынды өтеу;
12) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;
13) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою
14) жұмыс уақытының тәртібі;
15) демалу уақыты;
16) жұмыстан шеттету;
17) сынақ мерзімі туралы мәселелерді қарайды.
Келісу комиссиясы еңбек заңнамасын, ұжымдық және еңбек шарттарын, жұмыс берушінің актілерін қолдануға байланысты басқа да жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі міндетті орган болып табылады.
Сонымен қатар келісу комиссиялары еңбек заңнамасын қолдану, еңбек қатынастарын, еңбекпен байланысты қатынастарды реттеу барысында, әлеуметтік әріптестік сұрақтары, сондай-ақ еңбек қорғау мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша туындайтын жеке еңбек дауларын қарайды.
Егер жұмыс беруші немесе қызметкер еңбек қатынастарының болғанын құжат негізінде дәлелдей алмаған жағдайда, тараптар арасындағы еңбек қатынастарының болуы немесе болмауы туралы дау, келісу комиссиясына жүгінбестен, сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
Еңбек дауының тарапы ретінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған қызметкер, сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған қызметкерлер және жұмыс беруші тарапынан жұмысқа қабылдаудан бас тартылған үміткер де болуы мүмкін.
III. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
- Егер қызметкер ұйым әкімшілігімен тікелей келіссөздер барысында келіспеушілікті реттемеген болса, еңбек дауы комиссиямен қаралады.
- Комиссияға түсетін өтініштерді қабылдауды және тіркеуді жұмыс беруші жүргізеді, еңбек даулары бойынша комиссияның атынан азаматтармен және ұйымдармен жүргізілетін қатынас хаттар жұмыс беруші есебінен және оның бланкілерінде (шақыртулар жіберу, жауаптар беру және т.б) жасалады. Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссия берілген күні міндетті түрде тіркелуге жатады. Комиссия жұмысының барлық шығындарын Жұмыс беруші өтейді.
- Қызметкерлер келісу комиссиясына еңбек даулары бойынша жүгіне алады:
– жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап немесе акт көшірмесін тапсыру туралы пошта арқылы хабарлама жіберу бір ай өткенге дейін;
– басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде.
Кодекске сәйкес жеке еңбек дауларын қарау үшін келісім комиссиясына жүгінбей сотқа жүгіну құқылы еңбек қатынастарына қатысушылар үшін келесі мерзімдер белгіленеді:
– жұмысқа қалпына келтіру туралы даулар бойынша – жеткізілген күннен бастап үш ай немесе тапсырыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актінің көшірмесін тапсыру туралы хабарламамен тапсырыс хатпен жіберу;- басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған, оның құқығының бұзылғандығы туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап бір жыл.
Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясының оны құрғанға дейін болмауы жағдайында тоқтатыла тұрады.
Дәлелді себептер бойынша өтініштің белгіленген мерзімі өткізіліп алынған жағдайда, еңбек дауларын келісу комиссиясы келісім комиссиясына шағымдану мерзімін қалпына келтіріп, дауды мәні бойынша шеше алады. Келісу комиссиясы қызметкердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастары болған адамдардың, белгіленген мерзімде келісім комиссиясына жүгінбеуінің дәлелді себептерінің бар-жоғын дербес анықтайды.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы еңбек дауларын арыз тіркелген күннен бастап он бес күндік мерзімде қарауға міндетті. Қарау мерзімі объективті себептерге байланысты және тараптардың бірінің өтініші бойынша ұзартылып, ол туралы жеке шешім шығарылуы тиіс. Комиссияның себептердің объективтілігі және мерзімін ұзарту туралы шешімі дауыс беру арқылы қабылданады.
- Арызы бойынша еңбек дауы қаралып жатқан қызметкер комиссия отырысына үш күннен кешіктірілмей шақырылады.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылар мәжіліске өздеріне қолайлы мезгілде қатыса алатындай уақытта өткізіледі.
- Барлық даулар өтініш берушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған берілген өкілеттіктер шегінде қаралады. Дауды оның жазбаша келісімімен өтініш берушінің қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, жеке тұлғаларға техникалық және бухгалтерлік тексерулер жүргізуді тапсыруға, әкімшіліктен құжаттар мен есептерді көрсетуді талап етуге, сұраныстар жіберіп, мемлекеттік және жоғарғы кәсіподақ органдарының кеңестерін қолдануға құқылы.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырысының басында мүдделі қызметкер отырысқа қатысып отырған кез-келген комиссия мүшесіне дәлелді наразылық білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда дауды қарау комиссиямен белгіленген басқа уақытқа ауыстырылады.
- Наразылық білдіруді қанағаттандыру мәселесі:
а) әкімшілік өкіліне қатысты болса – ұйым басшысымен;
б) кәсіподақ өкіліне қатысты болса – кәсіподақ комитетімен шешіледі.
Басшы бұйрық шығарады, ал кәсіподақ комитеті наразылық білдіру туралы арыз қанағаттандырыла ма әлде жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Тағайындалған комиссия мүшесінің орнына басқа өкіл бөлінуі мүмкін.
Наразылық білдіру тек сол қызметкердің арызын қарау жөніндегі комиссия отырысы үшін жарамды.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа барлық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда, шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте міндетті түрде тараптардың теңдігі сақталуы тиіс.
Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан барлық әкімшілік өкілдері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері арасында келісім бойынша қабылданады, міндетті күші бар және қандай да бір бекітуді талап етпейді.
Комиссияның шешімдері қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, келісімдермен, ережелермен, қағидалармен, нұсқаулықтармен дәлелденіп және негізделуі тиіс.
Ақшалай талаптар бойынша комиссия шешімдерінде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуі қажет.
Келісу комиссиясы шешімінің даулы тараптарға шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның әрбір отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамаға отырыс аяқталған соң төраға мен хатшы қол қояды. Келісімге қол жетпеген жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында әрбір тараптың ұсыныстары баяндалады және келісімге келмегені туралы жазылады.
Хаттамаға тексерулер материалдары, жазбаша түсініктемелер, қорытындылар, қатынас хаттар және дауды қарау барысында комиссиямен алынған өзге де құжаттар тіркеледі.
- Егер еңбек даулары жөніндегі комиссияда дауды қарау кезінде кәсіподақ комитетінің өкілі мен әкімшілік өкілінің арасында келісімге қол жеткізілмесе, онда қызметкер дауды шешу туралы арызымен сотқа жүгінуге құқылы.
- Егер жеке еңбек дауының тарапы келісу комиссияның шығарған шешімімен толық немесе жартылай келіспеген жағдайда, дау реттелмеген болып есептеледі де, шешіммен келіспеген тарап, келісу комиссиясының шешімін орындамаған жағдай сияқты, еңбек дауын шешу туралы арызымен сотқа жүгіне алады.
Сонымен қатар егер комиссия мүшелері даудың бір тарапының пайдасына қатысты біржақты шешімге келе алмағана, қарама-қарсы пікірідегілердің дауыстары тең болған жағдайда да жеке еңбек дауы реттелмеген болып есептеледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалу тәртібі
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдерін ұйым әкімшілігі онда белгіленген мерзімде орындауға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
- Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
- Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
- Жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың
орындалу тәртібі
- Заңсыз ауыстыру, көшіру, еңбек жағдайларын елеулі өзгерту немесе жұмыстан шеттету жағдайында қызметкер бұрынғы жұмысына, бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, оған бұрынғы елеулі жұмыс жағдайлары қайта беріледі.
Көшіруге өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептер негіз болуы тиіс.
Қызметкерді ауыстыру және көшіру, соның ішінде ол қызметкердің келісімімен жасалса, егер бұл оған медициналық қорытындыға немесе заңнама талаптарына сәйкес (қызметкерлердің жеке санаттарының, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдануға тыйым салу) денсаулық жағдайына байланысты қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі.
Қызметкер заң бұзушылықпен ауыстырылған жұмысына шығудан бас тартса, ол дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді.
Негізделген өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда, еңбек жағдайын елеулі өзгерту заңсыз болып табылады.
- Бұрынғы жұмысқа қайта қабылдау туралы шешім қабылдаған кезде, еңбек даулары жөніндегі комитет бір уақытта қызметкерге мәжбүрлі болмаған кезеңдегі жалақыны міндетті түрде төлеу туралы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауысқан жағдайда төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақының айырмашылығы туралы шешім қабылдайды.
- Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шеше отырып, еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына сәйкес келмейтін жазаны жоя алады.
Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі.
- Басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
Егер жұмыс беруші жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімді орындауды кешіктірсе, келісім комиссиясы қызметкерге жалақы төлеу немесе шешімнің орындалуының кешіктірілген кезеңіне жалақы айырмашылығы туралы шешім шығарады.
- Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады.
- Жұмыс берушіден өндірілген сомалар қызметкерге комиссия шешім шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі.
Келісу комиссиясы мүшелерінің құзыреттілігі. Келiсiм комиссиясының шын мәнiнде қызметі еңбек дауы кезiнде төрешiнiң функциясын орындаушы болып табылады. Төреші даудың тақырыбын арнайы білуі ғана емес, сондай-ақ, келіссөздер жүргізудің арнайы дағдылары да білуі тиіс екені айдан анық. Сонымен қатар, жоғарыда атап өтілгендей, келісу комиссиясы ұйымның қызметкерлерінен құрылады, олардың барлығында қажетті дағдылары мен білімі болмауы мүмкін. Еңбек кодексінде еңбек заңнамасының негіздері бойынша, еңбек дауларын жетік шешу үшін жыл сайынғы оқытуды қамтамасыз ету міндеті анық белгіленгенімен, алғы шарт, келісу комиссияларын құрудың өзі көптеген ұйымдар үшін проблемалы болып көрінеді (бұл оқу орталықтарының ақылы курстар жүргізуінде) Сондықтан бүгінгі таңда аталған курс бағдарламасы бойынша жергілікті кәсіподақ 700-ге жуық келісу комиссиясын қамтуды жоспарлап отыр.
Құпиялылық және тәжірибе алмасу. Қызметкермен жанжалды жария етпей шешу мүмкіндігі (ақпаратты жария етпей тараптар құпия сақтауды қалайтын) сөзсіз келісу комиссияда дауды шешудің артықшылығы болып табылады (егер дау шешілген болса және тараптар келісу комиссиясының шешіміне қанағаттанса). Алайда, ол сондай-ақ басқа ұйымдардың тәжiрибесiн еркiн зерделеуге және тиiсiнше осындай тәжiрибенi ескере отырып, ұйымдарды дамытуға кедергi келтiретiн болады. Курста практикалық сабақтарды қамтиды, онда біздің білім беру ұйымында жиі кездесетін еңбек даулары шешілетін болады.
Келісу комиссиясының жоқтығы жұмыс берушіге нендей қауіп төндіреді?
Еңбек қатынастарының кез келген сатысында еңбек шартын жасасудан бастап оны кез келген себептермен бұзуға дейін қызметкер мен жұмыс беруші арасында даулар мен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Оларды шешудiң бiрiншi сатысы Келісу комиссия болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер бойынша немесе келісу комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда соттар қарайды.
Келісу комиссиясының болмауына жауаптылық
Ұйымда келісу комиссиясының болмауына жауапкершілікті көздейтін тікелей норма жоқ. Алайда, МЕИ тексеріс жүргізу барысында, ол негізгі іс-сапарына қарамастан, бұл фактіні назардан тыс қалдырмайды.
Мемлекеттiк инспектор бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарады және жұмыс берушi нұсқамада белгiленген мерзiмде келісу комиссиясын құруға мiндеттi. Ал, тәжірибе көрсетіп отырғандай, оны орындау оңай емес.
Жұмыс берушi нұсқама талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, ұйымға Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiнiң 462-бабының 3 тармағында көзделген елеулi айыппұл салынады.
Келтірілген нормаға сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) шығарған, заңды талаптардың немесе қаулылардың, ұсынымдардың орындалмауы немесе тиiсiнше орындамауы, мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына өз құзыретi шегiнде 100-500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ол 1 000 000 теңгеден асуы мүмкін.