«Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» курсы
Курстар «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастамасы бойынша өткізілуде, себебі келісу комиссиясы мүшелерін оқыту 2020 жылғы 04 мамырдағы ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгертулерге байланысты өзекті болды. КК мүшелері ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқудан өтіге міндетті.
Біүгінгі таңда біздің ұйымда 700 БКҰ бар, бұл келісу комиссиясының 4200 мүшесі деген сөз. Келісу комиссиясының барлық мүшелері тегін түрде оқытылады деп жоспарлануда. Семинар лекторлары республикалық деңгейдегі курстардан өтіп сертиыикатталды.
Семинардың мақсаты мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі;
- Келісу комиссиясының жұмыс қағидаттары мен өкілеттіліктерін білу;
- Келіссөздер жүргізу дағдылары, еңбек дауларын жанжалсыз шеше білу.
Курстар бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:
- Онлайын сабақ – Zoom конференция – 5 сағат (2.04 және 08.04.)
- Өздігінен дайындық – 9 сағат
- Практиалық сабақ, тестілеу, сертификаттарды табыстау – 6 сағат
(кесте бойынша 12сәуірден бастап 23 сәуірге дейін)
Өздігінен оқу үшін қажетті материалдар https://lprofedu.kz. сайтында орналастырылатын болады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді. Оның қабылдануымен қатар, қызметкерлермен жеке еңбек дауларын қарау және шешу тәртібі өзгертілді. Енді жұмыс беруші мен қызметкер сотқа жүгінер алдында жеке еңбек дауын арнайы орган – келісу комиссиясында қарау тиіс.
Қысқаша тарихи дерек
Келісу комиссиясының институты Қазақстан Республикасы үшін жаңа емес. Қазақ КСР еңбек туралы заңдар кодексінде (2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған) еңбек даулары жөніндегі комиссия жұмыс істеді, оның міндеттеріне кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда бір жағынан жұмысшылар мен қызметшілер арасында екінші жағынан әкімшілік арасында туындайтын еңбек дауларын қарау (заңнамаға сәйкес тікелей соттарда қаралуға жататын дауларды қоспағанда) кірді. Айта кету керек, бұл органның сол кезде кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда болуы міндетті болды, ал жұмысшылардың мүдделерін кәсіподақтар қорғады.
Қазақ КСР Еңбек кодексінің орнына келген еңбек туралы Заңға сәйкес еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша (келісім комиссиясында) немесе сотта қаралды. Осылайша, келісім комиссиясының қызметі еңбек дауын қараудың балама және міндетті емес нұсқасына айналды.
2007 жылғы Еңбек кодексінде бірдей сол тәртіп сақтап қалды: еңбек даулары қызметкердің немесе жұмыс берушінің таңдауы бойынша келісу комиссиясында немесе сотта балама түрде шешілуі мүмкін. Ал бұл іс жүзінде бұл институттың Қазақстанда іс жүзінде қолданылмауына алып келді, өйткені қызметкерлер даулы мәселе бойынша тікелей сотқа жүгінуді жөн көрді.
Ал, соңғы бірнеше жылда кәсіподақ органдары мен ұйымдарының жұмысы жанданып, еңбек дауларын шешуде келісу комиссиясының институты қайтадан міндетті болып қалдғандықтан, қазақстандық еңбек заңнамасы өз тамырына қайта орала бастағандай.
Келісу комиссиясы туралы жалпы ережесі
Келісу комиссиясы-бұл қызметінің мақсаты қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы жеке еңбек дауларын шешу болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін орган. Келісу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде тепе-тең негізде жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылады.(Өтінімдерді талдау)
Келісу комиссиясында жалпы ереже бойынша жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін, яғни 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған барлық жеке еңбек даулары (яғни нақты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы даулар) қаралуға жатады.
Келісім комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді. Мәселен, біздің білім беру ұйымымызда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасында 2021 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы әлеуметтік Келісімге №1 қосымшада облыстық деңгейде жазбаша келісімге қол қойылды. Ұжымдық шарттарда бастауыш кәсіподақ ұйымдары деңгейінде.
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын
орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіне ие әрбір білім беру ұйымында, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде құрылады және кәсіподақ комитеті мен ұйымның әкімшілігі өкілдерінің тең санынан құрылады, қызметкер саны он бес адамнан аспайтын ұйымды қоспағанда. Әр тарап өкілдерінің саны еңбек ұжымының санына сәйкес белгіленеді. Келісу комиссиясы мүшелерінің нақты сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шарттың шартымен белгіленеді. Комиссия құрамының мейлінші тиімді ара-қатынасын жасақтау мақсатында келесі сандық құрам ұсынылады:
– қызметкерлер саны 50-ге дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан екі өкілден;
– – қызметкерлер саны 50-ден 150 дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан үш өкілден;
– қызметкерлер саны 150-ден аса еңбек ұжымдарында – әр тараптан төрт өкілден;
- Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен бөлінеді.
Келісу комиссиясының құрамы және ол туралы Ереже қызметкерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге орналастырылады.
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдерімен әкімшілік аумақтық бірліктер бойынша – аудан, қала, облыс деңгейінде құрылуы мүмкін. Олар нақты мекемеде (ұйымда) құрылған келісу комиссиялары құрылатын негізде жасақталады және жұмыс атқарады.
- Барлық санаттағы жеке еңбек даулары, еңдек дауы тарапының өтініші бойынша, білім беру ұйымында құрылған келісу комиссиясында, сондай-ақ білім бөлімінің (білім басқармасы) деңгейінде құрылған келісу комиссияларында да қаралуы мүмкін. Еңбек дауы тараптарының тиісті деңгейдегі комиссияны таңдау бойынша пікірлері сәйкес келмеген жағдайда, басымдық қызметкердің таңдауына беріледі.
- Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы 3 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет ету мерзіміне құрылады. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.
- Келісу комиссиясының әрбір отырысында төраға мен хатшының міндеттерін кәсіподақ комитетінің өкілі мен жұмыс берушінің өкілі кезектесіп атқарады. Бір отырыстағы төраға мен хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері атқара алмайды.
Комиссияның әрбір отырысында тараптармен келесі отырыстың төрағасы мен хатшысы тағайындалып, оларға отырысқа дайындық пен шақыру жүктеледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу, істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды.
- Келісу комиссиясының іс жүргізуі жалпы іс жүргізуден бөлек істер номенклатурасының ерекше бөлімінде жүргізіледі.
- Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер
- Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылады. Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті.
- Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты, соның ішінде:
1) еңбекке ақы төлеу; оның ішінде бос тұрып қалу, лауазымдарды біріктіру, болмаған жұмысшыны уақытша ауыстыру, қоса атқарылатын жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндері, мәжбүрлі түрде жұмыстан қалу жағдайында немесе заңсыз ауысуға байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақы айырмашылығы жағдайында;
2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;
3) қолданыстағы еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы алу құқығы және мөлшері
4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;
5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;
6) еңбек, оқу демалыстарын беру;
7) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану;
8) тәртіптік жаза қолдану;
9) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе;
10) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту;
11) келтірілген материалдық шығынды өтеу;
12) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;
13) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою
14) жұмыс уақытының тәртібі;
15) демалу уақыты;
16) жұмыстан шеттету;
17) сынақ мерзімі туралы мәселелерді қарайды.
Келісу комиссиясы еңбек заңнамасын, ұжымдық және еңбек шарттарын, жұмыс берушінің актілерін қолдануға байланысты басқа да жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі міндетті орган болып табылады.
Сонымен қатар келісу комиссиялары еңбек заңнамасын қолдану, еңбек қатынастарын, еңбекпен байланысты қатынастарды реттеу барысында, әлеуметтік әріптестік сұрақтары, сондай-ақ еңбек қорғау мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша туындайтын жеке еңбек дауларын қарайды.
Егер жұмыс беруші немесе қызметкер еңбек қатынастарының болғанын құжат негізінде дәлелдей алмаған жағдайда, тараптар арасындағы еңбек қатынастарының болуы немесе болмауы туралы дау, келісу комиссиясына жүгінбестен, сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
Еңбек дауының тарапы ретінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған қызметкер, сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған қызметкерлер және жұмыс беруші тарапынан жұмысқа қабылдаудан бас тартылған үміткер де болуы мүмкін.
III. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
- Егер қызметкер ұйым әкімшілігімен тікелей келіссөздер барысында келіспеушілікті реттемеген болса, еңбек дауы комиссиямен қаралады.
- Комиссияға түсетін өтініштерді қабылдауды және тіркеуді жұмыс беруші жүргізеді, еңбек даулары бойынша комиссияның атынан азаматтармен және ұйымдармен жүргізілетін қатынас хаттар жұмыс беруші есебінен және оның бланкілерінде (шақыртулар жіберу, жауаптар беру және т.б) жасалады. Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссия берілген күні міндетті түрде тіркелуге жатады. Комиссия жұмысының барлық шығындарын Жұмыс беруші өтейді.
- Қызметкерлер келісу комиссиясына еңбек даулары бойынша жүгіне алады:
– жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап немесе акт көшірмесін тапсыру туралы пошта арқылы хабарлама жіберу бір ай өткенге дейін;
– басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде.
Кодекске сәйкес жеке еңбек дауларын қарау үшін келісім комиссиясына жүгінбей сотқа жүгіну құқылы еңбек қатынастарына қатысушылар үшін келесі мерзімдер белгіленеді:
– жұмысқа қалпына келтіру туралы даулар бойынша – жеткізілген күннен бастап үш ай немесе тапсырыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актінің көшірмесін тапсыру туралы хабарламамен тапсырыс хатпен жіберу;- басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған, оның құқығының бұзылғандығы туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап бір жыл.
Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясының оны құрғанға дейін болмауы жағдайында тоқтатыла тұрады.
Дәлелді себептер бойынша өтініштің белгіленген мерзімі өткізіліп алынған жағдайда, еңбек дауларын келісу комиссиясы келісім комиссиясына шағымдану мерзімін қалпына келтіріп, дауды мәні бойынша шеше алады. Келісу комиссиясы қызметкердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастары болған адамдардың, белгіленген мерзімде келісім комиссиясына жүгінбеуінің дәлелді себептерінің бар-жоғын дербес анықтайды.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы еңбек дауларын арыз тіркелген күннен бастап он бес күндік мерзімде қарауға міндетті. Қарау мерзімі объективті себептерге байланысты және тараптардың бірінің өтініші бойынша ұзартылып, ол туралы жеке шешім шығарылуы тиіс. Комиссияның себептердің объективтілігі және мерзімін ұзарту туралы шешімі дауыс беру арқылы қабылданады.
- Арызы бойынша еңбек дауы қаралып жатқан қызметкер комиссия отырысына үш күннен кешіктірілмей шақырылады.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылар мәжіліске өздеріне қолайлы мезгілде қатыса алатындай уақытта өткізіледі.
- Барлық даулар өтініш берушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған берілген өкілеттіктер шегінде қаралады. Дауды оның жазбаша келісімімен өтініш берушінің қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, жеке тұлғаларға техникалық және бухгалтерлік тексерулер жүргізуді тапсыруға, әкімшіліктен құжаттар мен есептерді көрсетуді талап етуге, сұраныстар жіберіп, мемлекеттік және жоғарғы кәсіподақ органдарының кеңестерін қолдануға құқылы.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырысының басында мүдделі қызметкер отырысқа қатысып отырған кез-келген комиссия мүшесіне дәлелді наразылық білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда дауды қарау комиссиямен белгіленген басқа уақытқа ауыстырылады.
- Наразылық білдіруді қанағаттандыру мәселесі:
а) әкімшілік өкіліне қатысты болса – ұйым басшысымен;
б) кәсіподақ өкіліне қатысты болса – кәсіподақ комитетімен шешіледі.
Басшы бұйрық шығарады, ал кәсіподақ комитеті наразылық білдіру туралы арыз қанағаттандырыла ма әлде жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Тағайындалған комиссия мүшесінің орнына басқа өкіл бөлінуі мүмкін.
Наразылық білдіру тек сол қызметкердің арызын қарау жөніндегі комиссия отырысы үшін жарамды.
- Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа барлық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда, шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте міндетті түрде тараптардың теңдігі сақталуы тиіс.
Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан барлық әкімшілік өкілдері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері арасында келісім бойынша қабылданады, міндетті күші бар және қандай да бір бекітуді талап етпейді.
Комиссияның шешімдері қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, келісімдермен, ережелермен, қағидалармен, нұсқаулықтармен дәлелденіп және негізделуі тиіс.
Ақшалай талаптар бойынша комиссия шешімдерінде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуі қажет.
Келісу комиссиясы шешімінің даулы тараптарға шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның әрбір отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамаға отырыс аяқталған соң төраға мен хатшы қол қояды. Келісімге қол жетпеген жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында әрбір тараптың ұсыныстары баяндалады және келісімге келмегені туралы жазылады.
Хаттамаға тексерулер материалдары, жазбаша түсініктемелер, қорытындылар, қатынас хаттар және дауды қарау барысында комиссиямен алынған өзге де құжаттар тіркеледі.
- Егер еңбек даулары жөніндегі комиссияда дауды қарау кезінде кәсіподақ комитетінің өкілі мен әкімшілік өкілінің арасында келісімге қол жеткізілмесе, онда қызметкер дауды шешу туралы арызымен сотқа жүгінуге құқылы.
- Егер жеке еңбек дауының тарапы келісу комиссияның шығарған шешімімен толық немесе жартылай келіспеген жағдайда, дау реттелмеген болып есептеледі де, шешіммен келіспеген тарап, келісу комиссиясының шешімін орындамаған жағдай сияқты, еңбек дауын шешу туралы арызымен сотқа жүгіне алады.
Сонымен қатар егер комиссия мүшелері даудың бір тарапының пайдасына қатысты біржақты шешімге келе алмағана, қарама-қарсы пікірідегілердің дауыстары тең болған жағдайда да жеке еңбек дауы реттелмеген болып есептеледі.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалу тәртібі
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдерін ұйым әкімшілігі онда белгіленген мерзімде орындауға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
- Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
- Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
- Жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың
орындалу тәртібі
- Заңсыз ауыстыру, көшіру, еңбек жағдайларын елеулі өзгерту немесе жұмыстан шеттету жағдайында қызметкер бұрынғы жұмысына, бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, оған бұрынғы елеулі жұмыс жағдайлары қайта беріледі.
Көшіруге өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептер негіз болуы тиіс.
Қызметкерді ауыстыру және көшіру, соның ішінде ол қызметкердің келісімімен жасалса, егер бұл оған медициналық қорытындыға немесе заңнама талаптарына сәйкес (қызметкерлердің жеке санаттарының, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдануға тыйым салу) денсаулық жағдайына байланысты қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі.
Қызметкер заң бұзушылықпен ауыстырылған жұмысына шығудан бас тартса, ол дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді.
Негізделген өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда, еңбек жағдайын елеулі өзгерту заңсыз болып табылады.
- Бұрынғы жұмысқа қайта қабылдау туралы шешім қабылдаған кезде, еңбек даулары жөніндегі комитет бір уақытта қызметкерге мәжбүрлі болмаған кезеңдегі жалақыны міндетті түрде төлеу туралы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауысқан жағдайда төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақының айырмашылығы туралы шешім қабылдайды.
- Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шеше отырып, еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына сәйкес келмейтін жазаны жоя алады.
Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі.
- Басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
Егер жұмыс беруші жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімді орындауды кешіктірсе, келісім комиссиясы қызметкерге жалақы төлеу немесе шешімнің орындалуының кешіктірілген кезеңіне жалақы айырмашылығы туралы шешім шығарады.
- Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады.
- Жұмыс берушіден өндірілген сомалар қызметкерге комиссия шешім шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері
- Еңбек даулары жөніндегі комиссияның құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.
- Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі.
Келісу комиссиясы мүшелерінің құзыреттілігі. Келісу комиссиясының қызметі өз мәні бойынша еңбек дауында төреші функциясын орындау болып табылады. Төреші ретінде әрекет ететін адамның дау тақырыбына қатысты арнайы білімі ғана емес, сонымен қатар келіссөздер жүргізу үшін арнайы дағдылары болуы керек екені анық. Сонымен бірге, жоғарыда айтылғандай, келісу комиссиясы барлық қажетті дағдылар мен білімі жоқ қызметкерлерден құрылады. Еңбек кодексі келісім комиссиясының мүшелерін еңбек заңнамасының негіздеріне жыл сайын оқыту міндеті тікелей белгілегенімен, еңбек дауларын сауатты шешу, кем дегенде, келісу комиссияларын құрудың басында, көптеген ұйымдар үшін проблемалы болып көрінеді (бұл қаржылық шығындарға байланысты, өйткені оқу орталықтары ақылы курстар өткізеді.) Сондықтан да, бүгінгі таңда аталған курс бағдарламасы бойынша жергілікті кәсіподақ 700-ге жуық келісу комиссияларын оқытумен қамтуды жоспарлап отыр.
Құпиялылық және тәжірибе алмасу.Қызметкермен жанжалды жария етпей шешу мүмкіндігі (тараптар құпия сақтауды қалайтын ақпаратты жариялау), әрине, келісу комиссиясында дауды шешудің артықшылығы болып табылады (егер, әрине, дау шешілсе және тараптар Келісу комиссиясының шешімімен қанағаттандырылса). Алайда, бұл басқа ұйымдардың тәжірибесін еркін зерделеуге және, тиісінше, осындай тәжірибе негізінде ұйымдардың өзіндік дамуына кедергі келтіреді. Курс бағдарламасына практикалық сабақтар енгізілген, онда біздің білім беру ұйымдарында жиі кездесетін еңбек даулары қаралатын болады.
Келісу комиссиясының жоқтығы жұмыс берушіге не қауіп төндіреді?
Еңбек шартын жасасудан бастап оны қандай да бір себептермен бұзуға дейінгі еңбек қатынастарының кез-келген кезеңінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасында даулар мен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Оларды шешудің бірінші сатысы келісу комиссиясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 159 бабына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу комиссиясы, ал реттелмеген мәселелер немесе келісу комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда соттар қарайды.
Келісу комиссиясының жоқтығы үшін жауапкершілік
Ұйымда келісу комиссиясының болмағаны үшін жауапкершілікті көздейтін тікелей норма жоқ. Алайда, МЕИ инспекторының тексеруі кезінде, оның ұйымға бару себептеріне қарамастан, бұл факт назардан тыс қалмайды.
Мемлекеттік инспектор бұзушылықты жою туралы ұйғарым жазады және жұмыс беруші ұйғарымда белгіленген мерзімде келісу комиссиясын құруға міндетті болады. Ал, тәжірибе көрсеткендей, бұл оңай емес.
Егер жұмыс беруші ұйғарым талаптарын уақытында орындамаса, онда ұйымға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексінің 462-бабының 3-тармағында көзделген қомақты айыппұл салынады.
Келтірілген нормаға сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау 100-500 АЕК – тен айыппұл салуға әкеп соғуы мүмкін, бұл 1 000 000 теңгеден асуы мүмкін.