Келісу комиссиясы – еңбек дауын реттеудің сотқа дейінгі міндетті сатасы

Жыл сайын Қостанай облысының жергілікті білім беру кәсіподағының аппараты аудандық (қалалық) деңгейдегі, облыстық білім беру ұйымдарының келісу комиссиялары мүшелерін тегін негізде оқытуды ұйымдастырады.
Биылғы жылдың тақырыбы «Келісу комиссиясы – еңбек дауын реттеудің сотқа дейінгі міндетті сатасы».
Бүгінде облыстың 5 өңірінен 300-ге жуық адам оқытумен қамтылды. 4 күннің ішінде 1100-ден астам адамды оқытуды жоспарлап отырмыз.
Алғашқы пікірлер:
– Бүгінгі оқытуға қатынасып, көптеген мағлұмат алдық. Берілген оқыту түсінікті, әрі біз үшін маңызды болды. Ұйымдастырып өткізген Сіздерге алғысымыз шексіз!