Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
Келісу комиссиясында жұмыс жасаудың практикалық дағдылары: Келісу комиссиясын құрудың қадамдық алгоритмі және оның жұмыс принциптері, еңбек дауларын талдау, еңбек дауларының мысалдары, комиссия отырысының хаттамасын жүргізу, еңбек даулары бойынша шешім әзірлеу және қабылдау»
Еңбек шарттарын жасасу кезінде, олардың әрекет ету процесінде, еңбек қатынастарын тоқтату кезінде жұмысшылар
мен жұмыс берушілер арасында жиі келіспеушіліктер туындайды. Бұл келіспеушіліктер көбінесе қызметкерлердің әкімшіліктің әрекеттеріне наразылығымен, олардың пікірінше, еңбек құқықтары мен еңбекке байланысты қатынастардың бұзылуымен байланысты.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚРЕК) 1-бабына сәйкес Еңбек дауы — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер;
Еңбек даулары проблемасына тап болған кезде жұмыс берушілер мен жұмысшылар осы дауларды шешу жолдарын білуі керек. Еңбек дауын қай орган шешуі керек? Көпшілігі тек сот органы дер. Бірақ, ол олай емес.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 8-тармағында, егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана мүмкін болатындығы белгіленген. Осылайша, бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабында белгіленген, оған сәйкес еңбек дауларын келісу комиссиясы қарайды және мұндай қарау міндетті болып табылады. Бұл ретте, қызметкерлер саны 15 адамнан кем ұйымдар үшін ерекшеліктер бар, мұндай ұйымдарда еңбек даулары бірден сот тәртібімен қаралуы мүмкін. Білім беру жүйесінде мұндай ұйымдар бар ма? Иә, бар, мысалы, түзету кабинеттері.
ҚР Еңбек кодексінде (бұдан әрі-ҚР ЕК) келісу комиссиясын құру рәсімі тікелей көзделмеген, тек өтініш беру және өтінішті қарау рәсімі көзделген. Бұл ретте, ҚР ЕК келісу комиссиясы туралы ережені немесе келісімді әзірлеуге міндеттейді. Мұндай ереже «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Келісім) арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімде бар-ол Келісімге № 1 қосымшада көрсетілген.
| № п/п | Іс-әрекет алгоритмі | Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі-ҚР ЕК)
|
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) |
| 1 | Келісу комиссиясын құру | Келісу комиссиясы жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады (ҚР ЕК 159 б. 2 т.). | Комиссия құрамының оңтайлы арақатынасын қалыптастыру мақсатында мынадай арақатынас ұсынылады (Келісімге 1-қосымшаның 1-тармағы):
— жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі еңбек ұжымдарында-әр тараптан екі өкілден; — 50-ден 150 адамға дейінгі еңбек ұжымдарында — әр тараптан үш өкілден; — 150 адамнан асатын еңбек ұжымдарында — әр тараптан төрт өкілден.
|
| 2 | Комиссияның дербес құрамын анықтау
|
Келісу комиссиясын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері арасында жасалатын келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде не ұжымдық шартта айқындалады (ҚР ЕК 159 б., 3 т.).
Келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде не ұжымдық шартта келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, келісу комиссиясы мүшелерінің қатарынан төраға мен хатшыны сайлау тәртібі туралы мәселелер қамтылуға тиіс (ҚР ЕК 159б., 3т.) |
Кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ мүшелерінің арасынан кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдеріұйымбасшысыныңбұйрығымен(Келісімге№1қосымшаның2-тармағы)айқындалады.
Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан білім беру ұйымының басшысы комиссия құрамына кіре алмайды. Комиссия мүшелерінің бірі жұмыстан босатылған жағдайда комиссияның құрамы өзгертілуі мүмкін. Егер келісу комиссиясының мүшесі еңбек дауына қатысушы болып табылған жағдайда, онда осы еңбек дауы бойынша комиссия құрамы өзгереді. |
| 3 | Келісу комиссиясының құрамы және ол туралы ереже қызметкерлердің назарына көрінетін жерге орналастырылсын
|
Келісу комиссиясының құрамын айқындау тәртібі, Комиссия құрамы туралы ережені қызметкерлердің назарына көрінетін жерде орналастыру ҚР Еңбек кодексінде белгіленбеген, бұл ретте ҚР ЕК ұйымда келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімнің болуы қажет екені анықталды (ҚР ЕК 159 б. 3т.) | Келісу комиссиясының құрамы және ол туралы ереже қызметкерлердің назарына көрінетін жерде орналастырылады (Келісімнің № 1 қосымшасының 2 т)
Келісу комиссиясын комиссия мүшелері жұмыс берушінің өкілдері мен жұмыскерлердің өкілдері арасынан ротациялық негізде-әрбір еңбек дауына мерзімділікпен сайлайтын төраға басқарады. Бұл ретте сол бойынша өтетін отырыста хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері орындай алмайды. |
| 4 | Комиссияның әрбір отырысында тараптар келесі отырыстың төрағасы мен хатшысын тағайындайды
|
Келісу комиссиясын екі жылда кемінде бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің қатарынан комиссия мүшелері сайлайтын төраға басқарады.
(ҚР ЕК 159 б. 5 т.). |
Келісу комиссиясын комиссия мүшелері жұмыс берушінің өкілдері мен жұмыскерлердің өкілдері арасынан ротациялық негізде-әрбір еңбек дауына мерзімділікпен сайлайтын төраға басқарады. Бұл ретте сол бойынша өтетін отырыста хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері орындай алмайды. (Келісімнің № 1 қосымшасының 6т). |
| 5 | Басшы өз бұйрығымен комиссияға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүктей отырып жұмыскерді тағайындайды.
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады (ҚР ЕК 159 б., 3 т.)
|
Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу, істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды (Келісімге № 1 қосымшасының 7 тармағы).
|
| 6 | Ұйымдағы істер номенклатурасын жүргізуге жауапты адамға келісу комиссиясы бойынша бөлімін енгізу | Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады (ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Келісу комиссиясының іс қағаздарын жүргізу кәсіподақ ұйымының жалпы іс қағаздарынан бөлек жүргізіледі
( Келісімге № 1 қосымшасының 8 тармағы)
|
| 7 | Комиссия еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді, еңбек шарттарын қолдануға байланысты жұмыскерлердің дауларын қарайды
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Дауларды қарайды (Келісімге №1 қосымшасының 10 т.):
1) еңбекке ақы төлеу; оның ішінде бос тұрып қалу, лауазымдарды біріктіру, болмаған жұмысшыны уақытша ауыстыру, қоса атқарылатын жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндері, мәжбүрлі түрде жұмыстан қалу жағдайында немесе заңсыз ауысуға байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақы айырмашылығы жағдайында; 2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру; 3) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы; 4) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру; 5) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай сомманы қайтару; 6) еңбек және оқу демалысын беру 7) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану; 8) тәртіптік жаза қолдану; 9) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмаған жазба туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе; 10) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту туралы; 11) келтірілген материалдық шығынды өтеу; 12) жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимін сақтау 13) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою 14) жұмыс уақытының тәртібі; 15) демалу уақыты; 16) жұмыстан шеттету; 17) сынақ мерзімі туралы. |
| 9 | Комиссияға келіп түскен өтініштерді қабылдау және тіркеу
|
Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс
(ҚР ЕК 159 б. 4.). |
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш жұмыс берушімен берілген күні міндетті түрде тіркелуге жатады. Комиссия жұмысының барлық шығындарын Жұмыс беруші өтейді (Келісімге № 1 қосымшасының 12 тармағы).
|
| 10 | Еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімдері
|
Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай,
басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл (ҚР ЕК 160 б.).
|
— жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша — жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай
— басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, соның ішінде бұрын еңбек қатынаста болған немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде (Келісімге № 2 қосымшасының 13 тармағы).
|
| 11 | Өтінімдерді қарау мерзімжері
|
Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға міндетті (ҚР ЕК 159 б., 5 т.).
Жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда келісу комиссиясы еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастай алады және дауды мәні бойынша шеше алады. Келісу комиссиясы жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскердің белгіленген мерзімдерде келісу комиссиясына жүгінбеу себептері дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды (ҚР ЕК 160 б.).
|
Келісу комиссиясы еңбек дауларын арыз тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күндік мерзімде қарауға міндетті. Қарау мерзімі объективті себептерге байланысты және тараптардың бірінің өтініші бойынша ұзартылып, ол туралы жеке шешім шығарылуы тиіс. Комиссияның себептердің объективтілігі және мерзімін ұзарту туралы шешімі дауыс беру арқылы қабылданады (Келісімге № 1 қосымшасының 14 тармағы).
|
| 12 | Өтініш берушіні комиссия отырысына шақыру
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Өтініш бойынша еңбек дауы қаралып жатқан жұмыскер комиссия отырысына үш күннен кешіктірілмей шақырылады (Келісімге № 1 қосымшасының 15 тармағы).
|
| 13 | Комиссия отырысының уақыты
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылардың қолайлы мезгілде қатыса алатындай уақытта өткізіледі (Келісімге № 2 қосымшасының 16 тармағы).
|
| 14 | Өтініш берушінің комиссия отырысына қатысуы
|
Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Өтініш берушінің жазбаша келісімі болған кезде дауды оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі. (ҚР ЕК 159 б., 4 т.)
Келісу комиссиясының отырысын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып өткізуге жол беріледі. Мұндай жағдайда келісу комиссиясы мүшелерінің және өзге де тұлғалардың қатысуы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе авторизациялану, сәйкестендірілу қамтамасыз етіле отырып және жұмыс берушінің отырыс жазбасын сақтауымен өзге де электрондық тәсілмен расталады (ҚР ЕК 159 б. 3 т).
|
Барлық даулар өтініш берушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған берілген өкілеттіктер шегінде қаралады. Дауды оның жазбаша келісімімен өтініш берушінің қатысуынсыз қарауға жол беріледі (Келісімге № 1 қосымшасының 17 тармағы).
Келісу комиссиясының отырысын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып өткізуге жол беріледі. Мұндай жағдайда келісу комиссиясы мүшелерінің және өзге де тұлғалардың қатысуы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе авторизациялану, сәйкестендірілу қамтамасыз етіле отырып және жұмыс берушінің отырыс жазбасын сақтауымен өзге де электрондық тәсілмен расталады (Келісімге № 1 қосымшасының 17 тармағы).
|
| 15 | Куәгерлерді комиссиясының отырысына шақыру, қажетті құжаттарды сұрау
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, әкімшіліктен құжаттар мен есептерді көрсетуді талап етуге, сұраныстар жіберіп, мемлекеттік және жоғарғы кәсіподақ органдарының кеңестерін қолдануға құқылы (Келісімге № 1 қосымшасының 18 тармағы).
|
| 16 | Комиссия мүшелеріне қарсылық білдіру | Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырысының басында мүдделі қызметкер отырысқа қатысып отырған кез-келген комиссия мүшесіне дәлелді наразылық білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда дауды қарау комиссиямен белгіленген басқа уақытқа ауыстырылады (Келісімге № 1 қосымшасының 19 тармағы). |
| 17 | Қарсылық білдіруді қанағаттандыру | Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Қарсылық білдіруді қанағаттандыру мәселесі:
а) әкімшілік өкіліне қатысты болса – ұйым басшысымен; б) кәсіподақ өкіліне қатысты болса – кәсіподақ комитетімен шешіледі. Басшы бұйрық шығарады, ал кәсіподақ комитеті наразылық білдіру туралы арыз қанағаттандырыла ма әлде жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Тағайындалған комиссия мүшесінің орнына басқа өкіл бөлінуі мүмкін. Қарсылық білдіру тек сол қызметкердің арызын қарау жөніндегі комиссия отырысы үшін жарамды (Келісімге № 1 қосымшасының 19 т).
|
| 18 | Хаттама жүргізу | Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Еңбек даулары жөніндегі комиссияның әрбір отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамаға отырыс аяқталған соң барлық мүшелер қол қояды. Келісімге қол жетпеген жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында әрбір тараптың ұсыныстары баяндалады және келісімге келмегені туралы жазылады.
Хаттамаға жазбаша түсініктемелер, қорытындылар, қатынас хаттар және дауды қарау барысында комиссиямен алынған өзге де құжаттар тіркеледі. (Келісімге № 1 қосымшасының 22 т).
|
| 19 | Комиссия шешімі
|
Егер жеке еңбек дауын қарау кезінде отырысқа жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің тарапынан келісу комиссиясы мүшелерінің тең саны қатысса, келісу комиссиясының отырысы мен шешімі заңды болып табылады. Дауыс беру кезінде келісу комиссиясының әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған келісу комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қоюға тиіс (ҚР ЕК 159 б. 5 т.)
|
Егер жеке еңбек дауын қарау кезінде отырысқа жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің тарапынан келісу комиссиясы мүшелерінің тең саны қатысса, келісу комиссиясының отырысы мен шешімі заңды болып табылады.
Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан барлық әкімшілік өкілдері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері арасында келісім бойынша қабылданады, міндетті күші бар және қандай да бір бекітуді талап етпейді. Комиссияның шешімдері қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, келісімдермен, ережелермен, қағидалармен, нұсқаулықтармен дәлелденіп және негізделуі тиіс. Ақшалай талаптар бойынша комиссия шешімдерінде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуі қажет (Келісімге № 1 қосымшасының 21 т).
|
| 20 | Өтініш берушіге комиссия шешімін беру
|
Келісу комиссиясы дау тараптарына шешімнің көшірмесін ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті (ҚР ЕК 159 б. 5т.).
|
Келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі даулы тараптарға шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
Копия решения согласительной комиссии выдается сторонам спора в течение трех рабочих дней со дня его принятия (Келісімге № 1 қосымшасының 21 т). |
| 21 | Реттелмеген дау | Мәселелер реттелмеген жағдайда жұмыскер немесе бұрын еңбек қатынастарында болған адам не жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. (ҚР ЕК 159 б. 7т.).
|
Егер еңбек даулары жөніндегі комиссияда дауды қарау кезінде кәсіподақ комитетінің өкілі мен әкімшілік өкілінің арасында келісімге қол жеткізілмесе, онда қызметкер дауды шешу туралы арызымен сотқа жүгінуге құқылы (келісімге № 1 қосымшаның 23 т.).
Егер жеке еңбек дауының тарапы келісу комиссияның шығарған шешімімен толық немесе жартылай келіспеген жағдайда, дау реттелмеген болып есептеледі де, шешіммен келіспеген тарап, келісу комиссиясының шешімін орындамаған жағдай сияқты, еңбек дауын шешу туралы арызымен сотқа жүгіне алады. Сонымен қатар егер комиссия мүшелері даудың бір тарапының пайдасына қатысты біржақты шешімге келе алмағанда, қарама-қарсы пікірідегілердің дауыстары тең болған жағдайда да жеке еңбек дауы реттелмеген болып есептеледі. Сондай-ақ, егер комиссия мүшелері қарама-қарсы қорытындылар бойынша дауыстардың тең санынан туындайтын бір тараптың пайдасына біржақты шешім қабылдамаса, дау реттелмеген болып есептеледі (Келісімге №1 қосымшаның 25 т.).
|
| 22 | Келісу комиссияның шешімін орындау тәртібі
|
Жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, келісу комиссиясының шешімі ол белгілеген мерзімде орындалуға жатады, ол келісу комиссиясының шешімі шыққан күннен бастап бір айдан аспайды.
Келісу комиссиясының шешімі бойынша жұмыс беруші төлеуге жататын сомалар өтініш берушіге келісу комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін келесі айдың жалақысын төлеу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей төленеді (ҚР ЕК 159 б. 6 т. )
|
Жұмысқа қайта қалпына келтіру дауын қоспағанда, еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері шешімде көрсетілген мерзімде ұйым әкімшілігі орындауға тиіс, келісу комиссиясының шешімі шығарылған күннен бастап бір айдан аспауы керек. Жұмыста қалпына келтіру туралы шешім дереу орындалады (Келісімге №1 қосымшаның 25 т.).
|
| Жекелеген даулар бойынша шешімдер шығару және орындау тәртібі
|
|||
| 1 | Бұрынғы жұмысына қайта қалпына келтіру | Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшін жалақысындағы айырма, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа төленеді (ҚР ЕК 161 б. 1т.).
Жеке еңбек дауын қарау бойынша келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға жатады. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімді орындауды кідірткен кезде келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін жалақысын немесе жалақысындағы айырманы төлеу туралы шешім шығарады (ҚР ЕК 161 б. 2 т.). |
Жұмысына қайта алу туралы шешім дереу орындалады (Келісімге № 1 қосымшаның 25т.).
Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді (Келісімге № 1 қосымшаның 26 т.). Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады (Келісімге №1 қосымшаның 27 т.).
|
| 2 | Жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шешу кезінде, еңбек даулары жөніндегі комиссия тәртіптік жазаларды қолдану тәртібін бұза отырып салынған жазаны жоя алады.
Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі (Келісімге № 1 қосымшаның 30 т.). |
| 3 | Жұмыскерге төленбеген және заңсыз ұсталған сомаларды қайтару туралы
|
Келісу комиссиясы қызметінің тәртібі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде айқындалады
(ҚР ЕК 159 б. 3 т.)
|
Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы жұмыскерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады (Келісімге № 1 қосымшаның 32 т.). |
Келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу үшін Жергілікті кәсіподақ жыл сайын Келісу комиссияларының мүшелерін тегін негізде оқытуды жүргізеді. Оқыту формасы әртүрлі: онлайн немесе офлайн режимдерде, күндізгі және сырттай нысандарда. Келісу комиссиясының мүшелерін оқыту бойынша өткізілетін курстардың мазмұны білім беру ұйымдары қызметінің ерекшелігіне бейімделген. Келісу комиссиясының мүшелері үшін оқыту:
Келісімкомиссиясына деген көзқарасәртүрлі.Кейбіреулеронытекжекееңбекдауын сотқа дейінгіреттеудіңзаңменқарастырылғантетігі деп санайды, ал басқаларысотқа бару жолындағыкедергі, ал басқалары жанжалдышешудіңқұралы деп санайды.
Бұл ретте, Жергілікті кәсіподақ тұлғаға оқытудың әсері жыл сайын келісу комиссияларына өтініштер саны азаяды деп есептейді, өйткені комиссия мүшелері еңбек дауын келісу комиссиясында қаралғанға дейін жеткізбеуге сендіре, түсіндіре, жәрдемдесе алады:
2023 жылы-жеті еңбек дауы бойынша шешімдер қабылданды;
2024 жылы-екі еңбек дауы бойынша;
2025 жылы-жарты жыл ішінде-еңбек даулары бойынша өтініштер жоқ.
Еңбек дауларының негізгі категориялары:
4.Еңбек дауларының мысалдары. Келісу комиссиясының негіздемесі бар шешімі.
№ 1 мысал
Мен, Татьяна Владимировна Иванова, балабақшада әдіскер болып жұмыс істеймін, екі балам бар: бір бала бір жарым жаста, ал екіншісі 4 жаста. Балабақша басшысы мені 3 күнге іссапарға, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өткізетін семинарға жіберіп отыр. Мен бұл іссапармен келіспеймін, өйткені менің кішкентай балаларым бар. Жұмыс беруші мені іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарды. Менің еңбек дауымды қарастыруды сұраймын.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімі мынадай болуға тиіс:
ҚазақстанРеспубликасыЕңбеккодексінің(бұдан әрі-ҚРЕК)127-бабынасәйкес, үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімнің жүзеге асырылуына мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелеріне күтімді жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. ӘдіскерТ. В. Ивановадаекібаланыңбіреуініңжасы3жастаназ.
Осыған сүйене отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы
ШЕШТІ
— әдіскер Татьяна Владимировна Иванованы іссапарға жіберу туралы бұйрықтың күшін жойсын;
2.Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек дауы тараптарына жеткізілуге тиіс.
№ 2 мысал
Мен, Мұхтар Әмірұлы Сәкенов– № 5 мектептің күзетшісі 24 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін еңбекке уақытша жарамсыздық себебі бойынша жұмыс орнында болмадым. Еңбекке жарамсыздық парағын 1 қазан күні бердім. Еңбекақы төлеу кезінде қыркүйек айында меннен еңбекке жарамсыздық салдарынан жалақыдан ұстап қалуды жүзеге асырды. Ал жұмыс беруші менің келісімімсіз жалақыдан ұстап қалуға құқылы ма? Мен келісім берген жоқпын. Осы еңбек дауын қарауды сұраймын.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімі мынадай болуға тиіс:
Еңбек дауын қарау барысында комиссия ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес мектеп қызметкерлері ағымдағы айда жалақы алатынын және жұмыс уақытын есепке алу табелі ағымдағы айдың 20-да толтырылатынын ( қызметкерге айдың соңына дейін жұмыс істеген түрінде жұмыс күндері қойылады), яғни қызметкер М. А. Сәкенов қыркүйек айында еңбекке жарамсыздық парағының болуына қарамастан, жалақыны толық көлемде алғаны анықталды яғни, жалақы жұмыс істемеген кезең үшін аванс ретінде есептелген.
Ал ҚР ЕК-нің 115 б., 2 т., 3 тармақшасына сәйкес жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді хабардар ете отырып, жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда жұмыскердің келісімі талап етілмейді. Алайда, М. А. Сәкеновтің мәлімдемесі бойынша жұмыс беруші оны жұмыс істемеген күндер себебінен белгілі бір сома ұсталатыны туралы жазбаша хабардар етпеген, яғни жұмыс беруші М. А. Сәкеновтің жалақысынан соманың бір бөлігін ұстап қалуға құқығы жоқ.
Осыған сүйене отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісукомиссиясы ШЕШТІ:
1.Мектеп басшысы:
— күзетші М. А. Сәкеновке қыркүйек айындағы жалақыдан заңсыз ұсталған соманы өтесін;
— жұмыс істемеген кезеңде М.А. Сәкеновке аванспен есептелген жалақыны ұстап қалу рәсімін ҚР ЕК-нің 115-бабы, 2 т., 3-т. сәйкес жүргізсін.
2.Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде еңбек дауы тараптарына жеткізілуге тиіс.
№ 3 мысал
Мен, колледж оқытушысы В. И. Самойлов, жылына 840 оқу сағаты немесе аптасына 21 сағат жүктемемен жұмыс істеймін. Алайда, еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы маған жылына нормативтік оқу жүктемесіне сүйене отырып есептеледі – атап айтқанда аптасына 720 сағат немесе 18 сағат есебінен. Мен бұнымен келіспеймін. Осы еңбек дауын қарауды сұраймын.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімі мынадай болуға тиіс:
Сауықтыру жәрдемақысы азаматтық қызметшілерге еңбек демалысына шыққан кезде күнтізбелік жылға 1 рет лауазымдық жалақысы мөлшерінде төленеді (ҚР ЕК 139-бабы). Педагогтердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық жалақысы аптасына белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-тармағы, 2-тармақшасы). Осыған сүйене отырып, сауықтыру жәрдемақысы нақты оқу жүктемесі ескеріле отырып төленеді.
Осыған сүйене отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясы ШЕШТІ:
1.Колледж басшысына:
–колледжоқытушысыВ. И. Самойловқа сауықтыруғаарналғанжәрдемақыныбелгіленгеннақтыоқужүктемесі есебінен-аптасына21сағатқақайтаесептеужүргізсін.
2.Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек дауы тараптарына жеткізілуге тиіс
№ 4 мысал
Мен, Динара Валеевна Ибраева, үш жыл бойы № 12 мектепте мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі болып жұмыс істеймін және жыл сайын менің жалақым балалардың санына байланысты, егер сыныптағы 10 баладан көп болса – тәрбиешінің 1 ставкасын төлейді, егер оннан аз болса, онда 0,7 ставканы төлейді. Ал биыл 5 бала 0,5 ставка төлейді. Сондықтан мен жарты күн жұмыс істегеннен кейін жұмыс орнымнан кетуге құқығым бар. Осы дауды қарауды және үш жыл жұмыс істеген уақытым үшін маған тиесілі төлемдер жүргізуді сұраймын.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімі мынадай болуға тиіс:
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес мектепалды даярлық бойынша жұмыс ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі сыныптар үшін тәрбиеші лауазымының штат бірлігі белгіленеді ( «Барлық білім беру ұйымдарында ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» 8 бөлім, 20 тармақ) яғни МАДС сыныбының тәрбиешісінің лауазымы сыныптағы балалардың санына байланысты емес.
Еңбек шартында белгіленген өзінің лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, Д. В. Ибраева «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі үшін белгіленген апта сайынғы сағат —24 сағат нормасына сүйене отырып, күн сайын өзінің жұмыс орнында болды. Бұл ретте, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығын бұза отырып, № 12 мектеп директоры Д. В. Ибраеваға жыл сайын ставкадан төмен жүктемені белгілеп, бірақ жұмыс режимін аптасына 24 сағатқа қалдырып отырған. Өтініш беруші Д. В. Ибраева 2023-2025 жылдар кезеңінде мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі лауазымында нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақыны қайта есептеуге үміткер. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабына сүйене отырып, талап қоюдың жалпы мерзімі үш жылда белгіленеді.
Осыған сүйене отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы ШЕШТІ:
1.№ 12 мектеп директорына:
-Қосымшакелісімжасасужолыменжүктеме(ставкаданкемемес),жалақыбөлігіндемектепалдыдаярлықсыныбыныңтәрбиешісіД.В. Ибраеваменеңбекшартынсәйкестіккекелтіру.
-ҚазақстанРеспубликасыАзаматтықкодексінің178-бабынасүйене отырып, Д.В. Ибраеваға мектепке дейінгі даярлықсыныбыныңтәрбиешісілауазымыбойынша1ставкаесебіненүшжылдағыжалақыны,демалысақысын,сондай-ақ сауықтыруғаарналғанжәрдемақыны қайта есептесін.
2.Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек дауы тараптарына жеткізілуге тиіс
№ 5 мысал
Мен, Светлана Михайловна Добровольцева, әлеуметтік педагог болып жұмыс істеймін және лауазымдарды қоса атқару бойынша педагог-психолог болып жұмыс істеймін. «Әлеуметтік педагог» лауазымы бойынша «педагог-модератор» біліктілік санатым бар. Бұл біліктілік санаты «педагог-психолог» бірлескен лауазымына да таралуы керек деп санаймын. Алайда, мектеп директоры бұл таратуды жүзеге асырмай отыр. Осы дауды қарауды сұраймын, өйткені мен «педагог-психолог» лауазымы бойынша санат үшін қосымша ақы жоғалтып отырмын ғой.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімі мынадай болуға тиіс:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «Педагогтерді аттестаттаудан өтізу қағидаттары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес педагогикалық қызметті лауазымдарды қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
С. М. Добровольцева лауазымдарды қосымша атқару бойынша педагог-психолог болып жұмыс істемейді (қосымша атқарылатын жұмыс бойынша еңбек шарты жоқ), бірақ осы лауазымды қоса атқарады, ол үшін қосымша ақы алады, қосымша келісіммен еңбек шартына өзгерістер енгізілген. Ендеше, № 83 бұйрықтың 27-тармағын «педагог-психолог» лауазымын қоса атқаруға қолдануға болмайды. С. М. Добровольцева келісу комиссиясының осы дәлелімен келісті.
Осыған сүйене отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы ШЕШТІ:
2.Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек дауы тараптарына жеткізілуге тиіс
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде келісу комиссиясы отырысының тәртібі реттелмейді. Бұл ретте, келісу комиссиясының отырысын өткізудің мынадай алгоритмін ұсынамыз:
Келісу комиссиясы отырысының хаттамасын толтыра отырып, еңбек дауының мысалы және шешім қабылдау
Келісім комиссиясына 2025 жылғы 15 қыркүйекте келесі жағдай бойынша еңбек дауын шешу туралы өтініш келіп түсті. Әлібекова Гүлсара Мұхтарқызы № 12 балабақшада аспаз болып жұмыс істейді. 2025 жылғы 5 қыркүйекте ол балабақша меңгерушісінің атына өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді, бірақ 2025 жылдың 10 қыркүйегінде ол жұмыстан босату туралы өтінішін қайтарып алу туралы өтінішпен қайта жүгінеді. Алайда, балабақша меңгерушісі оны жұмыстан шығару туралы бұйрық 9 қыркүйекте шыққанын айтып, одан бас тартты. Әлібекова өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп санайды және оны мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған күндері үшін өтемақы төлей отырып, аспаз лауазымында қалпына келтіруді сұрайды.
№ 1 хаттама
жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясының отырысы
Лисаков қ. 2025жылғы25қыркүйек
сағат 10.00
Өкізу орны: № 12 балабақша
Жеке еңбек дауларын шешу бойынша келісу комиссиясының құрамы:
Жұмыс беруші тарапынан:
Жұмыскерлер тарапынан
Осы отырыстағы міндеттер:
Төраға-Тұрғымбаева Шолпан Елеманқызы;
Хатшы-КудряшоваНинаВладимировна.
Отырысқа қатысушылар:
Әлібекова Гүлсара Мұхтарқызы-аспаз.
Шақырылғандар: Ким Юлия Львовна — № 12 балабақша меңгерушісі
Күн тәртібі:
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы
жеке еңбек дауын шешу, сондай-ақ мәжбүрлі жұмыстан шығу кезінде өтемақы төлеу.
Тыңдады:
Келісу комиссиясының төрағасы Ш.Е. ТұрғымбаеваеңбекдауытараптарынанКелісукомиссиясыныңмүшелерінеқарсылықбілдірутуралысұрады.Ешқандайқарсылықтүскен жоқ.Ш. Е. ТұрғымбаеваКелісукомиссиясыныңмүшелерінГүлсараМұхтарқызы Әлібекованың өтінішініңмазмұныментаныстырды.Сондай-ақ, ол дауөкілдерінемәселеніңмәнінжәнеоныңдәлелдерінбаяндаудыұсынды.
Аспазшы Г. М. Әлібековаөзініңбасқажұмысорнынажұмысқа орналасқысы келгенін,бірақ ол жерге басқа адамқабылданып қойғандықтан, өзінің жұмыстан кету туралы шешімінөзгерткенінтүсіндірді. Ол өз ойын өзгертугеқұқылыдепсанайды.Еңбекшартыныңзаңсызбұзылуына байланысты ол6күнбойы жұмыс істемедіжәнесолкүндердегітабысынжоғалтты.
№ 12 балабақша меңгерушісі Ю.Л. Ким тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзғанын түсіндірді (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабы 1-тармағы), сол арқылы қызметкердің шартты бұзу туралы ескерту мерзімін бір ай ішінде сақтамауға болатынын айтты.
Келісу комиссиясының мүшелері қоятын сұрақтар:
А. Х. Шаяхметова(Ю. Л. Кимгесұрағы):Г. М. Әлібекованың еңбекшартынөзқалауы бойынша бұзутуралыөтінішіқайкүнітіркелді?
Ю. Л.Ким:өтініштіркелмеген,іс жүргізуші онымаған«Пошта»папкасынасалған.Өтініштізерттегеннен кейін-менөтініште -тараптардыңкелісімі бойынша шарт 9қыркүйектенбастап бұзылсын деп жаздым.
С. К. Нұрмағамбетова(Г. М. Әлібековаға сұрағы):Сіз9қыркүйектенбастапшарттыбұзуғакелісесіз бе?
Г. М. Әлібекова:шарттыбұзукүніменіменкелісілмеді,менбасшыға бір ай бұрын жұмыстан босатутуралыескертуімкерекекенінбілдім,маған уақытынан бұрын шартты бұзу қажет емес еді.
Н. В. Кудряшова(Ю. Л. Кимгесұрағы.):неліктенсізшарттыөзқалауыңызбойыншабұзуғаөтініш білдіре отырып (ҚазақстанРеспубликасыЕңбеккодексінің49-бабы5-тармағы бойынша) онытараптардыңкелісімі бойынша бұзуғашешім қабылдадыңыз?
Ю. Л.Ким:Г. М.Алибековаөзеркімен жұмыстан босату туралы өтініште жұмыстан шығарумерзімінкөрсетпеді,меноныңтезірек жұмыстан шықпақ ойы бар екен деп шештім.
Ш. Е. Тұрғымбаева (Ю. Л. Кимге сұрағы.): Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі келесідей:
Қызметкерсізденхабарламамерзіміаяқталғанғадейіноныменеңбекшартынбұзудысұрағанжоқ,сізмұныөзіңіз жасадыңыз.СізГ. М. Әлібековамен еңбекшартынбұзуЕңбеккодексіндебелгіленгентәртіптібұзаотырыпжүргізілгенінтүсінесіз бе?2025жылғы9қыркүйектенбастапГ. М. Әлібековамен шарттыбұзутуралыбұйрықтың күшін жоюға,сондай-ақ оныаспазшылауазымынақалпына келтіруге жәнеоныңмәжбүрлі түрде жұмысқа келмегені үшін өтемақытөлеугекелісесізбе?
Ким Ю. Л.: иә, келісемін
Комиссия төрайымы: Ш.Е.Тұрғымбаева
Комиссия хатшысы: Н.В.Кудряшова
Комиссия мүшесі: А.Х.Шаяхметова
С.К.Нұрмағамбетова
Жеке еңбек дауларын шешу бойынша келісу комиссияның шешімі
Лисаков қ. 2025жылғы25қыркүйек
сағат 10.00
Өкізу орны: № 12 балабақша
Жеке еңбек дауларын шешу бойынша келісу комиссиясының құрамы:
Жұмыс беруші тарапынан:
Жұмыскерлер тарапынан
Өз отырысында аспазшы Гүлсара Мұхтарқызы Әлібекованың еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы, сондай-ақ мәжбүрлі түрде жұмысқа келмегені үшін өтемақы төлеу туралы өтінішін қарап, комиссия белгіледі:
1).Тараптардыңкелісімі бойынша еңбекшартынбұзуғаниет білдірген еңбек шартының тарабы(бұлжағдайдамеңгеруші Ю.Л.Ким)еңбекшартыныңекіншітарапына(г. м. Әлібековаға)хабарламажіберугетиісболды.
2).Хабарламаны алған тарап үшжұмыскүніішіндеекіншітарапқақабылданғаншешімтуралыжазбашанысандахабарлауғаміндеттіболды.
3).Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу күні қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша айқындалуы тиіс еді.
Тараптаржоғарыда аталған әрекеттердіжүзеге асырмады.
2.Сондай-ақ, комиссия, меңгерушіЮ.Л. КимГ. М. Әлібекованы бір аймерзімішінде жұмыстан босатутуралыөтінішін кері қайтарыпалумүмкіндігіненайырғаны туралы анықтады (ҚазақстанРеспубликасыЕңбеккодексінің56-бабы4-тармағы).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-161-баптарын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясы
ШЕШТІ
«Ия» дауыс беру нәтижелері-4 адам
Комиссия төрайымы: Ш.Е.Тұрғымбаева
Комиссия хатшысы: Н.В.Кудряшова
Комиссия мүшесі: А.Х.Шаяхметова
С.К.Нұрмағамбетова