Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағымен ТЕГІН НЕГІЗДІ ұйымдастырылған «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбы бойынша облыстық білім саласындағы келісу комиссиясының мүшелеріне арналған курстардың қорытындылары шығарылды.
Курстар бір айға жуық созылды. Осы уақыт аралығында 400-ден астам тыңдаушылар білім алып, сертификат алды.
Келісу комиссияларының қалған мүшелерін жергілікті жерлерде оқыту каскадтық әдіспен ұйымдастырылады.
Курстың барлық материалдары (қазақ және орыс тілдерінде) біздің сайтта (lprofedu.kz) «Кәсіподақ активтері мектебі» бөлімінде орналастырылған.
Тыңдаушылардың пікіріне қарасақ, курстар «қызықты, пайдалы, өнімді, қажетті» және т.б. пікірлер білдірілген.
Курстарды ұйымдастыру және өткізу, оның мазмұндылығы бойынша үлкен жүктеме түскен Жергілікті кәсіподақтың қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Сувороваға көптеген лайықты алғыс сөздер айтылды.
Тілектерден – теориялық сабақтар да күндізгі бетпе-бет режимінде өткізілсе екен деген ұсыныстар айтылған.
Қолайлы эпидемиологиялық жағдайда келесі жылғы осы ұсынысты есереміз.
ҚР ЕК-не сәйкес (159 б. 8 т.) келісу комиссиясының мүшелері жыл сайын оқуға міндетті.