«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің
қаулысымен бекітілген
24.12.2021 ж №6 хаттама
«Мұғалімдер бөлмесі -жайлылық алаңы»
конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережесі
- Осы Ереже «Қостанай облысы бiлiм және ғылым ұйымдары қызметкерлерiнiң жергілікті кәсiптiк одағы» ҚБ-не мүше ұйымдары арасында «Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы» конкурсын (бұдан әрi «Конкурс») өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
- Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі– «Кәсіподақ»).
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
- Конкурс:
– мұғалім тұлғасының зияткерлік және тәрбиелік әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға бағытталған мәдени-шығармашылық атмосферасын жасау;
– мұғалімнің имиджіне көңіл аударуды күшейту;
– кәсіби сырқаттанушылықты төмендету мақсатында жүргізіледі.
- Конкурс міндеттері:
– үздік мұғалімдерді анықтау;
– әлеуметтік қорғау мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен орнын арттыру;
– білім және ғылым ұйымдары басшыларының назарын мұғалімдер бөлмесінің жай-күйіне аударуды күшейту болып табылады.
Конкурс қатысушылары
- «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»ҚБ-ның мүшелік ұйымы болып табылатын білім және ғылым ұйымының конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ 3 адамнан тұратын Конкурстық комиссия құрады.
- Конкурстық комиссияға жалпы басшылық ету, Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау (бұдан әрі – Құжаттар) және оларды қарау, жеңімпаздарды анықтау, сондай-ақ Конкурсты өткізуге байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін кәсіподақтың мүшелік ұйымы 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін электрондық поштаға lprofedu@mail.ru конкурстық комиссияға барлық қажетті құжаттарды осы Ереженің қосымшаларына сәйкес электронды түрде жібереді.
Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген құжаттар қаралмайды.
Қорытындылау
- Конкурстың қорытындылары ұсынылған Құжаттардың негізінде есепті кезеңнің (2022 жыл) нәтижелері бойынша шығарылады.
- Конкурс жеңімпаздарын анықтаудың негізгі өлшемі балдардың жалпы сомасы болып табылады.
3.Конкурс жеңімпаздары конкурстық комиссияның шешімі негізінде кәсіподақ грамоталарымен және ақшалай сыйақымен марапатталады, оның мөлшерін кәсіподақ иеленген орнына байланысты айқындайды.
- Конкурстың қорытындысы 1 қазаннан кешiктiрiлмей бекiтiліп, Кәсiподақтың ресми сайтында жарияланады.
«Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы» конкурсы
туралы ережесіне 1 қосымша
«Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы»
Конкурсқа қатысушының сауалнама-өтінімі
№ | Атауы | Ақпарат |
Ұйымның толық атауы | ||
Ұйым байланыстары
(заңды мекен-жайы, телефон, e-mail) |
|
|
Ұйым басшысының аты-жөні | ||
Кәсіподақ ұйымы төрағасының аты-жөні |
|
|
Кәсіподақтың аудандық, қалалық ұйымының атауы | ||
Аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымы төрағасының толық атауы
|
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ________________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
«___» ______________ 20___ж.
«Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы» конкурсы
туралы ережесіне 2 қосымша
_____________________________________________________________________________
(ұйым атауы)
«Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы»
конкурсына қатысушы жұмысының көрсеткіштер кестесі
№ | Жұмыс көрсеткіші | Саны | Көрсеткіштер бойынша ұпайлар саны | Растайтын материалдар |
1 | Ұйым қызметкерлерінің саны, барлығы, соның ішінде: | – | – | |
1.1. | 35 жасқа дейінгі жастар | – | – | |
1.2. | әйелдер | – | – | |
2. | Кәсіподақ мүшелерінің саны | – | – | |
3. | Жиһаздың қауіпсіздік және жайлылық талаптарына сәйкестігі | 10 | фотоматериал | |
4. | Интерактивті жабдықпен және ұйымдастыру техникасымен жарақтандыру | 10 | фотоматериал | |
5. | Тұрмыстық техникамен жарақтандыру | 10 | фотоматериал | |
6. | Интерьер дизайны | 10 | фотоматериал |
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ________________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
«___» ______________ 20___ж.