Осындай ұранмен көктемнің алғашқы күндерінде Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы мүшелері мен олардың балалары, яғни 100 – ден астам қатысушылар жиналған дәстүрлі отбасылық кәсіподақ спартакиадасы өтті.
Ата-аналар балаларымен бірге шатқалдан шаңғымен бөренелерден өту, үш сіріңкенің көмегімен от жағу, Пейнтбол маркерінен оқ ату, бөренені жылдамдыққа кесу, арқанмен тауға көтерілу, шегелер қағу, тюингпен жарысу және басқа да төзімділік, тапқырлық пен ұйымшылдық сынақтарынан өту бойынша жарысты.
Барлық қатысушылар тапсырмаларды абыроймен орындады, ал кедергілерден ең жылдам өткен және айыппұл ұпайларының ең аз санын жинаған командалар жеңімпаз атанды. Бұл туралы келесі басылымда…
Кедергілерден ең жылдам өтіп, ең аз айыппұл ұпайларын жинаған командалар спартакиаданың жеңімпаздары болды.
Сарыкөл ауданының командасы ең жылдам әрі епті болып, спартакиада қорытындысы бойынша 1 орынды иеленді.
2 орынға Алтынсарин ауданының отбасылық командасы лайықты болды.
3 орынды Қамысты ауданы мен Арқалық қаласының командалары бөлісті!
Жеңімпаз бен жүлдегерлер грамоталармен және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды!
Жарыстың әр қатысушысы жақсы көңіл-күй мен сергектік қана емес, сонымен қатар кәсіподақтан «Therma Park» сауықтыру кешеніне баруға сертификат алды.
Шынымен де нағыз денсаулық пен отбасылық демалыс мерекесі болды!