«ҚҰМАРЛЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚ. ДЕМАЛЫС» ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2023 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 3 хаттамасымен бекітілген.

 

 

«ҚҰМАРЛЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚ. ДЕМАЛЫС»

ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1.                Мақсаты мен міндеттері.

·         Жергілікті кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтына ұмтылу негізінде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға ықпал ету

·        Жергілікті кәсіподақ мүшелері мен олардың балалары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу үшін жағдай жасау.

·        Отбасы мен отбасылық дәстүрлерді нығайту жарыстарын өткізу процесіне жағдай жасау.

·        Мықты отбасылық команданы анықтау

 

2.                Өткізу орны мен уақыты.

Өткізу орны: 23 февраля 2024 ж.

Өткізу орны: «Золотой фазан»  демалыс базасы

 

 

3.                Ұйымдастырушылар мен басшылық.

 

 

 

Жобаны ұйымдастыру мен өткзуге жалпы басшылық жасау– «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

Жарыстарды тікелей өткізу ұйымдастыру комитеті мен төрешілер алқасына жүктеледі.

 

4.                Қатысушылар.

 

«Құмарлық. Денсаулық. Демалыс» облыстық отбасылық спартакиадаға қатысуға құрамында ата-аналары (жергілікті кәсіподақ мүшелері) және 2 баласы (5-9 сынып оқушылары) бар отбасылық топқа рұқсат етіледі. Филиалдан бір команда.

Команданың өзіндік ерекшелігі болуы керек.

 

5.     Марапаттау.

 

Командалар – «Құмарлық. Денсаулық. Демалыс» облыстық отбасылық спартакиада  жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом және  кәсіподақ сыйлығымен марапатталады.

Ұйымдастырушылар мерекенің үздік спортшылары мен командаларының номинацияларын белгілеу құқығын өзіне қалдырады.

 

 

8. Шығындар.

Дайындық пен өткізуге байланысты барлық шығындарды «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ, филиалдар көтереді.

Командалардың жарыс өтетін жерге және кері қайтуына байланысты шығыстарды төлеу іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

Команданың әр қатысушысы үшін жарғылық жарна – 5000 (бес мың) теңгені құрайды.

 

 

10. Қатысуға өтінім.

«Құмарлық. Денсаулық. Демалыс» облыстық отбасылық спартакиадаға қатысу өтінімі 2024 жылғы 14 қаңтардан кешіктірілмей lprofedu@mail.ru  электрондық поштаға жіберілу қажет.

Өтінімде денсаулық жағдайы туралы белгі және медицина қызметкерінің қолы болуы керек.

 

 

«Құмарлық. Денсаулық. Демалыс»

облыстық отбасылық спартакиадаға қатысу

ӨТІНІМІ

 

Команда қатысушысының аты-жөні Туған күні, айы, жылы

 

Жұмыс/оқу орны Шаңғы қажеттілігі Дәрігердің рұқсаты