«МЕРЕЙ» ЖЫЛ ПРЕМИЯСЫ ТУРАЛЫЕ ЕРЕЖЕ 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ алқау қаулысымен бекітілді

2025 жылғы   «_28___» ____08________№ _4__

 

  «МЕРЕЙ» ЖЫЛ ПРЕМИЯСЫ ТУРАЛЫЕ ЕРЕЖЕ 

  1. Жалпы ережесі

1.1. Осы Ереже қатысу шарттарын, жеңімпаздарды іріктеу өлшемшарттарын және марапаттау рәсімін қоса алғанда, «Мерей» жыл премиясын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. «Мерей» жыл премиясы кәсіби ортада және қоғамда танылатын Қостанай облысының өскелең ұрпағын тәрбиелеу мен білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан талантты, шығармашыл жұмыс істейтін педагогтарды, басшыларды және қызметкерлерді анықтауға және қолдауға бағытталған.

1.2. «Мерей» жыл премиясының құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ болып табылады.

1.3. «Мерей» жыл премиясының қорытындысын шығару жыл сайын «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қызметінің жоспарында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

  1. Мақсаттар мен міндеттер

Негізгі мақсаттары:

— Педагогикалық кәсіптің беделін арттыру және Қостанай облысында білім беруді дамытуға қосқан білім беру саласы қызметкерлерінің, педагогтерінің үлесін көпшілік алдында тану.

— Талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау және қолдау, олардың озық тәжірибелерін тарату.

— Педагогтердің, білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби өзін-өзі көрсетуі және шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау.

Міндеттер:

— Педагог қызметкерлердің кәсіби өсуін ынталандыру.

— Қазіргі педагогтың оң кәсіби имиджін қалыптастыру.

— Педагогтар арасындағы шығармашылық және іскерлік байланыстарды, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

— Педагогикалық қызметтің үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту.

— Білім беру саласындағы жетістіктерге жұртшылықтың назарын аудару.

 

  1. 3. Қатысушылар

 

3.1. «Мерей» жыл премиясының қатысушылары барлық типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының жұмыс істейтін педагогтары мен қызметкерлері болып табылады: мұғалімдер, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары, орта кәсіптік білім беру оқытушылары, басшылар және басқалар.

  1. «Мерей» жыл премиясының номинациялары

4.1. Номинациялар:

  1. «Балаларға берілген жүрек» — әр баланың жеке тұлғалық дамуына ерекше қамқорлық көрсеткен педагогтар мен қызметкерлер үшін
  2. «Педагог-шебер» — оқытуға жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын көрсететін педагогтар үшін
  3. «Білім берудегі инновациялар» — білім беру технологиялары мен оқыту әдістеріне инновацияларды табысты енгізетін педагогтар үшін.
  4. «Адамдытәрбиелеу»-оқушылардыңрухани-адамгершіліктәрбиесіндеерекшежетістіктергежеткенпедагогтарменқызметкерлер үшін.
  5. «Педагог-көшбасшы»-көшбасшылыққасиеттерін көрсететін жәнебілім беру мекемесініңқоғамдықөмірінебелсендіқатысатынпедагогтарүшін.
  6. «Ықылас»-білім беруді дамытуғаелеуліүлес қосқан көпжылдықтәжірибесі бар педагогтарменқызметкерлергеарналғанарнайыноминация.
  7. «Кәсіпқойлар әулеті» — кәсіби тәжірибені, дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін және оларды қоғамға тарататын мұғалімдердің және қызметкерлердің бір отбасының өкілдері үшін.
  1. Қорытындылау және марапаттау

5.1. Номинанттарды іріктеуді «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдарының атқарушы органы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының ұсынуы бойынша жүзеге асырады.

5.2. «Мерей» жыл премиясына үміткерлер қатысушы дипломымен, естелік мүсіншемен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

5.3. Педагогтердің еңбегін мойындаудың басты символы арнайы құрылған мүсін болып табылады, ол 1-қосымшаға сәйкес салтанатты түрде «Мерей» жыл премиясының жеңімпаздарына тапсырылады.

Мүсін-бұл мамандықтағы білім, даналық пен шығармашылықтың бірлігін бейнелейтін көркем туынды (1-сурет).

5.4. Жеңімпаздар туралы ақпарат «Мерей» жыл премиясын ұйымдастырушылардың ресми ресурстарында және БАҚ-та жарияланады.

  1. Конкурсты қаржыландыру 

6.1. «Мерей» жыл премиясын қаржыландыру кәсіподақтың қаражаты, демеушілік жарналар және нысаналы аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

 

Қосымша 1

«Мерей» жыл премиясын табыстау тәртібі

  1. «Мерей»жылпремиясыбілім беру ұйымдарынданемесеаудандық/қалалықдеңгейде өткізілетінМұғалімдеркүні мен Кәсіподақ күніне арналған іс-шаралардасалтанатты түрде табысталады.
  2. Табыстау алдында «Мерей» жыл сыйлығы туралы бейнеролик көрсетіледі -2 минутқа дейін.
  3. «Мерей»жылпремиясы«Қостанайоблысыбілімжәнеғылымұйымдарықызметкерлерініңжергіліктікәсіптікодағы»ҚБтөрағасы,филиалдыңтөрағасынемесеоныалмастыратынтұлға табыстайды.
  4. Төрағаның«Мерей»жылпремиясыныңноминантытуралыфотожәнебейнематериалдарынвизуалды көрсетумен сөйлеген сөзі — 3минутқа дейін:

1) номинанттың өмір жолы туралы жалпы ақпарат;

2) кандидатты таңдауға негіз болған кәсіби жетістіктер туралы жалпы ақпарат;

3) номинантты таңдау негіздемесімен комиссия жұмысының қорытындылары туралы ақпарат.

  1. Қатысушыдипломын,естелікмүсіншеніжәнебағалысыйлықты тапсыру — 2минутқа дейін.
  2. «Мерей»жылпремиясыноминантынқұрметтеудіңжалпыұзақтығы — 7минутқа дейін.