Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім беру саласында педагогтармен бір командада әр түрлі мамандықта түрлі жұмыскерлер жұмыс істейді және әрқайсысы ортақ іске өз үлестерін қосады. Бүгін, Еңбек күні қарсаңында, сіздерге үлкен алғысымды білдіргім келеді!
Сіздердің алтын қолдарыңыз бен мейірімді жүректеріңіз, еңбекқорлық бен шеберліктеріңіз, қайырымдылық пен шексіз шыдамдылықтарыңыз үшін алғыс айтамын! Балаларды дәмді және пайдалы түскі аспен тамақтандырғаныңыз үшін, жылы жүзбен күлімдеп қызықты кітапты таңдап, қыстың қарлы борандарынан кейін мектеп жолдарын тазалап, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне шебер қызмет етіп, кәсіби медициналық көмек көрсеткендеріңіз және т. б. қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз.
Өз тарапымыздан біз де сіздердің мүдделеріңізді қолдауға, еңбек жағдайларын жақсартуға барынша күш салудамыз. Техникалық және қызмет көрсету персоналы қатарындағы бірқатар қызметкерлерге жұмыс аптасы 36 сағатқа дейін қысқартылды, ақылы демалыс ұлғайтылды, санаторий-курорттық сауықтыруға қосымша жеңілдіктер беріледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты, біз «Еңбек жолы» жобасын мамандықтар өкілдеріне арнап отырмыз. Осы орайда «Учительская плюс» газеті мен әлеуметтік желілердің беттерінде 70-тен астам мақала жарияланды. Біз адал еңбекті дәріптеу бойынша осы маңызды жұмысты жалғастырамыз.
Құрметті достар, сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан еленіп, мол табысымен қуантсын. Барлық істер мен бастамаларыңызда сәттілік сіздермен бірге жүрсін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы,
педагогка ғылыдарының кандидаты
В. Цымбалюк