Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Бүгін біз Еңбек күнін атап өтеміз. Бұл адамның шынайы шеберлігі мен таңдаған ісіне деген адалдығын дәріптейтін жақсы әрі маңызды мереке.
Біздің сала әртүрлі мамандықтағы адамдарды біріктіреді. Білім беру ұйымдарында мұғалімдермен қатар, мектептерде, колледждерде, балабақшаларда олардың қызметінсіз соншалықты жайлы, қауіпсіз, әдемі және де дәмді болма бермейтін қызметкерлер, зертханашылар мен аспаздар, бухгалтерлер мен кітапханашылар, жүргізушілер мен вахтерлер, медицина қызметкерлері мен хатшылар, үй-жайларды тазалаушылар иық тіресе жұмыс істейді.
Білім саласының көзге көрінбейтін майданының сарбаздарына алғысымыз шексіз! Алтын қолдарыңыз бен мейірімді жүректеріңіз, қамқорлық пен шексіз шыдамдылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Өз тарапымыздан біз, сіздердің мүдделеріңізді қолдауға, еңбек жағдайларын жақсартуға барынша күш саламыз. Мысалы, облыстық білім басқармасы мен жергілікті кәсіподақ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісіммен 80-нен астам лауазым атауы аптасына жұмыс уақытының аз ұзақтығын белгіледі, оның ішінде 36 сағаттық жұмыс аптасына бухгалтерлер мен ғимараттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар, аула сыпырушылар мен жүргізушілер, қызметтік үй-жайларды тазалаушылар және басқалар ауыстырылды. Жергілікті кәсіподақ мүшелерінің 70 – тен астам санатының, оның ішінде техникалық және қызмет көрсету персоналы, келісімнің жаңа нормаларының арқасында осы жазда ақылы демалыс күндерінің саны көбірек болды. Азғантай болса да, бұл сіздердің сөзсіз еңбегіңізді қолдау және мойындау болып табылмақ!
Құрметті достар, сіздерге мықты денсаулық, бақыт тілейміз. Сіздердің еңбектеріңіз көңілдеріңізден шығып, жалақыларыңыз қуанта берсін. Барлық істеріңіз бен бастамаларыңызда сәттілік серік болсын!
Мереке құтты болсын! Еңбек күні құтты болсын!
Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы, п. ғ. к.
В. А. Цымбалюк