Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді тамаша көктем мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Осы мереке күндері дәстүр бойынша біз отбасымызбен және жақындарымызбен кең дастархан жайып, жүрек жылуымен бөлісіп, дәмді тағамдардан дәм татып, бір-бірімізге жақсы тілек айтып, үлкендердің батасын аламыз, жасаған істерімізді қорытындылап, болашақ туралы ой саламыз.
Наурыз – жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың, қайрымдылықтың уақыты.
Біздің кәсіподақ бірлестігі бір орында тұрмайды. Біз дамимыз, сенімді түрде алға басамыз, алға қойылған барлық міндеттерді бірлесіп шешеміз.
Біздің басымдылығымыз ғана өзгеріссіз – бұл, құрметті кәсіподақ мүшелері, сіздердің денсаулықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңіз.
Сіздердің әрқайсыларыңыз қиын сәтте өз проблемаларыңызбен жалғыз қалмайтындарыңызды білесіздер, өйткені ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңы бойынша Жергілікті білім беру кәсіподағының құрылымында «Мейірім» көмек қоры жұмыс істейді, соның арқасында төрт жыл ішінде кәсіподақтың 675 мүшесіне жалпы сомасы 43 млн теңгеден астам қолдау көрсетілді. Және де адамдарға қажет бұл жұмыс күшейтіледі.
Сіздердің денсаулықтарыңызға қамқорлық жасай отырып, біз санаторий демалысының географиясын әртараптандыруға, оны қол жетімді және ыңғайлы етуге тырысамыз. Айтпақшы, осы көктемгі демалыста кәсіподақтың 100-ге жуық мүшесі облыс пен елдің санаторийлерінде денсаулығын жақсартады.
Жұмысымыздың нәтижесі айқын көрінуде: биылғы жылы бізге ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдары оралды, олар ерікті түрде, еш қысымсыз, саналы түрде оралды! Бұл біздің еңбегімізді жоғары бағалаулары деп санаймыз!
Наурызбен бірге сіздердің үйлеріңіздің төрінде жақсылық пен бейбітшілік, тоқшылық, өркендеу мен өзара түсіністік, махаббат пен сәттілік орын алсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!
Мереке құтты болсын! Наурыз құтты болсын!
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Василий Цымбалюк