Құрметті Қостанай облысының білім саласы қызметкерлері!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл тамаша көктем мерекесін барлық қазақстандықтар, ұлтына және діни сеніміне қарамастан, бірдей жылылықпен атап өтеді. Дәстүр бойынша наурыз күндері біз ортақ дастархан жайып, жылы лебізімізді білдіріп, үлкендердің батасын аламыз.
Наурыздың өзіндік мағынасы осында, ол өткен мен болашақ арасындағы көпір болып, ұрпақтарды ұштастырып, адамзаттың ең басты құндылықтарын жеткізеді.
Биыл, Жергілікті кәсіподақ тарапынан Дәстүрлі құндылықтар жылы деп жарияланған жылда, біз олардың маңызын ерекше атап өтеміз.
Бұл құндылықтар кәсіподақ қозғалысына да жақын.
Наурыздың ежелгі дәстүрі бойынша, адамдар бір-біріне көмектесіп, жақсылық жасағандай, Жергілікті кәсіподақтың «Мейірім» Қоры да қиын жағдайдағыларға қолдау көрсетеді. Қор бес жыл ішінде кәсіподақ мүшелеріне жалпы құны 58 миллион теңгеден жоғары қаржылай көмек ұсынды, бұл көмек 800 адамға тиесілі болды.
Наурыз бізге үлкендерді құрметтеудің маңыздылығын да еске салады. Бұл құндылықтарды сақтау үшін біз педагогикалық еңбек ардагерлерін қолдап, олардың бай тәжірибесін жас мамандарға жеткіземіз. Осы мереке күндері Жергілікті кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының он еңбек ардагері «Еңбек ардагері» мемлекеттік медалімен марапатталды. Ардагерлерімізді осы лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын және көп жылғы абыройлы еңбектері үшін шынайы алғыс білдіремін!
Сонымен қатар, Наурыз көктемнің өзі сияқты дамуға және жаңа бастамаларға шабыт береді. Жергілікті кәсіподақ алға қарай жылжуды, кәсіподақ мүшелерін қолдауға және кәсіподақ бірлігін нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.
Құрметті әріптестер! Наурыз мейрамы әр шаңыраққа тыныштық, бақ-береке және қуаныш әкелсін, жүректерді жылулық пен ізгі үміттерге толтырсын. Зор денсаулық және жаңа табыстар тілеймін!
Наурыз құтты болсын!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары
қызметкерлернің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Василий #Цымбалюк