Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді 2021-2022 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы жыл баршамызға тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді, қызықты әрі маңызды жобаларды іске асыруға және болашақ дамудың негізін қалауға мүмкіндік берді.
Оқу жылының аяқталуы Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдум алдындағы кезеңге тура келгені маңызды, олардың әрқайсысы азаматтардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған.
Ал ең жоғары құндылық еңбек адамының құқықтары мен мүдделері болып табылатын кәсіподақтар да қоғам өмірі үшін осы маңызды оқиғадан тыс қала алмайды.
Мен сіздердің әрқайсыларыңызды белсенді азаматтық ұстаным танытып, алдағы референдумды қолдауға шақырамын. Еліміздің ертеңі, балаларымыздың болашағы біздің дауысымызға байланысты.
Құрметті әріптестер!
Оқу жылының аяқталуын тек оқушылар мен студенттер ғана емес, сонымен қатар білім беру саласының қызметкерлері де асыға күтетіні жасырын емес: алда жаз және демалыс уақыты.
Облыстың білім басқармасы мен жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісім нормаларының арқасында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 50-ге жуық санатына ақылы еңбек демалысының ұзақтығы ұлғайтылды, демек бұл демалыс пен сауықтыру үшін одан да көп мүмкіндіктерді береді дегені.
Өткен жылдан бастап кәсіподақ мүшелерін сауықтыруды біз аурулардың түрлерін ескере отырып ұйымдастырып келе жатқанымызды атап өткім келеді, бұл мақсаттылық пен барынша тиімділікті қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы кемінде мыңға жуық қызметкерді сауықтыру жоспарлануда, бұл ретте санаторлық-курорттық емделу географиясы кеңейтілді (2020 ж. – 263, 2021 ж. – 600).
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған, биылғы жылы кәсіподақ мүшелерінің балаларын сауықтыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Мен сіздердің әрқайсыларыңызға, Құрметті әріптестер, жақсы көңіл-күй, тамаша демалыс, мықты денсаулық және амандық тілеймін!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк