«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры туралы ЕРЕЖЕ

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»

ҚБ кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 8 хаттамасымен бекітілген

 

 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалып мәліметі.

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ ) әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры кәсіподақ мүшелерін қосымша әлеуметтік және қайырымдылық қолдау көрсетуге бағытталған, филиалдардың, өкілдердің және бастауыш  кәсіподақ ұйымдарының бірлескен әлеуметтік бағдарламаларын дамыту мақсатында құрылған.

  1. Қаржыландыру көзі және Қор қаражаттарын пайдалану тәртібі

2.1. Әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры заңды тұлға болып табылмайды және филиалдардан, өкілдерден және бастауыш  кәсіподақ ұйымдарынан және Кәсіподақ қаражатынан ерікті мақсатты кәсіподақ жарналары түрінде алынған қаражатты ұсынады. Көрсетілген қаражат «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арнайы  шотында жинақталады. Қаржы бөлімі Қордың кіріс және шығыс қаражатына бөлек есепті іске асырады. Қор қаражатында аударым қалдығы болған жағдайда келесі жыл сметасына аударылады.

Қордың кәсіподақ мүшелері алдындағы міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаражат жетіспеген жағдайда, қаражаттар филиалдарымен де, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен де, кәсіподақпен де қосымша жарна салына алады.

2.2. Мақсатты жарналарды аудару мөлшері мен тәртібі  «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетімен анықталады.

2.3. Өткен жыл бойынша  қор қаражатын пайдалану туралы есебі жыл сайын Қор басқармасымен, сонымен қатар Кәсіподақ комитетімен де қарастырылады. Сонымен бірге кәсіподақ комитеті алдағы кезеңге бөлінетін қаражат көлемін анықтайды және оны бекітеді.

2.4. Қор қаражаты осы ережеге сәйкес Қорды қаражаттандыруға қатысушы және мақсатты жарнаны қорға аудару бойынша қарызы жоқ  болған жағдайда кәсіподақ ұйымы есебінде тұрған кәсіподақ мүшесін материалдық қолдауға бағытталады.

2.5. Осы ережені қабылдап және қор қызметін қамтамасыз ету үшін белгіленген көлемде және тәртіпте қаражат аударатын кез-келген аумақтық немесе бастауыш кәсіподақ ұйымы Қордың қатысушысы бола алады.

 

 

  1. Қорды басқару тәртібі.

 

3.1. Қор қаражатын Кәсіподақ комитетіне есепті Басқарма басқарады.

Басқарма Қор қаражатын басқарады, кәсіподақ мүшесіне сол немесе басқа негіз бойынша төлем жасау туралы шешім қабылдайды.  Басқарма шешімі отырыс хаттамасымен және қаулымен ресімделеді (өкім шығаруға да болады).

Қор басқармасы 5 адамнан тұрады және ол Қор қызметіне қаржылай қатысты филиал төрағалары (өкілдері), өкілдіктер және бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатарынан  құрастырылады. Қор басқармасы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының ұсыныс бойынша Кәсіподақ комитеті отырысында  бекітіледі.

3.2. Басқарма төрағасы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Кәсіподақ комитеті уәкілеттік берген кәсіподақ төрағасының орынбасары болып табылады.

3.3. Қор іс-қағаздарын және бухгалтерлік есептілікті жүргізу бойынша жауапты хатшы міндеті облыстық кәсіподақ ұйымы аппаратымен іске асырылады.

3.4. Басқарма қажеттілігін қарай жиналады, бірақ  3 айда 1 реттен жиі болмауы керек.

3.5. шешім ұсынылған құжаттар негізінде кәсіподақ мүшесі өтінішінің мәні бойынша қарастырылып барып қабалданады. Теріс шешім қабалданған жағдайда кәсіподақ мүшесіне жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.

3.6.  Шешім Басқарма мүшелерінің кемінде 50% дауыс бергенде ғана қабылданды деп саналады. Егер «ия» және «жоқ» дауыстары тең болған жағдайда Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

3.7. Өтінішті қарастыру кезінде Қор басқармасы сарапшыларды, кәсіподақ ұйымының өкілдерін, өтініш білдірген кәсіподақ мүшесі өкілдерін шақыруға, қосымша құжаттар талап етуге құқылы.

3.8. Қарастырылған өтініштер және оларға тіркелген құжаттар облыстық кәсіподақ ұйымының іс-қағаздарында кемінде 3 жыл сақталады.

 

  1. Материалдық қолдауды алу шарттары мен өлшемдері

4.1. Кәсіподақ мүшесі көрсетілген негіздер бойынша материалдық көмекті алуға құқылы.

4.2. Қорға төлем алу үшін өтініш негіз пайда болғаннан кейін бір жыл ішінде жүргізілуі мүмкін.

 

 

  1. Қызметтің негізгі бағыттары.

Қордың негізгі бағыттары келесі негіздер бойынша кәсіподақ мүшелерін марапаттау, материалдық көмек көрсету болып табылады:

– мүлікке келтірілген залалға байланысты;

– 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек;

– бақытсыз жағдай нәтижесінде болған жарақат кезінде;

– кәсіподақ мүшесінің қайтыс болуына байланысты;

– бала тууына байланысты;

– кәсіподақ мүшелерінің тойы – «кәсіподақ тойы»

– кәсіподақ мүшелерін марапаттау;

– ауыр сырқатты емдеге байланысты;

– қиын өмір жағдайы.

5.1. Материалдық көмек туралы өтініш оны берілген күннен бастап 15 күн ішінде қаралуы мүмкін. Материалдық көмек төлемі Қор басқарасымен қаралғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.

5.2. Төлемдер «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кассасынан немесе өтініш білдірушінің өтініші бойынша оның жеке есеп шотына аударылады.

 

  1. Қор қызметін бақылау.

Қор басқармасы жылына бір рет кәсіподақ комитетінің алдында Қор қызметі және қаржылық нәтижелер туралы есеп береді. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  тексеру комиссиясы облыстық ұйым қызметіне тексеріс жүргізу барысында Қор қызметіне де тексеріс жүргізеді.