«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Жергілікті кәсіподақ) 2018 жылғы 30 шілдеде қоғамдық бірлестіктің конференциясында бекітілген Жарғы негізінде жұмыс істейтін, өкілдіктері және өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өндірістік-салалық принцип бойынша құрылған тәуелсіз қоғамдық бірлестік.
Жергілікті кәсіподақ 19 өңірлік филиалдар мен өкілдіктерді, жалпы саны 32 мыңға жуық кәсіподақ мүшелерімен 698 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 12 айында кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны кәсіподақтың 500-ден астам мүшесіне көбейді.
Жергілікті кәсіподақтың бірінші және сөзсіз міндеттері- облыстың білім саласындағы қызметкерлеріне әлеуметтік-еңбек қатынастарында туындаған мәселелерді шешуге көмектесу, құқықтық қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда қоғамдық бақылауды іске асыру, кәсіподақ мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту мәселелерін шешуде қолдау көрсету болып табылады.
Нақты мақсатты істерді жүзеге асыру
2020 жылы Жергілікті кәсіподақ жұмысының негізгі бағыты Еңбек адамын қолдау тиімділігінің нақты көрсеткіштерімен мақсатты істерді жүзеге асыруға бағытталған.
«Үйде оқуға көмектесеміз» акциясы барысында облыстың 53 көпбалалы педагогтар отбасы кәсіподақ бюджеті есебінен компьютерлермен қамтамасыз етілді.
COVID-19 ауруының ауыр түрімен ауырған 100-ге жуық білім беру саласының қызметкері кәсіподақ бюджетінің қаражаты есебінен «Жайлау» шипажайында денсаулығын қалпына келтірді. Жалпы, 2020 жылы білім беру ұйымдарының 300-ге жуық қызметкері санаторий-курорттық сауықтырудан өтті.
2020 жылы өңірлік деңгейде алғаш рет Еңбек күні қарсаңында техникалық және қызмет көрсетуші персоналдар қатарынан білім беру ұйымдарының қызметкерлері көптеген жылдар бойы адал еңбек атқарғаны үшін грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұстаздар күні аясында жоғары кәсіби нәтиже көрсеткен табысты педагогтар кәсіподақ грамотасымен және санаторлық жолдамамен марапатталды. Кәсіподақтар күні кәсіподақ көшбасшылары мен қазынашылары грамоталармен және санаторийге жолдамалармен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитеті Қарттар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған «Педагог – Жеңістің құрдастары» акциясы өтті. 1945 жылы туған 78 педагогқа алғыс хаттар мен кәсіподақ сыйлығы табыс етілді, ал әлеуметтік желілірде «Білім тұлғалары: педагог – Жеңіс құрдасы!» атты рубрикасы шығарылдырубрикасы шығарылды.
Жаңа жыл қарсаңында «Бал-бала» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған білім беру саласының 200-ден астам қызметкері-кәсіподақ мүшелері кәсіподақ сыйлығына ие болды.
Кәсіподақ мүшелерін қолдаудың мақсатты шаралары 2021 жылы да іске асырылатын болады.
Құқықтық қолдау көрсету
Кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі – кәсіподақ мүшелеріне заңнамалық кеңес беру және еңбек қатынастарына қатысты даулы мәселелерді жедел шешуге қолдау көрсету болып табылады.
Осы мақсатта 2020 жылғы қарашада түрлі байланыс арналары, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтін Жергілікті кәсіподақтың қоғамдық қабылдау қызметі ашылды. Қараша-желтоқсан айларының ішінде қоғамдық қабылдауға 250-ге жуық өтініш келіп түсті, олар негізінен еңбек заңнамасының құқықтық нормаларын түсіндіруді талап етеді. 50-ден астам өтініш бойынша кәсіподақ араласқаннан кейін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы жойылды.
Жалпы, 2020 жылы түрлі байланыс арналары арқылы Жергілікті кәсіподаққа 1644 өтініш келіп түсті, оның ішінде оң шешіммен 16 өтініш (98,8%).
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін «Жалпыға құқықтық оқыту мектебi» қызмет етуде, әлеуметтiк желiлерде (Instagram және Facebook) «Құқықтық бiлiмнің виртуалды мектебі» жобасы iске асырылуда.
Кәсіподақтарды қолдау мақсатында «Кәсіподақ алгоритмдері» жинағы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді.
Ашықтық пен айқындық – кәсіподақтың маңызды басымдықтары
Жергілікті кәсіподақ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Smart Kasipodaq Yntymaq» порталында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл цифрлық қызмет кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ ұйымының жұмысын бақылауға, онлайн-заң көмегін алуға, тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге және т.б. мүмкіндік береді.
Бұл үшін әлеуметтік желілер арқылы кәсіподақ мүшелерімен өзара әрекеттесу форматы алға жылжуда: осы мақсатта Instagram (5,8 мың жазылушылар) және Facebook (5 мыңнан астам достар мен жазылушылар) ресми аккаунттары ашылды. Жергілікті кәсіподақ сайты (lprofedu.kz) кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру және айқындық принципін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік виртуалды алаңдардың бірі ретінде жаңғыртылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс күшейтілді:2020 жылғы тамыз айынан бастап Жергілікті кәсіподақ аппаратымен республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының баспа басылымдарына 20-дан астам материалдар жарияланып, 2 телехабар ұйымдастырылды.
Жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жергілікті кәсіподақ құрылымындағы қаржылық ынтымақтастық есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанына көшірілді: барлық өкілдіктер мен өңірлік бастауыш кәсіподақтары ақшалай қаражатты корпоративтік карточкалар арқылы алады.
Әлеуметтік әріптестік
2020 жылдың желтоқсан айында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасында 2021-2023 жылдарға арналған жаңа әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Осы құқықтық акт Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өтті (2021 жылғы 12 қаңтардағы №185), сәйкесінше оның жұмыс істеуіне барлық заңды өкілеттіктері бар.
2021-2023 жылдарға арналған келісімде өткен редакциямен салыстырғанда 30-дан астам жаңа ереже енгізілген, бұл білім беру ұйымдарының 35 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартады.
Осылайша, жаңартылған келісімде қызметкерлерді басқа педагогикалық жұмыстарға тарту үшін аптасына 150 минут шектеу нормасы (педагогикалық, әдістемелік кеңестерге, түрлі кеңестерге қатысу, кезекшілікті ұйымдастыру және т.б.) анықталады.
Бірқатар қосымша ақылар (жоғары жұмыс нәтижелері үшін білім беру ұйымдарының басшыларына; жұмыс орындарын аттестаттауда өндiрiстiк оқыту шеберлерiне БЛА-дан 30% мөлшерде қауiптi еңбек жағдайлары үшiн).
Қосымша ақылы еңбек демалысын беру туралы норма (жалақының төмендігі мен жауапкершілігі жоғары болуына байланысты бухгалтерлер, экономистерге; мектептер мен колледждердің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілеріне; қызметкерлер үйленген жағдайда; балабақшалардың, колледждердің және қосымша ақы жүргізілмейтін басқа да ұйымдардың тәрбиешілері- тәлімгерлеріне) енгізіледі.
Келісімде қызметкерлердің дербес деректерінің тізбесі айқындалды, оларды жеке келісімінсіз ашуға тыйым салынады, бұл мәселе қолданыстағы нормативтік құжаттарда түрлі мағынада түсіндіріледі.
Білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлерінің барлық балаларына мектепке дейінгі орындармен бірінші кезекте қамтамасыз ету шарасы белгіленді.
Келiсiм қызметкердi қорғауға кепiлдiк берiледi және оның еңбек өтілін қате есептеген жағдайда: егер мұндай факт анықталса, жіберілген кезең үшiн төлем толық жүргiзiледi.
Бастауыш кәсіподақ төрағасы демалысқа шыққан кезде кәсіподақ ұйымы мүшелерінің санына байланысты 1-ден 10 АЕК-ке дейін мөлшерде біржолғы ынталандыру алғашқы рет регламенттелген.
Жергілікті кәсіподақ аппаратымен келісімді монетизациялау жүргізілді, бұл кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлер үшін келісімде бекітілген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің жеткілікті материалдық артықшылықтарын куәландырады.
Жаңартылған келісім кәсіподақтың қорғау функциясын іске асыру құралы ретінде сапалы еңбек жағдайларын жасауға, білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Жалпы, 2020 жылы жергілікті кәсіподақ қызметі кәсіподақ міндеттерін жүйелі іске асыруға бағытталды.
Сонымен қатар, проблемалық бағыттар да бар, олар бойынша жұмысты жергілікті кәсіподақ 2021 жылы негізгі қызметке алады.
Бұл кәсіподақтың мұқтаж мүшелеріне, оның ішінде қайырымдылық және әлеуметтік көмек Қоры арқылы атаулы қолдау көрсету жөніндегі жұмысты күшейту. Аурулардың түрлерін ескере отырып, санаторий-курорттық емдеуді нақты және неғұрлым тиімді ұйымдастыру. Жастар кәсіподақ активінің корпоративтік рухын нығайту және білім беру қызметкерлерінің облыстық ардагерлер кеңесін құру арқылы еңбек ардагерлерімен өзара іс-әрекетті жандандыру.
Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелеріне, оның ішінде облыстың келісу комиссияларының 3 000-ға жуық мүшесіне тегін курстар ұйымдастыру арқылы нақты құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жалғасуда.
Бұдан басқа, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2021 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялануына байланысты филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау жүзеге асырылуда, бұл жұмыстың одан әрі дамудың нақты проблемалары мен мақсатты бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр, олардың барлығы басты мәселені шешуге – білім саласының қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк