«БЕКІТЕМІН»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы __________________ З.Ә.Байменова «____»________________2020 ж. |
|
«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы ________________ В.А. Цымбалюк «_____»________________2020 ж. |
Қостанай облысы мұғалімдерінің спартакиадасын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мұғалімдер арасындағы спартакиаданы өткізу мақсаты:
– білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында мәдени бос уақытын ұйымдастыру және өткізу;
– білім беру ұйымдары қызметкерлерінің физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту;
– білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында достық пен ынтымақтастықты насихаттау;
– білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.
- СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Спартакиада 3 кезеңнен тұрады:
– І кезең ішкі кезең – қалалық, аудандық білім беру бөлімдері -қыркүйек;
– ІІ кезең облыстық жарыс – «Өңірлік дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы» КММ;
– ІІІ кезең республикалық жарыс (түрлері бойынша құрама) 2021 жыл
Спартакиаданың салтанатты ашылуы – – – – – – -.
Спартакиаданың жабылуы – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – -.
Спартакиада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты мектептердің спорт залдарында өткізіледі.
ІІІ. СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗЕТІН ҰЙЫМДАР
Спартакиаданы өткізудің жалпы басшылығын «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқрамасының «Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы» КММ (бұдан әрі- ДТжБЖТӨО) жүзеге асырады.
Спартакиаданың өткізілуіне тікелей басшылық ұйымдастыру комитетімен бекітілген қазылар алқасына жүктеледі.
Бірінші кезеңді өткізу жауапкершілігі Қостанай облысының білім бөлімдеріне жүктеледі.
Финалдық кезең –ұйымдастыру комитеті.
- ҚАТЫСУШЫ МЕКЕМЕЛЕР,
ӨТІНІМДІ БЕРУ УАҚЫТЫ МЕН ТӘРТІБІ
Спартакиадаға Қостанай облысының жалпы білім беру мекмелерінің мұғалімдері қатысады.
Спартакиадаға қатысушы мекеме өзінің алдын-ала өтінішін ұйымдастыру комитетіне 2021 жылғы ___ шілдеге дейін Қостанай қ., Гоголь көш. 29, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы» КММ мекенжайына жіберу арқылы растайды. Қатысу туралы растауды ойынның басталуына 10 күн бұрын rcfk_fizkultura@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет. Растауды ұсынбаған командалар қатысуға жіберілмейді.
- СПОРТШЫЛАР, ТӨРЕШІЛЕР ЖӘНЕ БАПКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
Команда құрамы-32 адам (27 спортшы, 1 өкіл, 5 бапкер).
Команда құрамы
№ | Спорт түрі | Қатысушылар | Бапкер-өкіл | Барлығы | |
ер | әйел | ||||
1. | Волейбол | 6 | 3 | 1 | 10 |
2. | Шағын-футбол | 8 | 1 | 9 | |
3. | Үстел теннисі | 2 | 1 | 1 | 4 |
4. | Тоғызқұмалақ | 2 | 1 | 1 | 4 |
5. | Баскетбол 3х3 | 2 | 2 | 1 | 5 |
Барлығы : | 20 | 7 | 5 | 32 |
- СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ КОМАНДАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
Командалардың спартакиадаға қатысу өтінімін комитет бекіткен ұйымдар негізінде мандат комиссиясы жүзеге асырады. Мандат комиссиясына ұсынылатын құжаттар:
- Білім бөлімімен куәландырылған өтініш;
- Қатысушының жеке куәлігі;
- Әр қатысушыға жұмыс орнынан білім беру мекемесінің қолы және мөрімен куәландырылған анықтама;
- Денсаулығы жайында анықтама;
- Әр спортсменнің өзімен бірге жеке сақтандыру полисі болуы қажет;
- Спартакиаданың басталуына дейін әр қатысушыда соңғы 6 айдың зейнетақы аударымы бойынша ХҚКО –нан анықтама болуы қажет.
- Спартакиада қатысушылар жасы 30-дан аспауы керек.
Жеке өтініш
__________ _________________
(спорт түрі бойынша)
_____________________________________спорт делегациясы
(өңір атауы)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты | Күні, айы, туған жылы | Спорттық атақ | Спорт орыны | Дәрігер қолы, мөрі |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 | |||||
Бапкер | |||||
Бапкер |
- Қала және аудан білім бөлімдерінің басшысы_________________________
- Делегацияның ресми өкілі _________________________________________
- Өтініште көрсетілген ___________________ спортшы денсаулық жағдайы бойынша жарысқа қатысуға жіберілді.
- Медицина мекемесінің бас дәрігері____________________ қолы, мөрі (аты-жөні).
VII. ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Жарысты өткізу шарттарын спорт түрлері бойынша мандат комиссиясынан кейін қазылар алқасы өткізеді
Волейбол командалары жеребе тастау жолы арқылы анықталады.
Топтық ойын айналмалы жүйе бойынша жүргізіледі. Қатысушы командаларға байланысты жарыстың келесі кезеңі төрешілер отырысында анықталады. Жеңіске-2 ұпай, тең нәтиже үшін – 1 ұпай, ұтылғаны үшін – 0 ұпай.
Екі немесе одан да көп команда тең ұпай жинаған жағдайда, келесі критерийлер бойынша анықталады:
Жеңістердің көптігіне байланысты күрес командалардың өз ойындарындағы жеңісімен анықталады.
Орын үшін күрескен командалардың барлық кездесулеріндегі ұпайлар санының айырмашылығы бойынша.
Шағын-футбол турнирі ФИФА бекітілген ережелеріне және Қазақстан Республикасының шағын-футбол бойынша жарысын өткізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мандат комиссиясының тексерісінен кейін жарысты өткізу шарттары қазылар алқасының отырысында бекітіледі.
Тоғызқұмалақ жарысы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті және «ҚР тоғызқұмалақ федерациясымен» бекітілген ережелері бойынша жүргізіледі. Ойындар «Швейцарлық жүйе» (тоғызқұмалақ тақтасында) бойынша өтеді.
Үстел теннисі бойынша жарыстар (ITTF) үстел теннисінің халықаралық федерациясының ережесіне сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу шарттары мандат комиссиясының тексерісінен кейін қазылар алқасы отырысында анықталады.
Стритбол (3х3) жарыстары (ФИБА) Баскетбол халықаралық федерациясымен бекітілген 3х3 баскетболының ресми ережелері бойынша өткізіледі. Жарысты өткізу шарттары мандатты комиссия тексерісінен кейін қазылар алқасының отырысында анықталады.
Спартакиадаға Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Суперлига) жоғары лигасы, Бірінші лига және спорт ойындарының барлық түрлері бойынша қосалқы құрамының спортшылары қатысуға жіберілмейді.
Спорт түрлері бойынша спартакиаданың финалдық жарыстары кем дегенде 5 команданың қатысуымен өткізіледі.
Спартакиада бағдарламасында спортшыларға спорттың бір ғана түрінде қатысуға рұқсат етіледі.
VII. ӨТІНІШ НЫСАНЫ,
МЕДИЦИНАЛЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР
Сандық үндеу
___________________________________делегациясы
(өңір атауы)
СПОРТ ТҮРЛЕРІ | Количество участников | |||||||
СПОРТШЫЛАР | Бапкер | Төреші | Жетекшілер | Барлығы | ||||
Ер | Әйел | Жалпы | ||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. | ||||||||
4. | ||||||||
5. | ||||||||
Жалпы: |
Делегацияның ресми өкілі
Ұялы телефон ___________________электрондық пошта______________
- ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ
Спартакиада нәтижелері бойынша анықталады:
– Бағдарламаның жеке түрлері бойынша жеке орындар.
-Жалпы командалық орындар.
Жалпы командалық орын спорттың 5 түрінің нәтижесі бойынша жиналған ұпайлар саны бойынша анықталады.
Спорттық ойын түрлері бойынша ұпайлар есептеу кестесі
(волейбол, футзал, стритбол)
Орындар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ұпайлар | 30 | 25 | 20 | 18 | 17 | 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 |
Басқа спорт түрлерінен ұпайларды есептеу кестесі
Орындар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ұпайлар | 25 | 23 | 21 | 19 | 17 | 15 | 13 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 |
Спартакиаданың кешенді есебінде 2 немесе одан да көп команда ұпайлары тең болған жағдайда 1-2 немесе одан да көп орынға басымдық беріледі.
Спартакиада бағдарламасының жеке есебінде кез-келген спорт түрінен ұпай саны тең 1-2-ден көп немесе басқа орындарды алған командаларға артықшылық беріледі.
Жалыпкомандалық есепте 1-3 орын алған командалар «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ кубоктары және грамоталарымен марапатталады.
Спартакиада бағдарламасында спорт түрлері бойынша 1-3 орын алынған командалар 1-3 дәрежелі кубоктармен және грамоталармен марапатталады.
1-3 жүлделі орын алған спортсмендер «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ медальдары және дипломдарымен марапатталады.
- НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
Наразылық білдіру немесе даулы мәселелерді шешу бекітілген ережеге сәйкес спорттың әр түрі бойынша шешіледі.
- СПАРТАКИАДА ШЫҒЫНДАРЫ
Спартакиаданың финалды жарыстарын дайындау және өткізу шығындары келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ марапаттау және баспа атрибуттарын (кубок, медаль, грамоталар), жеңімпаздар мен жүлдегерлердің марапаттау шығындарын, төрешілік еңбегін төлеуді көтереді.
Іссапар шығындарын (жарыс орнына бару және кері оралу, тұру және тамақтану ) іссапарға жіберуші ұйым көтереді.
Спартакиадаға өтініш мандат комиссиясының отырысына ұсынылу қажет
.
Ұйымдастру комитеті.