Қостанай облысының жергілікті білім беру кәсіподағымен жазғы демалыс

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан жазғы демалыс бағыттарының бірі – кәсіподақтық экскурсиялық туризмі.

Айта кету керек, кәсіподақ мүшелеріне бұл демалыс тәжірибесі ұнады, өйткені бұл керемет демалыс, жағымды әсер, білім, эмоцияларды барынша алуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде Түркістанның қасиетті қаласын  кәсіподақ жеңілдігі бар жолдама бойынша көліктің авиациялық түрімен 300-ге жуық жергілікті кәсіподақ мүшелері тамашалай алды, 200-ден астам мүше Отанымыздың Оңтүстік астанасының көркем жерлерін тамашалады. Сонымен қатар, жергілікті кәсіподақ мүшелерінің балалары үшін ұшу мүлдем тегін болды.

Ағымдағы жылы кәсіподақтық экскурсиялық туризм географиясының шекаралары едәуір кеңейді. Жергілікті білім беру кәсіподағының мүшелері Қазақстанның ірі қалалары: Алматы, Түркістан, Шымкент, сондай-ақ жақын шетелдер: Мәскеу, Ташкент, Санкт – Петербург, Тбилисиге және т.б. баруға, біздің планетамыздың ең әдемі көлдерінің бірі-Ыстықкөл көлінде демалысын өткізуге мүмкіндігі бар.

Күні кеше ғана  тағы бір кәсіподақ тобы Тбилиси – Мцхета– Кахетия – Сигнаги – Батуми қалаларын қамтитын «Красоты Грузии»  атты тамаша турынан оралды.

Қонақжайлылық пен керемет сұлулықтың, жанды музыканың және таңғажайып дәмді тағамдардың керемет атмосферасына енудің 8 ерекше күні… Және де жайлы тұрғын жер мен кәсіби экскурсиялық саяхатқа алып жүруі.

Жақсы пікірлер:

– Грузияның көркем жерлері бойынша ұмытылмас экскурсия  ұйымдастырғандарыңыз үшін Жергілікті білім беру кәсіподағымызға үлкен рахмет! Біз үлкен жағымды әсер алдық. Барлығы өте қызықты және танымды болды! Бағдарлама өте тамаша. Міндетті түрде сол жерге тағы да ораламыз (Аймира Ержанова, Лисаков қ.).

Енді келесі кәсіподақ экскурсиялық топтары жолға дайындалуда.

Әрине, бұл экскурсанттардың эмоциялары да жарқын, ал әсерлер тек жағымды болады!