Педагог-Жеңіс күнімен құрдас

Бекітемін

«Қостанай облысы білім және

ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

төрағасы

_________________В. Цымбалюк

«___»_______________2020 ж.

 

«Педагог-Жеңіс күнімен құрдас»

акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі
  • Осы ереже Қарттар күніне арналған «Педагог-Жеңіс күнімен құрдас» акциясын өткізу мақсатында дайындалған.
  • Осы ереже «Педагог-Жеңіс күнімен құрдас» акциясына (бұдан әрі-Акция) қатысушылар категориясының мақсаты, міндеттері, тәртібі және өткізу мерзімін анықтайды.
  • Акцияны ұйымдастырушы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ болып табылады.
  1. Мақсаты мен міндеттері
  • Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіс жылы туылған облыстың білім ұйымдарының педагогикалық еңбек ардагерлерін құрметтеу.
  1. Акция қатысушылары
  • Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіс жылы туылған Қостанай облысының білім ұйымдарының педагогикалық еңбек ардагерлері
  1. Акцияны өткізу тәртібі
  • Акция 2020 жылы қыркүйек айында өткізіледі.
  • Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіс жылы туылған Қостанай облысының білім ұйымдарының педагогикалық еңбек ардагерлерінің тізімін жинау
  • Акцияға қатысушылар тізімі бекітіледі.
  • Акцияға қатысушылар 10 000 теңге мөлшерінде сыйақыланады.
  • Акция қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.