Мұғалім әрқашан көпшіліктің көз алдында. Оның сөздерін, іс – әрекеттерін оқушылар, ата-аналар, әріптестер және т.б. талдайды және бағалайды.
Бұл өзекті мәселе дөңгелек үстелде облыстың қалалары мен аудандарының кәсіподақ жастары кеңесінің төрағалары, сондай-ақ Жергілікті білім беру кәсіподағының төрағасы Василий Цымбалюк, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі Амантай Есімов, білім басқармасының бөлім басшысы Айман Дощанова, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы филиалының директоры Марионелла Слесарь, «Учительская плюс» газетінің бас редакторы Светлана Офицеровалардың қатысуымен талқыланды.
Яғни, дөңгелек үстелге қатысушылар кәсіби этика нормаларын сақтау мәселесін әртүрлі позициялардан қарастыруға тырысты: бақылау, қорғау, қоғамдық пікір және т. б.
Дөңгелек үстел жұмысы Instagram-да тікелей эфирде көрсетілді, бұл облыстың 500-ден астам педагогтарына қатысуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, эфир жазбасы Біздің Instagram парақшамызда орналастырылған, қосыла алмағандарға, көруге кеңес береміз!