Кәсіподақтар құқықтары мен міндеттері, кепілдіктері

(Қазақстан Республикасының 27.06.2014ж № 211-V ҚРЗ)

 

Кәсіподақтар құқығы Кәсіподақтар міндеттері Кәсіподақтар қызметінің кепілдіктері

 

Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға арналған кепілдіктер

 

Өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болуға.

 

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын, жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға; Мақсаты кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ кәсiподақтардың осы Заңда және жарғыда көзделген қызметіне кедергi келтіретін кез келген әрекеттерге тыйым салынады. Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өздері мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының уәжді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысы (төрағасы) жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды.

 

Өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;

 

 

 

 

 

Ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға;

Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға міндетті. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға осы адамдар мүшелері болып табылатын кәсіподақ органының уәжді пікірі ескеріле отырып, еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысымен (төрағасымен) еңбек шарты жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылмайды.
Мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға;

 

Өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға;

 

Келісімдерде немесе ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, жұмыс беруші кәсіподаққа мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға ақша аударады.

 

Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне және негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысына (төрағасымен) тәртіптік жаза қолдану және

еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының уәжді пікірін ескеру ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 

Мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерiне сотқа шағымдануға;-2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Кәсiподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, сондай-ақ ұжымдық шарт ережелері бойынша сауаттылығын арттыру, келіссөздер жүргізе алу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге; Сайланбалы қызметке сайлану нәтижесінде жұмыстан босатылған адамдардың сайланбалы қызметіндегі жұмыс кезеңіне еңбек шартының мерзімі шеңберінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының сайланбалы және басқа мүшелері үшін басқа кепілдіктер де көзделуі мүмкін.
Еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға;

 

Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге; Кәсіподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделеріне орай қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуы, кәсiподақтар шақыратын съездерге (конференцияларға), сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына делегаттар ретiнде қатысуы уақытында негізгі *жұмыстан босатылады. Босату шарттары және ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттарда және келiсiмдерде көзделедi.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға; Жарғыда айқындалған шарттарда және тәртіппен кәсіподақ мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;

 

Осы Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

 

Кәсiподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің жазбаша өтініштері негізінде олардың мүдделерін кәсiподақ мүшелеріне арналғандай шарттарда білдіруге;
Келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға;

 

 

Сайланған немесе қайта сайланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге сайланбалы кәсіподақ органдарының негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері туралы ақпарат беруге міндетті
 

Ақша қорларын қалыптастыруға;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға;

 

Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

 

Келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу және қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге;

Мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге;
кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге;
Жарғылық мақсаттарға сәйкес өз мүшелерінің мүддесіне орай өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға;
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарттарда және ұжымдық шарттарда кәсіподақтардың өзге де құқықтары, міндеттері мен кепілдіктері белгілене алады.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге негізделген қосымша құқықтар мен міндеттер, кәсіподақтардың кепілдіктері

 

Кәсіподақтар құқығы Кәсіподақтар міндеттері Кәсіподақтар қызметінің кепілдіктері

 

Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға арналған кепілдіктер

 

Еңбекақыны төлеу мерзімдерін бақылау Жұмысшылар санына қарамастан сайланбалы кәсіподақ органына санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болатын, жылумен және жарықпен сайланбалы органның жұмысы мен жұмысшылардың жиналысын өткізуге қажетті жабдықтармен, сонымен қатар оргтехника, байланыс құралдарымен (оның ішінде компьютерлік құрал-жабдық, электрондық пошта және Интернет) қамтамасыз етілген тегін бөлме  (кемінде бір бөлме) және қажетті нормативтік құжаттар беріледі. Келісімде көзделген жағдайларда күзет пен берілген бөлменің тазалығын қамтамасыз етіп, қолда бар көлік құралдарын қайтарымсыз ұсынады және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз етуді жақсартатын өзге де жағдайларды жасайды.

 

Қызметкерлердің еңбек кітапшаларын дұрыс жүргізу және сақтау, қызметкерлерді аттестаттау нәтижесі бойынша біліктілік санатын беру кезінде оған жазбаларды уақтылы  енгізуді бақылауды іске асыру.

 

 

Кәсіподақ органдарының құрамына кiретiн кәсiподақ қызметкерлерiн жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша басқа жұмысқа ауыстыру олар құрамына кіретін кәсiподақ органының алдын ала келiсiмiнсiз; бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз жүзеге асырылмайды.

 

 

Білім басқармасына білім беру ұйымы басшысының  ҚР ЕК нормалары мен еңбек туралы өзге де заңдылықтарды, ұжымдық шарттардың, келісімдердің шарттары мен тараптарын бұзғандығы туралы, оларға қатысты тәртіптік жаза қолдану жөніндегі талаптар мазмұндалған, ақпараттар жолдау. Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіподақ үйірмелерінің модераторлары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қажет жағдайда, ұжым мүддесі үшін атқарылатын қоғамдық міндеттерді орындағанда, қысқа мерзімді кәсіподақ оқуынан өткенде негізгі жұмысынан босатылады әрі орташа жалақысы сақталады.

 

 

 

Зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы әрі толық аударылуына қоғамдық бақылау жүргізу

 

Қызметкерлерге демалыстар мен оның төлемдерінің мезгілінде әрі дұрыс берілуіне бақылау жүргізеді

 

Біліктілік санаттар беру бойынша аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысу
Жұмыс орындарын аттестаттау,  еңбек қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысына қатысады.
Бiлiм басқармасына  сұрау салуы бойынша кәсiподақтың, оның ұйымдарының саны мен құрылымы туралы статистикалық және өзге де ақпарат, еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қоғамдық бақылаудың нәтижелерi, саладағы әлеуметтiк әрiптестiк көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi.
Өңірлік келісімдерді, ұжымдық шарттарды талдайды, әлеуметтік әріптестіктің озық тәжірибесін қорытындылайды және таратады
Кәсіподақ мүшелері және басқа да қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру
Қызметкерлерді, қызметкерлердің балаларын сауықтыру бойынша жұмыс