«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің
2023 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 3 хаттамасымен бекітілген.
«Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі»
бейнероликтер онлайн-конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже «Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі» онлайн-конкурсын өткізу тәртібін және шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
- Конкурс ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
- Конкурс туралы барлық ақпараттар, соның ішінде осы ереже Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылады.
- Конкурстың қатысушылары, мақсаттары, міндеттері
- Конкурс Денсаулық жылы аясында кәсіподақ мүшелерінің денсаулықты сақтау және нығайту мәселесіне назар аудару мақсатында өткізіледі.
- Конкурс міндеттері:
– салауатты өмір салтына әсер ететін отбасы құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, қолдау және жариялау;
– Кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылады;
- Конкурс қатысушылары – Кәсіподақ мүшелері және олардың отбасы.
- Конкурсты өткізу шарттары және тәртібі.
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, онда жалпы басшылық, Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды анықтау, сондай-ақ конкурсты өткізуге байланысты өзге де функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 01 сәуірден бастап 02 қыркүйекке дейінгі мерзімде lprofedu@mail.ru электрондық поштасына «бейнероликтер конкурсы» белгісімен өтінім және Конкурс тақырыбы бойынша конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілсін.
- Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуға болады.
- Бейнероликтердің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін.
- Конкурсқа адамдардың ар-намысы мен сезімін қорлайтын, берілген тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жарнамалық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды.
- Конкурсқа қатысатын туындының авторлық құқығын сақтауға жауапкершілік осы жұмысты жіберген авторға жүктеледі.
- Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар Конкурс ұйымдастырушысына автоматты түрде конкурстық материалдарды әрекет ету мерзімі шектеусіз коммерциялық емес мақсатта қолдану құқығын береді.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері
− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына сәйкестігі;
− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);
− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан);
− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы;
− конкурстық жұмыстың эстетикасы;
− жалпы эмоционалдық қабылдау.
- Қорытындылау.
- Ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы 30 қыркүйекте белгіленген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және Конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орын), сонымен қатар «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын анықтайды.
- «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын жазылушылардың дауыс беру жолы арқылы анықтайды.
- Конкурс қорытындысы 2024 жылғы 10 қазанға дейін жарияланады.
- Конкурс жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орын) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты Кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.
«Салауатты отбасы – табысты еңбек кепілі»
онлайн-конкурсты өткізу туралы Ережеге қосымша
«Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі»
бейнероликтер онлайн-конкурсына қатысу туралы өтінім
№
р/н |
Қатысушының аты-жөні | Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы | Байланыс телефоны |