«Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі» бейнероликтер онлайн-конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2023 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 3 хаттамасымен бекітілген.

 

 

«Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі»

бейнероликтер онлайн-конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже «Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі» онлайн-конкурсын өткізу тәртібін және шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
  2. Конкурс ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
  3. Конкурс туралы барлық ақпараттар, соның ішінде осы ереже Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылады.

 

 

  1. Конкурстың қатысушылары, мақсаттары, міндеттері
  2. Конкурс Денсаулық жылы аясында кәсіподақ мүшелерінің денсаулықты сақтау және нығайту мәселесіне назар аудару мақсатында өткізіледі.
  3. Конкурс міндеттері:

– салауатты өмір салтына әсер ететін отбасы құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, қолдау және жариялау;

– Кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылады;

  1. Конкурс қатысушылары – Кәсіподақ мүшелері және олардың отбасы.
  2. Конкурсты өткізу шарттары және тәртібі.
  3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, онда жалпы басшылық, Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын  бақылау, жеңімпаздарды анықтау, сондай-ақ конкурсты өткізуге байланысты өзге де функциялар жүктеледі.
  4. Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 01 сәуірден бастап 02 қыркүйекке дейінгі мерзімде lprofedu@mail.ru электрондық поштасына «бейнероликтер конкурсы» белгісімен өтінім және Конкурс тақырыбы бойынша конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілсін.
  5. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуға болады.
  6. Бейнероликтердің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін.
  7. Конкурсқа адамдардың ар-намысы мен сезімін қорлайтын, берілген тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жарнамалық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды.

 

 

 

  1. Конкурсқа қатысатын туындының авторлық құқығын сақтауға жауапкершілік осы жұмысты жіберген авторға жүктеледі.
  2. Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар Конкурс ұйымдастырушысына автоматты түрде конкурстық материалдарды әрекет ету мерзімі шектеусіз коммерциялық емес мақсатта қолдану құқығын береді.

 

  1. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері

− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына  сәйкестігі;

− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);

− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан);

− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы;

− конкурстық жұмыстың эстетикасы;

− жалпы эмоционалдық қабылдау.

 

  1. Қорытындылау.
  2. Ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы 30 қыркүйекте белгіленген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және Конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орын), сонымен қатар «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын анықтайды.
  3. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын жазылушылардың дауыс беру жолы арқылы анықтайды.
  4. Конкурс қорытындысы 2024 жылғы 10 қазанға дейін жарияланады.
  5. Конкурс жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орын) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты Кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Салауатты отбасы – табысты еңбек кепілі»

онлайн-конкурсты өткізу туралы Ережеге қосымша

   

 

 

«Салауатты отбасы -табысты еңбек кепілі»

бейнероликтер онлайн-конкурсына қатысу туралы өтінім

 

р/н

Қатысушының аты-жөні Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы Байланыс телефоны