Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Дәстүр бойынша Отан қорғаушылар күнінде біз облысымыздың білім беру ұйымдарының ер азаматтарын құрметтейміз.
Құрметті ер-азаматтар! Сіздерге зор денсаулық, сенімді отбасылық тыл, барлық өмірлік міндеттерді орындауда табыс тілеймін! Еліміздің, шағын Отанымыздың және жақындарымыздың сенімді тірегі және қорғаны болып қала беріңіздер.
Біздің кәсіподақ бірлестігінің филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарын басқарып отырған, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғап жүрген ер-азаматтарды ерекше атап өткім келеді. Адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін рахмет!
Жеңіс күні біздің жүрегімізде ерекше орын алады. Бұл біздің әкелеріміз бен аналарымыз, аталарымыз бен әжелеріміздің әлемді қорғауды өсиет етіп қалдырған тарихымыз, қасиетті естелігіміз.
Өйткені, бейбіт заманда ғана ертеңгі күнге сеніммен қарап, байсалды еңбек етіп, өмірдің ләззатына бөленіп, отбасылық береке-бірлікте бақытты ұрпақ тәрбиелеуге болады. Біздің әрқайсымыз достық және келісіммен бейбітшілікті нығайтуға тиіспіз.
Жеңіс күні біз соғыс жылдары майдан шебінде және тылда иық тіресе тұрғандарды ерекше ыстық ықыласпен және құрметпен еске аламыз. Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз! Қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ пен естелік!
Құрметті әріптестер!
Осы мамыр мерекелерінде Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, амандық, қуаныш пен мейірімділік тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, әр шаңырақ бақыт, береке және махаббат шуағына толы болсын!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк.