Облыстық тамыз кеңесі барысында рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының алты мүшелік ұйымы бірден ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Рудный қаласының № 17 мектебі Орта білім беретін үздік ұйымы болып танылды, директоры Дина Тұяқбайқызы
Макушева.
«Қаланың үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша Лисаков қаласының білім бөлімі, басшысы Елена Александровна
Бурдыка жеңіске жетті.
Цифрландыруды белсенді дамытқаны үшін Б. Майлин ауданының білім бөлімі, басшысы Айгүл Темірханқызы
Алимбаева атап өтілді.
Рудный қ. Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы «Тұлғалық әлеуетті дамыту мектебі» номинациясында жеңіске жетті, директоры Қымбат Исланбекқызы
Бирманова.
«Креативті мүмкіндіктер балабақшасы» номинациясы бойынша Қарасу ауданының «Нұрсәби» балабақшасы үздік деп танылды, директоры Гүлсара Ғабдуллақызы
Ержанова.
Материалдық-техникалық базаны жақсартуға сертификат Арқалық политехникалық колледжіне тапсырылды, директоры Алмас Қалтайұлы
Карбозов.
Біздің әлеуметтік әріптестеріміз – осы ұйымдардың басшыларын және еңбек ұжымдарын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа үлкен жеңістерге жетуге тілектеспіз!
Сондай-ақ, едәуір бөлігі біздің жергілікті кәсіподаққа кіретін Қостанай ауданының педагогтерін «Ауданның үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша алған жеңістерімен құттықтаймыз!
Мықты денсаулық, амандық пен жарқын кәсіби жетістіктер тілейміз.