Құрметті әріптестер!
Біз мүше болып табылатын «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылғанына бір жыл толуын атап өтуде.
Баршаңызды осы тамаша оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!
Айта кету керек, мұндай қысқа уақыт ішінде орасан зор жұмыстар жасалды.
Бүгін «Өрлеу» салалық кәсіподағы:
– 4 жергілікті кәсіподақ пен 8 филиалдарды, жалпы алғанда кәсіподақтың 150 мыңнан астам мүшелерін біріктіреді;
– қызметкерлердің тиісті өкілетті өкілі мәртебесімен және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігімен үшжақты келісімге қол қоюға құқығы бар республикалық салалық үшжақты комиссияның тең құқылы қатысушысы болып табылады;
– озық тәжірибе алмасу және кәсіподақ инновацияларын енгізу бойынша мүмкіндіктерді едәуір кеңейтетін бірқатар жетекші отандық және шетелдік ұйымдардың серіктесі.
Ең бастысы, осы кезеңде «Өрлеу» салалық кәсіподағы өзін әрекет етуге және шешім қабылдауға қабілетті, қиын сәтте қолдау көрсете алатын, көмек қолын соза алатындығын көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының кәсіподақ мүшелеріне жалпы сомасы 2,5 млн теңгені құрайтын қаржылық көмекті біздің салалық кәсіподақ көрсетті. Әріптестерге тағы да үлкен алғыс!
Бірақ алда одан да үлкен жоспарлар бар! Олардың әрқайсысы сәтті жүзеге асырылсын!