Әулиекөл ауданында өз кәсібін енді ғана бастаған екі жүзден астам педагог форумға жиналды.
Қатысушылармен бірге Жергілікті кәсіподақтың төрағасы Василий
#Цымбалюк те болды.
Василий Александрович жас педагогтермен өзінің кәсіби табыс формуласымен бөлісті және ұйымның, оның ішінде кәсіподақтың маңызды нәтижелерінің артында әрқашан адамдардың үлкен еңбегі тұрғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Василий Цымбалюк кәсіподақ қозғалысын нығайту және дамыту ісіне елеулі үлес қосқаны үшін жергілікті кәсіподақтың «Қостанай облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және Құрмет грамоталарымен Әулиекөл ауданы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттады!