Тек 2022 жылы ғана келісім комиссиясының механизмі арқылы және сот тәртібімен біздің кәсіподақ мүшелерінің 6 қызметкерінің заңды құқықтары қалпына келтірілді, қаржылық пайдасы 6 млн теңгені құрады.
Өткен жылы біздің мүшелердің атынан мыңнан астам өтініш келіп түсті, бір жарым мыңға жуық құқықтық консультациялар көрсетілді.
Егер сіз біздің кәсіподақтың мүшесі болсаңыз және заңдық қолдау мен құқықтық қорғауды қажет етсеңіз, Жергілікті кәсіподақтың сенім телефонына, сондай – ақ басқа байланыс арналарына (ақпарат слайдта) хабарласа аласыз.
Сондай-ақ, Сіздер жеке кеңес алу үшін біздің кеңсеге келе аласыздар (Қостанай қ., Гоголь көш. 111., каб. 6. )