«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің
қаулысымен бекітілді
24.12.2021 № 6 хаттамасы
«Үздіктердің үздігі» акциясын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
1.1. «Үздіктердің үздігі» акциясын өткізу туралы осы ереже акцияны өткізу тәртібі және шарттарын белгілейді.
1.2. Акцияны ұйымдастырушы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – «Кәсіподақ»).
1.3. Акцияны дайындау және өткізу жұмысын үйлестіруді Кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімі іске асырады: өтінімдерді, акция материалдарын жинау, марапаттау құжаттарын ресімдеу.
1.4. Акция қорытындысы Алқа отырысында шығарылады, ресми сайтта, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланады.
1.5. Акцияны ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру бөліміне, телефон 87142544492 немесе lprofedu@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
- I. Акция мақсаты:
– кәсіподақ мүшелері балаларының шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін дамыту;
– кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында таланттарды анықтау;
– балалардың өзін-өзі тануына жаңа жағдайлар жасау, көтермелеу және ынталандыру жүйелері;
II.Акция қатысушылары:
Акцияға 2021-2022 оқу жылында офлайн режимде халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстар, олимпиадалар, жарыстарда (интеллектуалдық, шығармашылық, спорт және т.б) Гран-при және бірінші орынға ие болған кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысады.
III. Акция қорытындысын шығару:
3.1. Акция қорытындысы 2022 жылғы 31 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі және Кәсіподақ ресми сайтында жарияланады.
3.2. Акция жеңімпаздары Алқаның шешімі негізінде сыйлық сертификатымен марапаталады.