Жарыстың ашылуы филиал төрайымы Айжан Баймаканованың сөз сөйлеуімен басталды. Ол спорт мектебінің иелеріне жылы қабылдағаны үшін, ал педагогтерге осындай күшті және үлкен құрамда жиналғаны үшін алғыс айтып, қатысушыларға жеңіл старт, жылдам мәре, денсаулық, қуаныш пен сәттілік тіледі.
Жүзушілер медальдар мен жүлделі орындар үшін күресіп, керемет шеберлік пен табандылық көрсетті. Әрбір жүзу эмоцияларға толы болды және жарыс атмосферасы қатысушылар мен көрермендердің бірігуіне ықпал етті. Іс-шара барысында спорт алаңында спорттық рух, ізгі ниет пен жанкүйерлердің қолдауы сезілді.
Мұндай іс-шаралар кәсіподақ мүшелерін өте жақындастырады, достық нығайып, тәжірибе алмасады. Іс-шараны өткізу дәстүрін жалғастыру қажет! – деп жарысқа қатысушылар өз ойларымен бөлісті.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды осы тамаша іс-шарамен құттықтаймыз және зор денсаулық пен одан әрі табыс тілейміз!