Бекітемін»
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
төрағасы
______________ В. Цымбалюк
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережесі.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқу – бұл бұқаралық құқытық насихат пен азаматтарға құқықтық тәрбие беру жүйесі.
- Осы ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі мәтін бойынша –Жергілікті кәсіподақ) жалпыға бірдей құқықтық оқудың жүргізу мақсатын, принціптері мен тәртібін айқындайды.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқудың мақсаты – Жергілікті кәсіподақтың аудандық (қалалық) филиалдарының төрағаларының, бастауыш облыстық білім ұйымдары төрағаларының, Қостанай облысының білім ұйымдары қызметкерлерінің (бұдан әрі мәтінде – жалпыға бірдей құқықтық оқудың қатысушылары (тыңдаушылары )) құқықтық мәдениетін көтеру.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқудың негізгі принціптері:
1) жалпылық;
2) жүйелілік;
3) үздіксіздік;
4) даралық (түрлі категориядағы қатыушылардың (тындаушылардың) кәсібилік және басқа да ерекшеліктерін есепке алу.
ІІ. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жұмысына Жергілікті кәсіподақтың заңгері және басқа да қызметкерлері қатысады.
- Жергілікті кәсіподақ кеңесшісі жалпы құқықтық білім беру іс-шарасын жүргізу жоспарын әзірлейді. Қажеттілігіне қарай жоспар түзетілуге жатады.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізудің техникалық бөлігін ұйымдастыру басшылығы мен бақылауды Жергілікті кәсіподақтың ақпараттандыру бойынша мамандығы іске асырылады.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқудың ұйымдастырылуына, әдістемелік жетекшілікке жалпы басшылықты және бақылауды Жергілікті кәсіподақ кеңесшісі іске асырады.
ІІІ. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізу тәртібі
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуды бір айда екі реттен жиі емес, қажеттілік жағдайда жиі жүргізіледі.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуды заңдылық және құқық мәселесін зерделеу бойынша лекция, семинар-кеңес, дөңгелек үстел, интернет желісі құралдары бойынша онлайын байланыс тәртібінде диалогтар (сұрақ-жауап), жадынамалар, ұсыныстар тарату жолымен сондай-ақ түскен ұсыныстарға сәйкес басқа да форматта іске асырылады.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуда білім ұйымының қызметі барысында туындаған проблемалық сұрақтарды қарастыру және түсініктеме беру қарастырылады.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша (лекция, семинар-кеңес, дөңгелек үстел және т.б) іс-шарасын өткізу күні мен уақыты туралы тыңдаушыларға сұрақтарды зерделеу және дайындау үшін таратылым материалдарын жібере отырып, оның өту күнінен екі күн бұрын хабарланады.