Аязды, бірақ әдеттен тыс шуақты таң, қарағай ауасы мен көңілді көңіл-күй… Тамаша демалыс үшін тағы не керек?!
Әңгіме, Халықаралық әйелдер күніне орай Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағымен ұйымдастырылған, «Жас және келешегі зор қызметкер» акциясының қатысушылары-жас және көңілді қыздар туралы болмақ.
Қатысушылар тізімі кәсіподақтың өңірлік филиалдарының және облыстық кәсіподақтың бастауыш кәсіподақтарының өтінімдері бойынша белгіленген өлшемшарттарына сәйкес қалыптастырылды: жасы – 29 жасқа дейін, облыстың бір білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі – кемінде үш жылдан кем емес, кәсіподақ мүшесі және ең бастысы – кәсіби немесе қоғамдық қызметте елеулі жетістіктердің болуы.
Акция аясында білім беру саласының 45 өкілі: педагогтар мен психологтар, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, бухгалтерлер мен зертханашылар, жаттықтырушылар мен тәрбиешілер акция аясында «Жайлау» шипажайына демалыс турымен марапатталады. Бұл өте лайықты, өйткені әр қатысушының айтарлықтай еңбек жетістіктері бар.
Мысалы, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі Юлия Раймер – көптеген кәсіби конкурстардың дипломанты, ал Рудный технология және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Мария Плещеваның тәрбиеленушілері жыл сайын «WorldSkills» чемпионатының жүлдегері болады.
Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының жас мұғалімі Гүлдана Қожағалиеваның есебінде 50-ден астам баспа ғылыми-публицистикалық мақалалары және 100-ге жуық авторлық интернет-жарияланымдары бар. Оның шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
«Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің мұғалімі, республикалық ғылыми жобалардың беделді байқауының қола жүлдегерлерін дайындаған Ақнұр Әмірбаеваның жетістіктері де зор.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Наталья Мурсалина «Үздік мемлекеттік қызметкер-2019» республикалық конкурсының жүлдегері және Жастар Алтын кітабының лауреаты болып табылады.
Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің химия мұғалімі Виктория Губенко шығармашылық, жарқын, білікті маман ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді кәсіби ұйымдастырушы ретінде де танымал.
Сарыкөл ауданындағы Тимирязев мектебінің әлеуметтік мұғалімі Гаухар Латыпованың негізгі жұмысы мен қоғамдық қызметін қоса алып жүрген маман: Гауһар – «Тимирязев жастары» бастамашыл тобының жетекшісі әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Жангелдин ауданының биология пәнінің мұғалімі Бекзат Болат педагогикалық шеберлігімен қатар, спорт шеберлігінің де жақсы иегері: ол шаңғы, теннис және асық ату бойынша жарыстардың жүлдегері.
Акцияға қатысушыларымыз жас, талантты, нәтижелі, ынта-жігерлі, келешегі зор қызметкерлер!
Айта кетер болсақ, Білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының негізгі қағидаты кәсіподақ мүшелерінің жекелеген санаттары үшін барынша әсер ететін мақсатты істерді ұйымдастыру болып табылады.
Жыл бойы түрлі іс-шараларда айқын кәсіби және кәсіподақ жетістіктері, елеулі еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады; Еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жұмысшыларға, көп балалы аналарға және т.б. қолдау көрсетілді, атаулы көмек алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Жас және келешегі зор қызметкер» акциясы да нақты нәтижеге ие екені сөзсіз: бұл бастауыш әріптестерді қолдау, сондай-ақ өнімді қарым-қатынас, идеялармен алмасу, ынтымақтастыру, сондай-ақ жастар ортасында кәсіподақ мүшелігінің мотиваторы.
Осылайша, наурыздың жайма шуақ таңында қыздар «Жайлау» шипажайына ұйымдасқан түрде келіп жетті, онда оларды жайлы бөлмелер мен жағымды тосын сыйлар күтіп тұрды.
Бірінші күні белсенді демалыс: қарағай орманының көрікті жерлерінде шаңғымен сырғанау, қар кешкіш көлігімен серуендеу, боулинг, бильярд ойнау.
Соңында, салтанатты кешкі ас және би бағдарламасы болды.
Одан әрі – SPA-күні: табиғи майлармен массаж жасау, монша және орман ішінде серуендеу. Нағыз әйелдер мерекесі!
Және де әлеуметтік желілердегі «Ұйымдастырушыларға керемет сыйлық үшін рахмет.», «Тек жақсы естеліктер есте сақталды…», «Жергілікті кәсіподаққа осындай тосын сый үшін рахмет!!! Өзімізді жағымды эмоциялармен, энергиямен қуаттадық, жақсы демалдық!!! Осындай белсенді мерекелік демалыстан ұмытылмас әсер алдық! Бізге қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!!! Үлкен рахмет!»-деген көптеген оң пікірлермен, жазбаларға қарасақ, іс-шара шын мәнінде сәтті өткендей.
Бірақ ең бастысы: біздің облыстың түкпір-түкпірінен келген қыздар дос болып бірлесті, бұл жастар кәсіподақ активтерінің корпоративтік рухын нығайту үшін маңызды екені сөзсіз!
Олардың көпшілігі жақын арада «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы – 2021» облыстық байқауында тағы да кездесетіні анық!