Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кеңейтілген алқасының отырысы барысында 2023 жылғы кәсіподақ жұмысының қорытындысы шығарылды.
Күн тәртібінде Жергілікті кәсіподақтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; жұмыс берушілер жергілікті нормативтік актілерді қабылдаған кезде БКҰ сайланбалы органдарының дәлелді пікірін (келісуін) есепке алу бойынша кәсіподақ бақылауы; филиалдар қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау нәтижелері; «Мейірім» әлеуметтік және қайырымдылық көмек қорының жұмыс қорытындылары және т. б. мәселелер қамтылды.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қаулылар қабылданды.
Сондай – ақ, алқа отырысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша жария есеп бекітілді, онымен жақын арада сіздер, біздің кәсіподақтың құрметті мүшелері, «Бiлiмдi ел – Образованная страна» республикалық газетінің және «Учительская плюс» облыстық апталығының беттерінде таныса аласыздар.