Бүгін Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының кеңейтілген отырысы барысында 2024 жылғы кәсіподақ жұмысының қорытындысы шығарылды.
Күн тәртібінде Жергілікті кәсіподақтың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының іске асырылуы және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; келісу комиссияларының мүшелерін оқыту қорытындылары; жергілікті білім беру кәсіподағының «Мейірім» әлеуметтік және қайырымдылық көмек қорының жұмысы және т. б. мәселелер қамтылды.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қаулылар қабылданды.
Сондай – ақ, алқа отырысында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жария есеп бекітілді, онымен жақын арада сіздер, біздің кәсіподақтың құрметті мүшелері, «Бiлiмдi ел – Образованная страна» республикалық және «Учительская плюс» облыстық апталық газетінің беттерінде таныса аласыздар.
Біздің жергілікті кәсіподақ-ашық және айқын кәсіподақ!