Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

 2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар!

 Өткен оқу жылы біршама қиындықтарпен өтті. Тұрмыс салтының өзгеруі, «қашықтықтан оқу» жаңа еңбек жағдайлары, жанды байланыстың болмауыБіз, құрметті әріптестер, осы күрделі кезеңде  бірдей жауапкершілік пен жоғары кәсіби біліктілік көрсеткен  істеріңізді мойындап, құрмет тұтамыз.

 Қуантарлық жағдай, жаңа оқу жылы офлайн тәртібінде басталатындығы.

 Дегенмен, шектеулер  болса да, оқу орындары өз өміріне қайта  оралуда.

 Жергілікті білім беру кәсіподағы өз тарапынан жылдың айтулы күндеріне орайластырылған бірқатар түрлі жобаларды жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы және т.б.

 Бірақ, әрине, кәсіподақ жұмысының негізгі бағдары  қызметкерлердің түрлі санаттарына, оның ішінде санаторий-курорттық сауықтыру арқылы атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде санаторлық сауықтырумен кәсіподақтың 600-ге жуық қызметкері қамтылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артық.

 Әдеттегідей, біздің бірлестік сіздердің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауға негізделеді. Және де оларды кәсіподақтың заң көмегі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі барын естеріңізге саламын.

 Құрметті әріптестер!

 Күздің алғашқы күні маңызды, өнімді оқу жылы болсын, ол сіздерге тек жақсы эмоциялар мен жоғары кәсіби жетістіктер әкелсін!

 

 Балаларыңыздың жетістігі әрқайсыңыз үшін мақтаныштың қайнар көзі болсын.

 Сіздерге мықты денсаулық пен амандық, жаңа оқу жылында тұрақтылық пен мол жетістік тілеймін

 Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда! Іске сәттілік тілеймін!

 

 Құрметпен,

 «Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы

 

Василий Цымбалюк