103 көп балалы аналар әйелдер күніне орай кәсіподақ сыйлығымен марапатталды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында барлық жерлерде аналар,  еңбекқор әйелдер, қоғамшыл әйелдер құрметіне орай салтанатты іс-шаралар жүргізіледі.

Міне, облыстың білім беру қызметкерлерінің кәсіподағында да мерекелік іс-шаралар басталды.

Білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Қостанай қалалық филиалымен Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 18 әйел азаматтары қызғалдақ шоғымен, сыйлықтар және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды, 5 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар және 8 наурызда туған 7 әйел азаматтары құттықталды.

Мысалы, №14 мектептің тамаша аудармашысы – Арайлым Сабықанова кәмелетке толмаған бес баланы тәрбиелеп отыр.

Ал №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мұғалім-зерттеуші Гүлмира Рахымжанова, кәсіподақ пен «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, үш баланың анасы (бәріне үлгіре алатындығына таңдана және сүйсіне қарайсың ) 8 наурызда туған күнін атап өтеді!

Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында барлығы 103 көп балалы ана жұмыс істейді, олардың әрқайсысын мереке күндері қалалық кәсіподақпен аталып өтіледі.

Бұл акция Қостанайдың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қолдау тауып, жалғасын тапты.

Құттықтауларға қосыла отырып, біз көп балалы аналарға зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй, қуаныш, бақыт пен сүйіспеншілік тілейміз!!!