Еңбек жағдайларының өзгеруі, лауазымдарды қоса атқару, қоса атқарылатын жұмыс кезінде туындайтын еңбек даулары

Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.

(Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің ждергілікті кәсіпті одағы» ҚБ ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)   

 

6 тақырып. Еңбек жағдайларының өзгеруі, лауазымдарды қоса атқару,  қоса атқарылатын жұмыс кезінде туындайтын еңбек даулары

 

         Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (ҚР ЕК) 153-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдарының жергілікті кәсіптік одағы»  ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісім ҚР ЕК-мен салыстырғанда қызметкерлерге қатысты ұлғайтылған міндеттемелер мен кепілдіктерге қабылданған.

 

Нормативтік-құқықтық құжаттарға сілеме жасай отырып «сұрақ-жауап» қағидаты бойынша тақырыпты зерделеу

 

Сұрақтар ҚР Еңбек кодексімен сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдарының жергілікті кәсіптік одағы»  ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған  әлеуметтік әріптестік туралы келісім
Еңбек жағдайларының өзгеруі кезінде еңбек құқығымен қамтамасыз ету
Қандай жағдайда еңбек жағдайын өзгертуге болады? ҚР ЕК 46 б. негізінде мына жағдайларда еңбек жағдайын өзгертуге болады: қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайларының, жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты. 2,13 келісімге келісті Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын елеулі өзгертуге, ережеге сай, тек жаңа оқу жылына еңбек жағдайларының ұйымдық немесе технологиялық өзгеруімен  (сынып комплектілерінің, топтардың немесе оқитындар (тәрбиеленушілер)  санының өзгеруі, оқу жоспарлары бойынша оқу сағаттарының өзгеруі, тәжірибе жүргізуі, мекеме жұмысының ауысымдылығының өзгеруі, сондай-ақ білім бағдарламаларының өзгеруі және т.б.) байланысты.

Оқу жылы iшiнде еңбек шартының елеулi талаптарын өзгертуге тараптардың терiсiнен тыс мән-жайларға байланысты тек ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.

Оқу жылы ішінде еңбек шартын елеулі өзгертуге тек ерекше, яғни тараптардың қалауынан тыс жағдайларда ғана жол беріледі

Қызметкердің мамандығы жаңа лауазымдағы талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, оның еңбек жағдайларын өзгерте алады ма?

 

Қызметкерге мамандығына немесе кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жұмысы ұсынылған жағдайда оның еңбек жағдайын өзгертуге жол беріледі (46 б. 1т.) Қызметкер жұмысының еңбек функциясы  өзгерместен жалғасқан жағдайда (белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) жол беріледі (2.13т).

 

Еңбек дауын тудыру мүмкін жағдайына мысал: Жұмыс беруші қызметкерді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымынан бейіндік оқу жөніндегі орынбасар лауазымына ауыстырды. Қызметкер қарсы. Жұмыс беруші лауазым бойынша біліктілік талаптар бірдей екеніне сүйенеді: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, еңбек функциясы өзгермеген.

 

Еңбек жағдайы өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіле ме?

 

Еңбек жағдайы өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі (46 б. 1т.) ҚР Еңбек кодексінің сәйкес
Жұмыс беруші Жұмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайларының өзгергені туралы хабардар етуге міндетті ме?

 

Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. (46 9. 2 т.).

 

Білім беру ұйымдарының басшылары жұмысшыларды және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, сол өзгерістер енгізілгенге дейін бір ай бұрын, жазбаша  түде ескертуге міндетті.

 

Еңбек дауын тудыру мүмкін жағдайына мысал: Жұмыс беруші қызметкерге ертеңнен бастап бір жұмыс орнынан басқа  жұмыс орнына («үй-жайларын жинаушы» лауазымынан «асхана қызметкері» лауазымына) ауыстырылатынын ескертті. Сонымен қатар, ол қызметкердің жалақы мөлшері өзгермейтіндігін атап өтті. Қызметкер басқа лауазымға ауыстыру күніне қарсылық білдірді.
Қызметкер еңбек жағдайларының өзгеруімен келіспеген жағдайда?

 

Жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылады (46 б. 3 т.)           Егер қызметкер жаңа жағдайда ұсынылған жұмыспен келіспесе жұмыс беруші  мекемеде оның біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес өзге жұмысты жазбаша түрде ұсынуға, ал ондай жұмыс болмаған жағдайда, қызметкердің өз біліктілігі мен денсаулық жағдайына байланысты атқара алатын – бос тұрған төменгі лауазым немемсе төмен ақылы жұмысты ұсынуға міндетті. (14.2. т)

 

Қызметкердің еңбек жағдайларының өзгеруімен келіспеуіне байланысты еңбек шарты ҚР ЕК қандай бабы бойынша тоқтатылады? Еңбек шартын тоқтату ҚР ЕК 58 бабының 1 тармағының 2 тармақшасы негіз болып табылады- «Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан бас тартқан» ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Еңбек құқығын қамтамасыз ету: лауазымдарды қоса атқару, қоса атқару жұмысы
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес лауазымдарды қоса атқару және қоса атқарылатын жұмысы түсінігіне анықтама беру

 

 

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауылауазымдарды қоса атқару (111 б. 2т.);

Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (1 бап 1тармақ 56 тармақша);

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес

Лауазымдарды қоса атқару ға және қоса атқаратын жұмысқа еңбек шарттары жасала ма?

 

Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы (111-б, 1-т.) жүргізіледі. Барлық қосымша ақылар негізгі еңбек шартына енгiзiледi (28-бап). Яғни, қосымша ақы төлеу бойынша жеке еңбек шарты жасалмайды.

1 бамты негізге ала отырып, Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы, яғни   жеке еңбек шартын жасау керек.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес

 

 

 

 

 

 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес

Лауазымдарды қоса атқару ға және қоса атқаратын жұмысы бойынша жұмыс уақытын есепке алу қалай іске асырылады?

 

Жұмыс беруші жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті, соның ішінде бөлек есепке алынатындар: үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыты, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар (79 б. 2т.).

Яғни, лауазымдарды уақытша түрде қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар есепке алынбайды. Қоса атқарылатын жұмыс бұл басқа тұрақты жұмыс болып табылатындықтан, оның уақыты есепке алынуға жатады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Мұғалім зертханашы лауазымын қоса атқарады. Мұғалімде еңбек демалысы -56 күнтізбелік күн, зертханашыда-30. Ол  бірінші мұғалім лауазымы бойынша демалысын, кейін зертханашы лауазымы бойынша демалысын пайдалана ала ма. Яғни барлығы 86 күн? Зертханашы лауазымы қосымша ақы белгіленген лауазымды қоса атқарылатын жұмыс болғандықтан еңбек заңнамасымен қосымша ақы төлеуге еңбек демалысы көзделмеген.

 

Мұғалім бір мекеменің ішінде қоса атқарылатын жұмыс бойынша аудармашы болып істейді. Мұғалімде еңбек демалысы- 56 күнтізбелік күн, аудармашыда -30. Ол  бірінші мұғалім лауазымы бойынша демалысын, кейін аудармашы лауазымы бойынша демалысын пайдалана ала ма. Яғни барлығы 86 күн?

 

 

Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.

Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді (92 б. 5 т.)

 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Еңбек дауын тудыру мүмкін жағдайына мысал: Жұмыс беруші қызметкерден қоса атқарылатын жұмысы бойынша оның еңбек демалысы аяқталғаннан кейін (еңбек демалысының мөлшері негізгі лауазымға арналған демалыс күндерінің санынан аз) жұмысқа шығуын талап етеді.Қызметкер ҚР ЕК 92 бабын сәйкес өз құқығын сүйене отырып  қарсылық білдірді. 
Мұғалім зертханашы лауазымын қоса атқарады. Осы лауазым бойынша сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді?

 

Сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы мөлшерінде  төленеді (139 б. 10 т.), ал лауазымдық айлықақы мөлшеріне үстема ақы және қосымша ақы кірмейді. Яғни, зартханашы лауазымды қоса атқаруға қосымша ақы алғанына сауықтыру жәрдемақысы төленбейді. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Мұғалім бір мекеменің ішінде қоса атқарылатын жұмыс бойынша аудармашы болып істейді. Осы лауазым бойынша сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді?

 

Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің еңбек шарты жағдайында тұрақты, басқа жұмыс болғандықтан (1 б.) аудармашы лауазымы бойынша сауықтыруға арналған жәрдем ақы лауазымдық айлықақы  мөлшерінде төленеді. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес